ЕСТЕЛІК БЕТТЕРІНЕН…

ЕСТЕЛІК БЕТТЕРІНЕН…

2024 жылдың 15 ақпанында Қазақ Ұлттық Өнер университетінде (ҚазҰӨУ) композитор Александр Романовтың «Памяти страниц» атты фортепианолық жинағының тусаукесері өтті. Жинақты құрастырушылар: ҚазҰӨУ ұстаздары Марианна және Дмитрий Останьковичтер.

Тұсаукесерде ҚР еңбек сіңірген қайраткері С.Ж.Еркимбеков, өнертану докторы, профессор У.Р.Джумакова, өнертану кандидаты Т.В. Харламова, «Музыкатану және фортепиано» факультетінің деканы, доцент  Д.В.Останьковичтер құттықтау сөз  сөйлеп, өз жылы лебіздерін білдірді. 

ҚазҰӨУ 1 курс студенті  Жумангарина Тогжан кітаптың тұсаукесерінде Александр Романовтың «О вальсе вальс», «Два фантастических танца» және т.б. шығармаларын нақышына келтіріп, тамаша орындап берді. 
Александр Дмитриевич Романов – XX ғасырдың екінші жартысы мен XXI ғасырдың алғашқы жартысындағы республикамыздағы музыка өнеріндегі танымал бейнелердің бірі. 
Советтік және Қазақстан композиторы, СССР композиторлар Одағының, Қазақстан композиторлар Одағының мүшесі, СССР музыка қорының мүшесі, пианист, музыкалық педагог.
Оңтүстік Қазақстанның кәсіби композиторлар мектебінің негізін салушы.

Еңбек ардагері, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің «Мәдениет қайраткері», «Ерен еңбегі үшін» атты стипендияларының иегері.
А.Д.Романовтың есімі Шымкент музыкалық колледжінің құрмет кітабында жазылған, ОҚО өнер және мәдениет қайраткерлерінің энциклопедиясына енген.
2010 жылы Шымкент қаласындағы Ш.Қалдаяқов атындағы ОҚО мәдениет қайраткерлері аллеясында оның құрметіне жұлдыз берілген.
Композитордың шығармашылық мұрасы өте бай. Түрлі жанрдағы 500-ден астам шығарманың авторы, олардың ішінде ораторилер, кантаттар, симфония, концерт, фильмдерге, театрлық қойылымдарға арналған музыкалар, камералық, вокалдық және бағдарламалық музыкалар. 

Кітапханада А.Романовтың «Приношение к портрету Баха» жинағы бар, бүгінгі күні қорымыз талантты пианист, композитордың тағы бір жинағымен толыққанына біз қуаныштымыз.  Композитордың қызы Марианна Останьковичтың айтуынша «Памяти страницы» жинағына Александр Романовтың ерте кезеңдегі шығармашылығындағы пьесалары енген. Пьесалар интонациялық материалдар, жанрлық аксессуарлар және көркем образдар жағынан әр түрлі болып келеді. Басылым жоғары деңгейдегі кәсіби дайындықты орындаушыға арналған.

Жинаққа қызығушылық танытқан барлық оқырманды кітапханада күтеміз!