Ұлы Далада
ғасырлар бойы тойланып келген жаңа жылды қарсы алу Наурыз мерекесін кеңес
өкіметі 1926 жылы діни мейрам деген сылтаумен халықтық дәрежеде тойлауға тиым
салған. Ал, 1988 жылы елімізге араға 62 жыл салып қайта оралды. Содан бері
көңілге қуаныш сыйлайтын, салт-дәстүрімізді насихаттайтын рухани мерекеге
айналды. Биылғы жылдан бастап Қазақстан бойынша наурыз мерекесі жаңа форматта
бүртұтас мерекеге айналып, елімізде жыл сайын 14-23 наурыз аралығында
Наурызнама онкүндігі өтеді.
Наурыз
мерекесі құтты болсын, еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, кітапханамыз жаңа
белестерге жетсін!