Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің
Ақпараттық-кітапхана қызметін пайдалану
ЕРЕЖЕСІ
- Жалпы ереже
Ақпараттық-кітапханалық қызметті (бұдан әрі – «Кітапхана») пайдалану ережелері (бұдан әрі – «Ережелер») Қазақ ұлттық өнер университетінің (бұдан әрі – «Университет») нормативтік құжаттарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің:
2000 жылғы 17 тамыздағы № 827 бұйрығымен бекітілген «Жоғары кәсіби білім беру ұйымының кітапханасы туралы үлгілік ережеге»;
2016 жылғы 19 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітапханалары қорының қалыптастырылуы, пайдаланылуы және сақталуы қағидаларына» сәйкес әзірленді.- Пайдаланудың ережелері оқырмандарға қызмет көрсетудің ұйымдастыру ретін, олардың кітап қорларына қол жеткізуін, оқырмандар мен Кітапхананың құқықтары мен міндеттерін анықтайды.
- Кітапхананың жұмыс жасау тәртібі Университет ректорының бекіткен кестесіне сәйкес анықталған.
- Ережеге енгізілген өзгертулер мен толықтырулар Университет ректорының бұйрығымен бекітіледі.
- Негізгі міндеттері
- Кітапхана әлемдік заманауи талаптарға сай келетін, еліміздің мәдениет, білім және зерттеу орталығы ретінде Университеттің үздіксіз білім беру жүйесінің қалыптасуына үлес қосу, оқытушылар, студенттердің және оқушылардың отандық және әлемдік ақпараттық ресурстарға қол жеткізуін қамтамасыз ету, сапалы кітапханалық қызмет көрсету жүйесін қалыптастыру, оқу процессіне көмек көрсету;
- Университеттің профилі бойынша қажетті оқулықтар мен оқу-әдістемелік, ғылыми басылымдарды жинақтау, сақтау, оқырмандарға рухани байлық болар әдебиеттерді насихаттау;
- Университет қарамағындағы кітапхана қоры, мүлкі сол арқылы мемлекеттік қорғауға алынған Қазақстан Республикасының меншігі болып табылады;
- Кітапхана УДК/ББК жүйесі бойынша диссертацияларға, авторефераттарға, оқулықтарға, оқу-әдістемелік құралдарға, мақалаларға, индекс беру қызметін жүргізеді;
- Кітапхана санитарлық күнді (айдың соңғы жұма күні) қоспағанда, университет регламентіне сәйкес оқырмандарға қызмет көрсетеді.
- Университет профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар, докторанттар, университет және колледж студенттері, мектеп мұғалімдері, оқушылары, қызметкерлер кітапхана оқырманы болып тіркеледі.
- Оқырмандардың құқықтары
- Әрбір пайдаланушы кітапхана ресурстарына қол жеткізуге тең құқылы;
- Кітапхана қорлары туралы толық ақпарат алуға және ақпарат көздерін іздеу мен таңдауда, кеңес алу құқығы бар;
- Анықтама-библиографиялық және ақпараттық қызмет түрлерін пайдалануға;
- Оқу және зерттеу мақсаттарында ҚР «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы № 6-I Заңының 20-бабының 2-тармағына сәйкес басылым құжаттарының фрагменттерінің көшірмелерін алуға;
- Кітапхана қорына түскен жаңа басылымдар көрмесімен танысуға;
- Егер басқа оқырмандар тарапынан сұраныс болмаса, басылымдардың пайдалану мерзімдерін ұзартуға;
- Оқу залының компьютерін пайдалану, компьютермен жұмыс істеу және қажетті ақпараттарды іздеу барысында кітапхана қызметкерлерінен кеңес алуға, компьютердегі бағдарламаларды пайдалануға құқылы.
- Оқырмандардың кітапхана және ақпараттық ресурстарды этикалық тұрғыда пайдалану бойынша міндеттері
Кітапхана және ақпараттық ресурстарды этикалық тұрғыда пайдалану зияткерлік меншікке құрмет көрсету және ақпараттың шынайылығын сақтау қағидаттарына негізделеді.
