«Сценография және сәндік өнер» кафедрасы
«Сценография және сәндік өнер» кафедрасы Қазақ ұлттық өнер университетінің Көркем өнер факультетінің ашылу аясында 2010 жылы құрылды.
Кафедраның профессорлық-оқытушылар жалпы құрамының ішінде 5 ғылым кандидаты, 8 ғылым магистрі бар.
Кафедра келесі біліктілік: суретші - сценограф, театр, кино және ТД костюм және грим суретшісі, кино және теледидар суретшісі, жарық бойынша суретші, киім дизайнері, әр түрлі саладағы дизайнер, қөркем тоқыма, металлды көркем өңдеу суретшісі бағдарламалары бойынша бакалавриат және магистратура деңгейіндегі мамандарды дайындайды.
Ғылым кандидаттары, профессорлар Мұхтарова Ғ.С., Ижанов Б.И., доценттер Могильная А.В., Дадырова А.А., Әмірғазин Е.Қ., Балтаев С. оқытудың инновациялық, дәстүрлі емес әдістерін қолдана отырып, кафедрада жемісті педагогикалық қызмет атқарады.
Кафедра импакт-факторы бар журналдарда және ҚР ҒЖБМ бақылау комитеті ұсынған тізіміндегі журналдарында ғылыми мақалалар шығару бойынша жоғары көрсеткіштерге ие.
Студенттер мен магистранттар оқытушылардың ғылыми жетекшілігімен жыл сайын Халықаралық және Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциялар жинақтарында ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жариялайды.
Кафедрада Қазақстанның белгілі мәдениет қайраткерлері, ҚР театр қайраткерлері одағының мүшелері, «Мәдениет қайраткері» атағының иегерлері, суретші-сценограф Серікжан Балтаев, қоюшы – суретші, костюм бойынша суретші Алма Сырбаева, «Мәдениет саласінің үздігі» доценті Омарова Ж.Н., ҚР өнер академиясының тиісті-мүшелері, ҚР сүретші одағының мүшелері, ЮНЕСКО одағының мүшелері Төлеш Б.Ш. дәріс береді.
Кафедра оқытушыларының арасында шетелде білім алған және тағылымдамадан өткен оқытушылар бар. Көркем өнер факультетінің деканы Мұхтарова Ғайни «Болашақ» бағдарламасы бойынша (Жапония) Токио өнер университетінде тағыламдамадан өткен.
Оқытушы Бауыржан Сағиев «Chanel», «Kосhe» (Париж қ.) «Alexander McQueen» әйгілі сән үйлерінде тәжірибеден өткен Лондон қаласындағы Central Saint Martins College of Art and Design атты Ұлыбритания оқу орнының бакалавриат түлегі.
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы көп жылдық педагогикалық тәжірибесі және үлкен тәжірибесі бар Наханова Б.Ү., Самарканова Ф.С., Серікбаева П.Ш., Исатаева С.Т., Иманберген М.Р., Ильясов Р.Ғ. сынды оқытушылардан құрылған.
Кафедра оқытушылары Қазақстан Республикасы суретшілер одағы, театр қайраткерлері одағы, кинематографисттер одағы, Еуразиялық дизайнерлер одағының және Халықаралық шығармашылық бірлестіктер мен ассоциациялардың мүшелері.
«Дарын» сыйлығының Лауреаты Кемельбаева А.К., Есқожина Л.Б. және Кудабаева Д.Ж., Юлдашева Н.А., Кушенова Р.Д. жас маман оқытушылар Қазақстанда және шет мемлекеттерінде біліктілікті арттыру курстарынан үнемі өтеді.
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы педагогикалық, оқу -әдістемелік, шығармашылық, ғылыми жұмыстарымен белсенді айналысады халықаралық симпозиум, конференциялар, форумдар, көркем сурет көрмелер және т.ғ.б. қатысады.
Кафедра көркем сурет көрмелер, шығармашылық байқаулар, киім топтамаларының сән көрсетілімдері, сахналық сценографиялық қойылымдарды үнемі өткізіп тұрады.
Кафедрада дәстүрлі түрде жыл сайын оқытушы тәлімгер Сырбаева А.А. жетікшілігімен «Art Splash» сахналық костюмдер фестивалі және студенттердің шығармашылық жұмыстарының есеп беру көрмесі өтеді.
Жыл сайын аға оқытушылар Самарканова Ф.С. және Серікбаева П.Ш. ұйымдастыруымен мемлекеттік бағдарламаларының мақсаттарына сәйкес сән-қолданбалы өнер бойынша «Қазақстан – алма және қызғалдақтар», «Көненің көзі», «Өнерлегі өріс кең» сияқты тақырыптық көрмелер өтеді.
