Байланыс мәліметтері / Е-mail: ramazanova_k2207@mail.ru
Академиялық қызметі: профессор
Ғылыми дәрежесі : ЖАК профессоры
Білімі: А.В.Луначарский атындағы театр өнері институты (ГИТИС), Ресей, Мәскеу қаласы, «театр және кино әртісі» мамандығы бойынша «үздік диплом», 1977-1982ж.ж.
Қызмет бағыты: Театр, кино, телевидение, университет
Кәсіби қызметі:
1982-2014ж.ж. – М.Ауезов атындағы қазақ академиялық драма театрының әртісі;
2014-2015ж.- Қазақ Ұлттық өнер университетінің «Актер өнері және режиссура» кафедрасының оқытушысы;
2015-2018ж.ж.- ҚазҰӨУ «Актер өнері және режиссура» кафедрасының меңгерушісі, «драма және кино әртісі» мамандығы бойынша курс жетекшісі;
2018-2020 ж.ж.- ҚазҰӨУ тәрбие жөніндегі проректоры, «драма және кино әртісі» мамандығы бойынша курс жетекшісі;
2020 ж.- «драма және кино әртісі» мамандығы бойынша курс жетекшісі;
Басылымдар: «Еуразиялық ғылым және өнер хабаршысы » атты журнал, «В поисках смысла…» атты статья, 2020ж.
Біліктілікті арттыру курстары: Co-funded by the Erasmus+Programme of the European Union, Нұр-Сұлтан қ., (72 сағ.), сертификат № 578, 2020ж.; ГИТИС « Русский мир» фондының қолдауымен , Мәскеу қ., ( 16 сағ.), сертификат 67/20, 2020ж.
Жетістіктері: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ЖАК профессоры
Лауреаттар:
Жақып Мадияр, Құрақ Алмат – «Серебрянная шпага» атты халықаралық фестиваль президентінің «Арнайы жүлдесі », Мәскеу қ., 2018ж.;
Сабыр Батырхан, «Театр – Творчество-Талант» атты халықаралық фестивалінің Гран-ПРИ иегері, Қарағанды қ., 2018ж.;
Қалила Марғұлан, Жақып Мадияр, Құрақ Алмат- «Театр-Творчество-Талант» атты халықаралық фестивалінің дипломанттары, Қарағанды қ., 2018ж.;
Сабыр Батырхан, Муминова Аяулым, Жақып Мадияр, Қалила Марғұлан, Жұмабай Нұрғазы – VІ-ші « Самғау» атты халықаралық театр фестивалінің дипломанттары (студенттік спектакль «ЭВОЛЮЦиЯ»), Нұр-Сұлтан қ., 2018ж.; «драма театр және кино» мамандығының 2 курс студенттері – ҚР Білім және ғылым министірінің дипломы, Республикалық пән олимпиадасында 2 орын иелері, Алматы қ.,2017ж.; Жұмабай Нұрғазы – «Ең үздік еркек бейнесі» жүлдесінің иегері , « Ұшқын» атты студенттік кинофестиваль, Нұр-Сұлтан қ., 2018ж.;
Меңгерген шет тілдері: Орыс тілі
Қосымша: Қ.Тлеуова М.Ауезов атындағы театр сахнасында қырықтан аса рөль сомдаған, оның ішінде: Е.Шварц «Күлқыз-күңқыз»- Күлқыз-күңқыз, М.Ауэзов «Айман-Шолпан»- Айман, Ч.Айтматов «Ақ кеме»- Бала, У.Шекспир «Асауға тұсау» – Бьянка, Ф.Шиллер «Генуядағы қастандық»- Берта , Ж.Аймаутов «Ақбілек»- Ақбілек, М.Ауезов «Абай»- Магыш,Ажар, Қаныкей; М.Жұмабаев «Шолпанның күнәсі»- Шолпан , Г.Ибсен «Қуыршақ үй»- Нора, Г.Гауптман «Ымырттағы махаббат»- Беттина, Н.В.Гоголь «Үйлену»- Фекла, Д.Кобурн «Жын ойнақ»- Фонсия Дорси және басқалар. Қ. Тлеуованың сахнада сомдаған рольдері Т.Жүргенов атындағы КазҰӨА «театр сыншы» мамандық студенттерінің дипломдық жұмыстарының тақырыбы болып табылады.
Қ.Тлеуова әр жылдары « Наурыз», «Театр көктемі», «Откровение» атты театр фестивальдарының бас жүлдесінің иегері: «Ең үздік актриса» – Нұриля, А.Тарази, К.Ыскак «Алатау сынды алыбым»,1997ж.; «Ең үздік әйел бейнесі» – Шолпан, М.Жұмабаев «Шолпанның күнәсі»,1999ж.; «Ең үздік әйел бейнесі» – Нора, Г.Ибсен «Қуыршақ үй», 2001ж.; «Аса биік шығармашылық табыстар үшін» театрдың 80-жылдық мерей тойына орай диплом, 2006ж.; «Актер шеберлік» дипломы -Айгуль, Д.Исабеков «Актриса», 2007ж.; «Ең үздік екінші пландағы әйел бейнесі» – Қаныкей, М.Ауезов «Абай», 2011ж.; «Ең үздік актриса, ең үздік әйел бейнесі» – Фонсия Дорси, Д.Кобурн «Жын ойнақ », 2013ж.
2001-2003 жылдары Қ.Тлеуова Неміс Ұлттық драма театрының репертуарында «Байканур» атты трагикомедиясында Ана ролін атқарды. Бұл роль Қ.Тлеуоваға үлкен шығармашылық табыс әкелді. 2003 жылы « Новое поколение» атты газеті Қ.Тлеуованы «Жыл актрисасы»деп жариялады.
Көпшілік көрерменге К.Тлеуованың есімі кино және телесериалдардағы рольдерімен белгілі: реж.И.Квирикадзенің «Өлместің оралуы » к/ф – Зоя; реж.И.Пассер, С.Бодров, Т.Теменовтың «Көшпенділер» к/ф – Абылқаирдың бәйбішесі; реж.Д.Жолжаксыновтың «Біржансал» к/ф- Ақкөбек; реж.М.Коныр «Потерянный рай» к/ф -Жібек; «Болашак» т/с -Ажар Бектасовна; «Жаным-2» т/с – Фарида; «Прямой эфир» т/с- телеканал директоры.
К.Тлеуова «Хабар», «Евразия», «Aray Media Group» телеканалдарында 80-нен аса кино және телесериалдарындағы әйел бейнелерін қазақ тіліне дубляж жасады.
Қ.Р.Тлеуова ҚазҰӨУ Ғылыми кеңес, Қабылдау комиссия, МАК мүшесі ретінде тиісті жұмысын атқарып келеді.
К.Р.Тлеуованың ҚазҰӨУ-де оқытушы және қызметкер ретінде атқарып жатқан еңбегі еленіп, өзінің тиесілі бағасын алып келеді: ҚР Мәдениет және спорт министірлігінің «Құрмет грамотасы», 2018ж.; ҚР Білім және ғылым министірлігінің «Құрмет грамотасы», 2017ж.; ҚР Білім және ғылым министірлігінің «Алғысы», 2018ж., ҚазҰӨУ-ң ректоры А.Мусахаджаеваның «Алғыс хаты » (2016, 2017, 2018, 2020ж.ж.); Ресей, Мәскеу қ., ГИТИС ректоры Г.Заславскийдың «Алғыс хаты», 2017ж.; «ҚазҰӨУ-не 20 жыл» төсбелгісі, 2018ж.; Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.Кульгиновтың «Алғыс хаты», 2020ж.;