«Кітапханада жаңа кітап – «Продюсер мамандығы». Авторлар: Әлия Увалжанова және Гүлнар Әбікеева. Сыйлықты ҚазҰӨУ-нің аға оқытушысы Тайшанов Талғат Тұрғанбайұлы авторлардың атынан тапсырды. Кітапхана жанашыры Талғат Тұрғанбайұлы Тайшанов кинооператор, режиссёр, РК «Мәдениет саласының үздігі», ҚР Ұлттық кинематографиялық өнер және ғылым академиясының мүшесі, ТМД елдерінің Еуразиялық телевизия және Радио академиясының академигі, ТМД мемлекеттерінің кинематографистер одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Ол кітапханамен үнемі байланыста, сирек кездесетін мамандықтарға арналған кітаптардың кітапханаға жол тартуына себепкер болып жүреді. Бұл Қазақстан Республикасында отандық кино мен телевидение материалары арқылы продюсерлеу бойынша тұнғыш еңбек. Бұл кітап продюсер болғысы келетіндерге әрі киноға қызығатын барша жаңдарға пайдалы бола алады.
Кітап фильмді немесе сериалды Қазақстанда қалай түсіру керектігі туралы ғана емес, сонымен қатар кеңсе жұмысын ұйымдастастыру, түсірілім технологиялары, түсірілім алаңындағы қызметкерлердің жұмыс міндеттері туралы баяндайды. Продюсер авторлық құқықты қорғаудың және жобаның қатысушыларымен және серіктестерімен келісімшарт жасасудың жеке тәжірибесімен бөліседі. Кітапта әртүрлі форматтағы және күнделікті фильмдердің сметалық үлгілері, сондай-ақ кино өндірісінің техникалық және ұйымдастырушылық құжаттамасының үлгілері келтірілген. Кітапты оқығаннан кейін сіз продюсер болуды таңдаған адамның мінез құлық қасиеттері мен кәсіби дағдылары қандай болу керек екенін түсіне бастайсыз.