«Көркем тоқыма» мамандану студенттері аға оқытушы Самарканова Ф.С. жетікшілігімен көптеген Халықаралық және Республикалық байқаулар және фестивальдардың Гран-ПРИ лауреаттары (Ресей, Чехия, Италия және т.б.) атанды.
Аға оқытушы Серікбаева П.Ш. үнемі сән - қолданбалы өнер бойынша шеберлік класстарын, онлайн дәрістер, БАҚ сұхбат береді.
Аға оқытушы Төлеш Б.Ш. жыл сайын Қазақстанда және шетелде өнер туындыларының жеке сурет көрмелерін өткізеді.
Кафедраның ғылыми бағыты доцент Балтаев С. жетекшілік ететін «Сценография мен дизайн саласындағы сандық және мультимедиялық технологиялар зертханасы» және эксперименталды жастар сценография театры жұмысымен байланысты.
Сонымен бірге сценография, сән-қолданбалы, бейнелеу өнері, этнография және т.б. саласына бойынша ғылыми теориялық зерттеулерді кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамындандағы Могильная А.В., Омарова Ж.Н., Дадырова А.А., Әмірғазин Е.К., Сырбаева А.А., Наханова Б.У. жүргізеді.
Кафедрада студеннтет ғылыми бірлестігі және магистрант, «Ел үміті» сыйлығының иегері Рахметуллаева Илан басшылық ететін «Арт волонтерлік» еріктілер клубы жұмыс істейді.
Доцент Дадырова А. А. жетекшілігімен студенттер және магистранттар Қазан Федералдық университетінің ұйымдастыруымен өнер және көркемдік білім саласындағы VII халықаралық студенттік ғылыми жұмыстар байқауы, Қазан қ., Татарстан, сонымен қатар V мәдени және әлеуметтік-мәдени жобалар фестивалі-конкурсы (халықаралық қатысумен) Әлеуметтік-мәдени коммуникациялар факультеті Беларусь мемлекеттік университетінің (мәдениеттану кафедрасы), Минск қ., Беларусь, жыл сайынғы студенттік ғылыми жұмыстардың республикалық конкурсы ҚР БжҒМ ФжСИ Қазақстан философиялық конгрессі ұйымдастырған «Болашақ адамы(философиялық жоба)» ҚР шығармашыл жастар байқауының жеңімпаздарын, сонымен қатар ҚазҰӨУ және «Атамекен» ҰКП ұйымдастырған «Кәсіпкерлік әліппесі» бизнес топтық стартаптар байқауының жүлдегерлерін дайындалды.
Екі жақты меморандумдар негізінде кафедрада көптеген шетелдік университеттермен және мәдени ұйымдармен халықаралық ынтымақтастық орнатылған.
Академиялық алмасу бағдарламасы аясында студенттер және магистранттар жыл сайын Италияның жетекші Жоғары оқу орындарында білім алады, мысалы, Брера бейнелеу өнері академиясы (Милан қ.), Академия дель Арте (Флоренция), Әзірбайжан мемлекеттік мәдениет және өнер университеті (Баку қ.). және т.ғ.б.
Кафедра магистранттары (Ресей, Өзбекстан, Әзірбайжан, Грузия, Латвия, Польша, Италия) алыс және жақын шет елдерінде халықаралық тағылымдамадан өтеді.
Студенттердің өңдірістік тәжірибесі «Астана Опера» опера және балет театры, Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театры, Горький атындағы Мемлекеттік Академиялық орыс драма театры сияқты елордалық театрлар базасында жүзеге асырылады.
Кафедра түлектерінің және студенттерінің қатарында «Дарын» жастар сыйлығының Лауреаттары (Тайшикова Д., Кемельбаева А.), Тұңғыш Президент Елбасы қорының лауреаттары (Покидько С., Кұлахметова А.) Президенттік стипендия иегерлері (Жусіп А.), «Шабыт» Халықаралық шығармашылық жастар байқауының Гран-ПРИ лауреаттары (Әлібай А.), ҚР ЖОО студенттері арасындағы үздік ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша Республикалық байқауының I, II және III орын жүлдегерлері, және бейнелеу өнері, дизайн және сән саласындағы түрлі Халықаралық және Республикалық шығармашылық фестивальдер мен байқаулар женімпаздары бар.
Кафедра меңгерушісі – Могильная Анастасия Валерьевна – доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан дизайнерлер одағының мүшесі, Еүразиялық одағының мүшесі.