Кітапхана оқырмандары:
- Кітапхананың пайдалану ережесін сақтауға;
- Авторлық құқықтар мен контентті лицензиялау талаптарын (Creative Commons, ашық ресурстар) құрметтеуге;
- Дереккөзді немесе гиперсілтемені көрсетпестен материалдарды көшіруге, таратуға немесе жариялауға жол бермеуге;
- Электрондық ресурстарды (деректер базалары, каталогтар, электрондық кітаптар) қол жеткізу ережелеріне сәйкес пайдалануға;
- Кітапхана қызметкерлері мен басқа да келушілерге құрметпен қарауға; басқа оқырмандардың жұмыс немесе оқу процесіне кедергі келтіретін әрекеттерге жол бермеуге;
- Қауіпсіздік техникасын сақтауға;
- Кітапхана қорынан алынған баспа және электрондық басылымдарға, сондай-ақ өзге де материалдық құндылықтарға ұқыпты қарау; жиһаз бен техникалық жабдықты күтіп ұстау; аудиовизуалды материалдар мен электрондық ақпарат тасымалдағыштарын пайдалану кезінде техникалық талаптарды сақтауға;
- Баспа басылымдары мен электрондық материалдарды алған кезде қандай да бір ақаулар анықталса, бұл туралы кітапханашыға хабарлауға;
- Әдебиеттерді белгіленен мерзімде уақытылы қайтару; оқу жылы аяқталғаннан кейін қолда бар барлық әдебиеттерді 1 шілдеге дейін кітапханаға қайтаруға;
- Борышкерлер (мерзімінен кеш қайтарғандар) университет кітапханасын пайдалану құқынан айырылуы мүмкін;
- Оқырмандар жыл сайын абонемент бөлімінде қайта тіркеуден өтуі тиіс. Кітапханада қайта тіркеуден өтпеген оқырмандарға қызмет көрсетілмейді.
- Басылымдарды, басқа материалдарды жоғалтқан немесе бүлдіргені үшін жауапты оқырмандар, оларды дәл сондай басылыммен немесе кітапхананың құны бірдей деп табылған соңғы үш жылда шыққан және көлеміне сәйкес, нарықтық бағасын ескере отырып өтеуге;
- Кітапхана қорындағы кітаптар, басқа да баспа басылымдарын, материалдарды жоғалтқан немесе бүлдіріп алмастырылмайтын залал келтіргені үшін кәмелеттік жасқа толмаған оқырмандар үшін олардың ата-аналары немесе орнындағы тұлға жауап береді.
- Университеттен шығып кеткен жағдайда және жыл сайынғы еңбек демалысына шығар алдында кітапханаға басылымдарды қайтару, абонементтерден (абонемент, көркем әдебиет абонементі, ноталы басылымдар абонементі, колледж және мектеп кітапханасы) кету парағынан өтуге;
Кітапхана қызметкерлері қарызы жоқ оқырмандардың айналым парағына (обходной лист) – қағаз түрінде немесе «Platonus» жүйесі арқылы электронды түрде қол қояды. - Ережелерді бұзған және залал тигізген оқырмандар ҚР заңдылықтарына қарасты және Кітапхана пайдалану ережелеріне сәйкес жауапкершілікке тартылады.
- Оқырманға рұқсат етілмейді:
1) адамгершілік және этикалық нормаларға сай келмейтін ақпаратты таратуға;
2) оқырман билетін басқа оқырманға беруге және басқа оқырманның билетін пайдалануына;
3) кітапханаға сырт киіммен кіруге және этикалық мінез-құлық нормаларын бұза отырып мобильді байланыс құралдарын пайдалануға тыйым салынады.
4) өз бетінше компьютерлердің параметрлерін ауыстыруға, жаңа бағдарламалар енгізуге, қандай да бір компьютерлік техниканы қосу немесе ажыратуға, ҚР заңдылықтарына қайшы келетін коммерциялық мақсаттарда интернет торабынан аудио және бейнежазбаларды оқу орынының оқу бағдарламасына сәйкес келмейтін ақпараттарды алуға, ақпараттарды электронды байланыстар каналдары бойынша жіберуге.
