Е-mail: mustahim@mail.ru
Қызметі: Кафедра меңгерушісі, аға оқытушы
Академиялық дәрежесі: Өнертану ғылымдарының магистрі
Білімі / біліктілігі:
Қазақстан, ҚазҰМА – Концерттік орындаушы, 2006ж.
Қазақстан, ҚазҰӨУ – Өнертану ғылымдарының магистрі, 2012ж.
Қызмет бағыты: Ғылыми-педагогикалық, шығармашылық
Кәсіби қызметі: Жалпы еңбек өтілі – 27 жыл, Педагогикалық еңбек өтілі – 8 жыл, «Қобыз және ОХА» кафедрасының меңгерушісі
Ғылыми еңбектер, басылымдар: «Қобыз музыкасының бағыттары мен жаңа жанрлары» мақаласы, Егінбаева Т.Ж., Мұстахим Г.С. Еуразиялық ғылым және өнер «Хабаршысы» – ІІ, ҚазҰӨУ, 2019ж., басылым: 40 дана
Біліктілікті арттыру курстары:
2019ж. – ҚР ҰҚП «Атамекен», «Кәсіпкерлік негіздері», 80с.;
2021ж. – Қатысу сертификаты № 491. «Инновациялық білім беру технологиялары мен дидактикалық үлгілері» бойынша оқытушылардың біліктілігін арттыруға арналған 72 сағаттық оқыту курсы. Л.Н.Гумилев атындағы «Еуразия ұлттық университеті»
Жетістіктері: Мәдениет саласының үздігі, Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаты
Лауреаттар (оқушылары): Бердімұратова Айша, Омарова Мәдина
Меңгерген шет тілдері: Ағылшын тіл (Elementary)
Қосымша:
Көкшетау қаласындағы музыка мектебінің домбыра-тенор сыныбында оқып, Біржан сал атындағы Көкшетау музыка колледжіне түсіп, оны «домбыра-тенор» және «қыл-қобыз» мамандықтары бойынша бітіріп шықты. Қазақ Ұлттық музыка Академиясында «Концерттік орындаушы» мамандығы бойынша оқыды. Кейін Қазақ Ұлттық Өнер университетінің магистратурасын бітіріп шықты.
Мұстахим Гүлжан – Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаты, «Шабыт» шығармашыл жастар конкурсының Бас жүлде иегері, Тәттімбет атындағы Республикалық конкурсының арнайы дипломын алды, Құрманғазы атындағы Республикалық конкурсының лауреаты.
Шығармашылық жолы 1995 ж. Көкшетау облыстық филармониясының қазақ халық аспаптар оркестрінде басталды. 1997 жылдан бастап Ақмола облыстық филармониясының қазақ халық аспаптар оркестрінде жұмыс жасады. Сонымен қатар, «Сарыарқа» фольклорлық ансамблінің артисі болды. «Тілеп» квартетінің негізін қалаушылардың бірі болды.
Жақын және алыс шет елдерде өнер көрсеткен: Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Франция, Голландия, Бельгия, Норвегия, Алмания, Қытай, Түркия, Түрікменстан, Испания, Ресей, Израиль, Австралия. Сондай-ақ, Осло, Тель-Авив, Лондон қалаларында Қазақстан Республикасы Елшілігінің көмегімен ұйымдастырылған концерттеріне күйлер орындап қатысты.
«Астана Опера» театрының құрамында «Әлемдік турнеге» қатысып – АҚШ, Канада, Голландия, Бельгия елдерінде оркестрмен Т.Мұхаметжановтың «Туған жер» атты шығармасындағы қобыз партиясын орындап, концерттер берді.
Мәдениет және білім саласына үлесін қосқаны үшін грамоталармен, сертификаттармен марапатталды.