Жариялануға дайын жұмыстарды индекстеу бойынша қызмет (329-ші бөлме) кітапхана қызметкерлерімен орындалады. Авторлар жұмысты индекстеу үшін тақырыпты және аннотациясын libkaznui@mail.ru электрондық пошта арқылы ұсынады. Орындалу мерзімі екі күнге дейін. Тақырып қиындау болған жағдайда библиографтарға қосымша ақпарат немесе тақырыптың толық мәтіні қажет болуы мүмкін.
Электрондық пошта арқылы сұраныс болған жағдайда төмендегі үлгіде тапсырыс беріледі.