- Кiтапхананың құқықығы
- Оқырмандарға берілген құжаттардың (кітаптарды, оқулықтарды, басқада электронды басылымдар, оқырмандар билетін т.б.) – кiтапханаға қайтарылуын тұрақты бақылауға;
- Қызмет көрсету мен құжаттарды беруді тек: оқырмандардың оқу жылының басында қайта тiркеуден өтіп, өзіне тіркелген барлық әдебиеттерді көрсеткеннен кейін жүзеге асыру; оқырманнан бұрын берілген, пайдалану мерзімі біткен құжаттарды алуға;
- Оқырманның кітапханаға келтірген залалы үшін өтемақының мөлшерін белгілеуге;
- Кітапхананы пайдалану Ережесін сақтамағаны үшін оқырманды белгілі бір мерзімге кітапхананы пайдалану құқығынан айыруға құқылы.
- Кітапхананың міндеттері
- Өз қызметін Ақпараттық-кітапханалық қызмет туралы Ережеге және осы Қолдану ережелеріне, сондай-ақ университеттің Корпоративтік этика кодексіне сәйкес жүзеге асыруға;
- Оқырмандарға олардың құқықтарын қамтамасыз ете отырып, кітапхана бөлімдерінде қызмет көрсетуге;
- Кітапхана оқырмандарына олардың сұраныстары мен қажеттіктерін ескере отырып сапалы және оперативті түрде қызмет көрсетуге;
- Оқырмандармен жұмыс барысында жоғары деңгейдегі этикалық нормаларды сақтауға;
- Оқырмандарға кітапхана қорына еркін қол жеткізуді қамтамасыз етуді және оларды тегін уақытша пайдалануға беруге;
- Пайдаланушыларды кітапхана көрсететін қызметтердің барлық түрлері туралы хабардар етуге;
- Ақпарат көздерін таңдау мен іздестіруде кеңесшілік жұмыс жүргізуге, көмек көрсетуге;
- Оқырмандарды кітапхана-библиографиялық және ақпараттық мәдениеттің негіздерімен таныстыру; ақпаратты іздеу, бағалау және талдау дағдыларын дамытуға жәрдемдесуге;
- Кітапхана және ақпараттық ресурстарды этикалық тұрғыда пайдалану жөніндегі білімді меңгеруге, оқу мәдениетін, ғылыми адалдықты және автор еңбеğiне құрметпен қарауға жәрдемдесуге;
- Кітапхана қорларын сақтау мен ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге, құжаттарды орналастыру мен сақтау, материалдық-техникалық құрал-жабдықтардың сақталуы үшін тиісті санитарлық-гигиеналық жағдайлар туғызуға;
- Университеттің, колледждің, мектептің ішкі еңбек тәртібі қағидаларына сәйкес кітапхананың жұмыс режимін қамтамасыз етуге.
- Оқырмандардың жазылу тәртібі
- Кітапханада оқырман тіркеу электронды және дәстүрлі (оқырман формуляры) түрде жүргізіледі.
Оқырмандардың тіркелуі үшін:
— Студенттер – студенттік билеті, 3х4 көлемді 3 дана фотосурет;
— Профессор-оқытушылық құрамы қосымша қызмет атқаратын оқытушылар және магистранттар, педагогтар, мектеп қызметкерлері жеке куәлігі мен кадрлар бөлімінен берілген анықтама және 3х4 көлемді 3 дана фотосурет;
— ата-аналар – жеке куәлік және 3х4 фотосурет;
- Оқырмандарға оқырман билетімен ғана қызмет көрсетіледі;
- Оқырмандар жыл сайын қыркүйек айында қайта тіркеуден өтеді.
Кітапханаға тіркелу кезінде оқырмандар Ақпараттық-кітапханалық қызметті пайдалану ережелерімен танысуы және онда көрсетілген міндеттемелерді орындауға келісімін оқырман формулярында қол қою арқылы растауы тиіс;
- Кітапханада оқырман тіркеу электронды және дәстүрлі (оқырман формуляры) түрде жүргізіледі.
