Сергей Васильев

Сергей Васильев

ҚазҰӨУ «Фортепиано мен орган» кафедрасының аға оқытушысы, халықаралық байқаулардың лауреаты.

Сергей Васильев Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының  А.Ж. Досаева және Ж.Я.  Аубакирова сыныптарынан білім алған.

Қазақ Ұлттық музыка академиясының профессоры А.К.Құсайынованың сыныбы бойынша ассистентура-тағылымдамасынан өтті. 

Нұр-Сұлтан  қаласының және шетелдің (Хорватия, Италия, Австрия, Франция, Ресей) концерттік алаңдарында ансамбльмен бірге және жеке орындаушы ретінде де  жүйелі түрде өз өнерін көрсетіп келеді.

Заманауи үлгіде  әйгілі музыка өкілдерімен бірге өнер көрсетті, олар:

 А.Қ. Мұсақожаева (Қазақстан Республикасы), С. Кравченко (Мәскеу қ., Ресей), В. Иванов (Мәскеу қ., Ресей), Роберт Канетти (Израиль).

Халықаралық байқаулардың 17-ден аса дипломанты атанды.

Ф.Шуберт Халықаралық конкурсының ІІ, ІІІ жүлделеріне ие болып, 2001 жылы Бас жүлдені жеңіп алды (Овада қ. Италия).

2021 жылы Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» марапатталды.

2006-2010 жылдары Қазақ Ұлттық музыка академиясының «Фортепиано» факультетінің деканы лауазымын атқарды.

14 халықаралық конкурстардың лауреаттарын дайындады.