МЕРЕЙТОЙҒА ТАРТУ!

МЕРЕЙТОЙҒА ТАРТУ!

Жаңа кітап сізге, асығыңыз бізге!

Құрметті кітап сүйер оқырман, кітапханамызға қазақ ұлттық өнер университетінің 25 жылдық мерейтойына орай жарық көрген жаңа ғылыми еңбектер келіп түсті. Бұл еңбектер кітапханамыздың қорын толтырып қана қоймай, заманауи мәселерерді қарастырып, өнер жолындағы ісденістер жайлы тың деректерді ұсынып отыр. 
Олар:
Фортепиано мен педагогиканың тарихы, теориясы мен практикасы туралы жазылған «Фортепиано және орган» кафедрасының «Фортепианода орындау және педагогикасы: тарих, теория, тәжірибе» атты ғылыми жұмысы.

Педагогика ғылымдарының кандидаты, ПБХҒА (МАНПО) академигі, PhD докторы, профессор, ҚазҰӨУ «Музыкалық білім беру» кафедрасының меңгерушісі Хусаинова Гүлзада Әнуарқызы мен  кафедраның аға оқытушысы, музыкалық білім магистрі Щерботаева Наргиза Джумабековнаның «Применение современных инновационных технологий в музыкальном образовании» атты оқу құралы.

        ҚазҰӨУ-нің скрипка кафедрасының бай тарихы және өнер жолындағы жетістіктері қамтылған «Скрипка кафедрасының тарихы» кітабы Астана қаласында тұңғыш шаңырақ көтерген өнер ордасының скрипка кафедрасы оқытушы профессорларының концерттік-педагогикалық, ғылыми еңбектеріне арналған.
Авторлары: Өнертану ғылымдарының докторы, ҚазҰӨУ-нің профессоры Жұмабекова Дана Жүнісбекқызы, Қазақ ұлттық өнер университеті Скрипка кафедрасының меңгерушісі Мадина Капеу-Коханова.

Жаңа басылымдар өз оқырманын асыға күтуде. Келіңіз, оқыңыз!

Сіздің сүйікті кітапханаңыз!