Тоқтаған Айтжан Есенұлы

Тоқтаған Айтжан Есенұлы

Байланыс ақпараты: aitzhan.toktagan@mail.ru    87015557046

 

Академиялық қызметі: 2001 ж. ЖАК Төралқасының шешімімен өнертану мамандығы бойынша Профессор ғылыми атағы берілді.                     

 

Ғылыми дәрежесі: Профессор (ЖАК)

 

Білімі/біліктілігі:Құрманғазы атындағы Мемлекеттік өнер институты (1967-1972ж. ж.)

 

Қызмет бағыты: Ғылыми-педагогикалық, шығармашылық.

 

Кәсіби қызметі: (жұмыс тәжірибесі, мекеме, лауазымы)  

  • П.И. Чайковский атындағы Алматы музыка училищесінде ұстаз (1972-1977ж.ж.)
  • Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясында ұстаздық қызмет (1977-2007ж.ж.)
  • Қазақ Ұлттық өнер университеті (2007 жылдан бастап)

Біліктілікті арттыру: ҚР бойынша біліктілікті арттыру курстарында шебер-сыныптар өткізеді.

Ғылыми еңбектері, басылымдары:

  • «Домбыраға арналған шығармалар» (1990 ж.)
  • «Домбыраға арналған хрестоматия» (1995 ж.)
  • «Күй тәңірдің күбірі» (1996 ж.)
  • «Күй керуені» (1997 ж., Гүлперизат Елеусізқызымен бірігіп)
  • «Күй қастерлі әуез» (1998 ж., Гүлперизат Елеусізқызымен бірігіп)
  • «Атыраудың 62 Ақжелеңі» (2000 ж.)
  • С.Балмағанбетов «Саз зергері Қазанғап» (құрастырушылар А.Тоқтаған, М.Әбуғазы)
  • С.Харесов «Мұрат Өскембаев күйлері» (1995 ж. Айтжан Тоқтағанның редакциялығымен)
  • «Құрманғазы» (2005 ж. 3 компакт дискімен, Мұрат Әбуғазымен бірігіп жазған)
  • «Тәттімбет және Арқа күйлері» (2005 ж. Мұрат Әбуғазымен бірігіп жазған)
  • «Қаратау шертпесі» (2006 ж. Г.Ұлтарахова, М.Әбуғазымен бірігіп)
  • «Алпыс екі Ақжелең» электронды кітап CD-мен (2010ж. Айтолқын Тоқтағанмен)
  • «Қазақтың дәстүрлі 1000-күйі» (2010 ж.) анталогиясының редакция алқасының және жұмыс тобының жетекшісі
  • Күйші Дина «Тарту-Сәлемдеме» CD-мен (2011 ж., Айтолқын Тоқтағанмен бірігіп)
  • Сейтек «Заман-ай» (2018 ж., Айтолқын Тоқтағанмен бірігіп)

 

Жетістіктері:

  • 1998 ж. «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері»
  • Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының және Қазақ Ұлттық өнер университетінің профессоры, ҚР білім және ғылым министрлігінің құрметті қызметкері.
  • ҚР президентінің «Алғыс хатын» екі рет алған.
  • 2011 ж. ҚР Президентінің «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл мерекелік медалімен» марапатталды.

 

  • Айтжан Есенұлы Тоқтағанның класынан түлеп ұшқан түлектер республикамыздың төрт тарабында, қазақ музыка мәдениетінің түрлі саласында жемісті еңбек етіп келе жатыр.

Жүлдегер шәкірттері: Нұржауов Ж., Оразаев Т., Әбуғазы М., Нүкеев М., Мықтыбаев Б., Нұрбаева Д., Әшіров Н., Жүдебаев А., Баймурзин Р., т.б.

 

Қосымша:(тағы алып-қосар еңбектеріңіз жайлы)

Қазақ радиосында А. Тоқтағанның орындауында көптеген күйлер жазылған және 1989 ж. түсірілген ол туралы телефильм бар (режиссері – Сон и Сон).