Иманбаева Айгүл Серікқұлқызы

Иманбаева Айгүл Серікқұлқызы

Байланыс мәліметтері: aigul.imanbayeva@bk.ru

Академиялық қызметі: Аға оқытушы

Білімі: жоғары

Біліктілігі: музыкалық театр актері

Оқу орны:

  1. Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институты / Мемлекет: ҚР / жылы: 1994-1998 / қызмет бағыты: музыкалық театр актері
  2. Магистратура, 2004-2006 жж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ / журналистика факультеті/521050– журналистика магистрі

Кәсіби қызметі: жұмыс тәжірибесі 23 жылдан астам:

  • 1999-2004жж. Ж.Елебеков ат. Республикалық эстрада-цирк колледжі («сахна тілі» мен «актер шеберлігі» пәндерінен мұғалім;
  • 1999-2021жж Ғ.Мүсірепов ат. Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында актриса;
  • 2001-2004 жж. Құрманғазы ат. Қазақ Ұлттық консерваториясы «сахна тілі» мен «актер шеберлігі» пәндерінен мұғалім;
  • 2016 жылдан Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің Музыкалық театр әртісі мамандығы бойынша аға оқытушы;

Ғылыми еңбектері:

Магистрлік диссертацияның тақырыбы: «Бұқаралық ақпарат құралдарындағы театр өнерінің насихатталуы»

Шығармашылық ізденісі:

  • 2011 ж. 14 ақпанда «А.И. театрының» негізін қалады.
  • 2014 ж. 29 қарашада «Сен ғана» атты жеке есеп беру концерті өтті.
  • 2020 жылы «А.И. Өнер Академиясын» ашты;
  • 2022 ж. «А.И. кәсіби балалар театрын» ашты.

Марапаттары:

  • 2001 ж. Тұңғыш Республикалық әзіл сықақ конкурсының бас жүлдегері;
  • 2004 ж. «Азия дауысы» Халықаралық ән фестивалі аясында өткен «Қазақ әндері» байқауында бас жүлде иегері;
  • 2006 ж. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты;
  • 2013ж. Президент стипендиясының иегері;
  • 2015 ж. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері.

Жетістіктері:

Иманбаева Айгүл Серікұлқызы 2016 жылы Қаз ҰӨУ – де музыкалық театр әртісі мамандығы бойынша «А.И шеберханасын» ашып,студенттер қабылдады. Студенттері жыл сайын болатын пәндік олимпиадасына қатысады. X Республикалық студенттік  пәндік олимпиада әртүрлі номинацияда жүлделі орындарға ие болды.

4 курс студенттерімен бірге «Жарғанат» және «Чикаго» дипломдық 2 қойылым қойылды. 2020 жылы ең алғашқы түлектері кәсіби өнерге қанат қақты.

2020 жылы қабылдаған шәкірттері қазір екінші курс студенттері, қарқынды жұмыс жасауда, әр түрлі экспериментке баруда, үлкен дүниелер жасалуда.

Иманбаева Айгүл Серікқұлқызы – жаңашыл, ізденімпаз, Қазақстанның театр әлеміне өзіндік жаңалығымен келіп, балалар мен жастарды өнерге баулитын жекеменшік «А.И. театрын»,«А.И. академиясын»  және «А.И. кәсіби балалар театрын» ашқан.

Тілдерді меңгеруі: қазақ тілі (ана тілі), орыс тілі (еркін), ағылшын тілі (pre intermediate)