2023 жылдың 7 қарашасы күні Маңғыстау облысының Астана қаласындағы «Маңғыстаудан мың сәлем, Алаш төрі» атты мәдени күндері аясында, Қазақ ұлттық өнер университетінде «Мақамы Мәшһүр Маңғыстау» атты күй кеші өтті. Кеш барысында университетінің доценті Жұмабек Қадырқұловтың «Маңғыстаудың 100 күйі» хрестоматиясы, Сұлтанбек Құдайберген мен Ақылбек Тасқараұлының «Маңғыстаудың дәстүрлі жыршылық орындаушылық үлгісін оқыту әдістемесі» оқу-әдістемелік құралынының таныстырылымы өтіп, оқырманға жол тартты.
«Маңғыстаудың 100 күйі» хрестоматиясының авторы, Жұмабек Қадырқұловтың айтуынша, хрестоматияға Маңғыстаудың ұмытылып бара жатқан және жиі-жиі орындалмайтын күйлері жинақталған. Мысалы, Есіл, Есікбай, Құлшар, Қартбай, Өскінбай, Жолды сияқты классик композиторлардың, одан бөлек Бегім сал, Мамыт секілді тағы да басқа композиторлардың тың күйлері бар. Аталған күйлер көне көз қариялардан жазып алынған, консерваторияның фонетикасында, Қазақ радиосының алтын қорында сақталған күйлер топтастырылған. Осы күйлерді Сұлтанбек Құдайберген цифрлық форматқа ауыстырып, жүйелеген. Жұмабек Қадырқұлов күйлерді нотаға түсірген.
Хрестоматия мен оқу-әдістемесінде Маңғыстаудың жыршы, жырауларының орындаушылық үлгісі талданады. Маңғыстаулық өнерпаздар кітапқа енгізілген күйлерді орындап, бағзы Маңғыстауды мекен еткен жеті жұрттың жырын жырлады.