Феномен Батырхана Шукенова

Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушылары кітапханамызға «Феномен Батырхана Шукенова: исполнительское искусство и творческое наследие» атты бірегей кітапты сыйға тартқанын қуана хабарлаймыз.

Соңғы отыз жыл ішінде халықтың сүйікті эстрада әншілері мен композиторларының қатарына кірген Батырхан Шүкенов музыкалық мәдениетте ерекше орын алады. Қысқа ғана ғұмырында әнші тек қазақстанның емес, сонымен бірге ресейлік музыка қазынасына өте бай музыкалық мұрасын қалдырды.

Монография авторлары: Сметова Алмагүл Амантайқызы – педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, Рысқұлов Қуаныш Тоқтарбайұлы –өнер магистрі, аға оқытушы, Жугунусов Рүстем Ерболатұлы – өнертану ғылымдарының магистрі. Олар алдарына қиын мақсат қоя отырып, музыканың субъективті және объективті құралдарымен әншінің адами құбылысын, оның эмоционалдық бейнесін зерттеді.

Зерттеу барысында Батырхан Шүкеновпен тікелей байланыста болған әріптестерінің, пікірлестерінің естеліктері қарастырылды. Вокалдық композицияларына, дискографияларына талдау жасалып, музыканттың дүниетанымдық және эстетикалық көзқарастары, олардың музыкадағы көрінісі зерттелді. Кітапта ұсынылған  өмірбаяны, шығармашылық жолы арқылы оны тек вокалист ретінде ғана емес, сонымен қатар композитор және инструменталист ретінде де тануға болады.

Монография музыканттарға, сондай-ақ Батырхан Шүкеновтің музыкасы мен шығармашылығына тәнті тыңдармандарына арналған.