ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – БІЗДІҢ КІТАПХАНАДА!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың
«Әділетті
Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан
халқына Жолдауын кітапхана ұжымы болып тыңдадық.
Мемлекет
басшысы жолдауда ел дамуының өзекті мәселелерді қозғап, күрделі міндеттерді орындау
жолдарын егжей-тегжейлі талдап айтып берді. Біз
үшін солардың
біріншісі, сапалы мектептер санының өсуі. Қазақ ұлттық өнер университеті – Қазақстан Республикасы
аумағындағы кәсіби мамандарды дайындауға бірыңғай үздіксіз кешенді білім беру
жүйесіне біріктірілген жоғары оқу орны. Бұл оқу орнында білім алушылар
қатарында мектеп, колледж оқушылары және студенттер бар. Сондықтан, білім алушылардың оқу-тәрбие жұмысы басты назарда болып келеді. Жолдауда Мемлекет басшысы: «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың
тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы
жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды», – деп маңызды мәселе ретінде түйіндеп берді. Әділетті Қазақстанды құру
ісінде мұғалімдердің рөлі айрықша екендігіне тоқталып, елімізде соңғы жылдары
ұстаз мамандығының абырой-беделін арттыру үшін көп жұмыс жасалғандығын, педагогикалық жоғары оқу орындарын аккредитациялаудың
жаңа стандарты қабылданатындығын айтып өтті. Сондай-ақ, ұстаздардың құзырет аясы айқындалады. Екіншіден «Қазақстан жасанды
интеллектіні кеңінен қолданатын және цифрлық технологияларды дамытып жатқан
елге айналуы тиіс және келесі жылы Астанада оқушылар, студенттер,
зерттеушілер, кәсіпкерлер үшін ашық болатын Ұлттық жасанды интеллект орталығын
іске қосу қажет»
деп ерекше атап өтті. Кітапханамызда жасанды интелектіні жас ұрпаққа жаһандық жаңашылдықты үйрету арқылы елімізді өркендетіп,
дамытуға үлес қосу үшін ынта-жігерімен кітапхана өз жұмысын ұйымдастырады.