- Абонементті пайдалану ережелері
- Басылымды үйге беру абонементте жүргізіледі;
- Оқырманға берілетін абонемент қорының құжаттары саны мен пайдалану мерзімі бойынша шектеледі және төмендегідей жіктеледі:
— оқу әдебиеттері бір семестрге беріледі;
— әдістемелік әдебиеттер бір ай мерзімге беріледі, ал жеткілікті данасы болған жағдайда – тиісті пәнді оқу мерзіміне дейін беріледі;
— ғылыми және көркем әдебиеттер – 5 данадан аспайтын мөлшерде 15 күн мерзімге беріледі;
— сабақтарды қамтамасыз етуге «класқа» берілетін басылымдар сол күні немесе келесі күннің 10.00 сағатына дейін қайтарылады. Тәртіпті сақтамаған жағдайда оқырман Кітапхана қызметін пайдалану құқығынан 2 апта мерзімге айрылады; - Басылымдарды пайдалану мерзімі басқа оқырмандар тарапынан сұраныс болмаған жағдайда ұзартылуы немесе басылым бір данада немесе сұранысқа ие болған жағдайда қысқартылуы мүмкін;
- Құжаттарды пайдалану мерзімі бітуіне қарай кітапханашы оқырманға құжаттарды 10 күн мерзімінде қайтару қажеттігі туралы ескертеді. Егер құжаттар осы мерзімде кітапханаға қайтарылмаса кітапханашы кафедраға, сынып жетекшісіне немесе оқушының ата-анасына (немесе олардың орнындағы адамдарға) оларды қайтару туралы жазбаша талап хат жібереді;
- Оқушыларға оқулықтар мен оқу құралдарын беру тәртібі:
— Мектеп оқушылары оқулықтармен қолданыстағы нұсқаулыққа сәйкес қамтамасыз етіледі;
— Оқу жылының басында сыныпқа оқулықтар беру 1-4 сыныптар мұғалімдері, 5-11 сыныптардың сынып жетекшілері немесе тиісті пән мұғалімдері арқылы беріледі;
— Мұғалімге сыныпқа оқулықтардың берілу фактісі кітапханада жүргізілетін берілген оқулықтардың есеп журналында тіркеледі;
— Орта және жоғары сынып оқушылары әрбір алынған оқулық үшін кітап формулярына қол қойып, кітапханашыға табыстайды. Берілген оқулықтардың жазбасы бар кітап формулярлары оқушылардың оқырман формулярында сақталады. Оқушылар (борышкерлер, тіркелмегендер) оқулықтарды айрықша жағдайда ғана кітапханашыдан алады;
— Оқу жылының соңында оқушылар барлық оқулықтарды мұғалімге қайтарады. Жазғы кезеңге қажетті оқу құралдарын беру кітап формулярында оқушылардың жеке қолымен тіркеледі;
— Мектептен кететін оқушылар оқулықтарды кітапханашыға жеке табыстайды. Оқушылар мектептен кетер алдында кітапханамен толық есептесуге міндетті;
— Сабақ үстінде жұмыс істеуге арналған Оқу-әдістемелік кешені (ОӘК) кабинеттерге бүкіл оқу жылы бойына кабинет меңгерушісінің (сыныптың) жеке жауапкершілігіне беріледі.
- Оқу залдарын пайдалану ережелері
- Бақылау және аз даналар, сирек және құнды басылымдар, энциклопедиялар, анықтамалар, сөздіктер, мерзімді басылымдар және электронды басылымдар пайдалануға тек оқу залында беріледі;
- Оқырман оқу залынан шығар алдында барлық басылымдарды өткізуі тиіс;
- Оқу залынан алынған баспа, электрондық басылымдар мен өзге де материалдық құндылықтарды сыртқа шығару қатаң тыйым салынады;
- Жеке электрондық құрылғыларды пайдалануға рұқсат етіледі;
- Оқу залында жеке және топпен жұмыс жасауға рұқсат беріледі.
Келісілген:
Оқу және оқу-әдістемелік
жұмыс жөніндегі проректор
Тәрбие жұмысы жөніндегі проректор
Ақпараттық-кітапхана
қызметі басшысы
Академиялық мәселелер жөніндегі
қызмет басшысы