ЖАҢА КІТАП БІЗДЕ, АСЫҒЫҢЫЗ СІЗ ДЕ!

Құрметті оқырмандар!

ҚазҰӨУ кітапханасының қорына кітапты сыйға тарту дәстүрі ЖОО құрылған күннен басталып бүгінгі күнге дейін жалғасын табуда. Біз ҚР халық әртісі, режиссер, драматург Ерсайын Төлеубайға кітапханамызға өз қолтаңбасын қойып үш томдық кітабын сыйға тартқаны үшін зор алғысымызды білдіреміз. Ол «Режиссер танымы Т.1», «Алаш тарихы: пьесалар Т.2», «Драма пьесалар Т.3» атты кітаптарын 2021 жылы Алматы қаласының «Қазақ университеті» баспасынан басып шығарған. Бұл басылымдар еліміздегі театр және кино саласына жаңадан қосылған құнды тарихи шығармалар.

Төлеубай Е. [Шығармалар] [Мәтін]. Т. 1 : Режиссер танымы : очерктер жинағы / Е. Төлеубай. – Алматы : Қазақ университетi, 2021. – 388 б.

Бұл кітапқа белгілі режиссер, драматург, тарихшы, Қазақстанның халық әртісі, Құрмет орденінің иегері Ерсайын Төлеубайдың өнер жолындағы өмір өткелдері мен аға ұрпақтан алған өмір сабақтары, замандастары туралы естеліктері, ой-тәжірибесі мен шығармашылық ізденістері, мерзімдік басылымдарда басылған мақалалары топтастырылған.

Төлеубай Ерсайын. Алаш тарихы [Мәтін]  : Пьесалар. 2 / Е. Төлеубай ; ред. Е.Ж.Зангиров, Г. Ыбырайқызы. – Алматы : Қазақ университетi, 2021. – 328 б.

Автордың өнер сахнасында көптеген пьесалары Алаш тақырыбында қойылған. Белгілі драматургтің бұл томында қазақ елінің сонау сақтар заманынан бүгінгі уақыт аралығындағы өткен тарихына негізделіп жазылған құнды пьесалары еніп отыр. Соның ішінде бізге белгісіздеу болып келген ұлт тұлғаларының өткен өмірі шығарма желісіне арқау болуымен ерекше бағаланады.

Төлеубай Ерсайын. Драма пьесалар. 3-том / Е. Төлеубай ; Әл-Фараби атын. Қазақ Ұлттық ун-тi.  Алматы : Қазақ университеті, 2021. – 388 б.

Танымал драматургтің еліміздің театр сахнасында қойылған 20-ға жуық тарихи драмалары мен комедиялары, пьесалары оның өнер саласындағы еңбегінің жемісі. Әр туындының өзіндік айтар ойы бар. Автор өз шығармаларына жаңа заман биігінен қарап, кейіпкерлер өміріндегі кезеңді оқиғаларға табан тірей отырып, олардың жан әлеміне ойтолғанысымен қарайды. Оқиғалары нанымды, тілі көркем.

Кітаптар көпшілік оқырманмен бірге өнер сүйер қауымға, әсіресе өнер жолына түсіп, өткен тарихқа құрметпен қарайтын кейінгі жастарға арналады.