УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Жас ғалымдар кеңесі

Жас ғалымдар кеңесі (ЖҒК) ҚазҰӨУ Ғылыми кеңесінің шешімімен құрылған қоғамдық ұйым болып саналады.

Кеңестің қызметі жас ғалымдарды ғылыми-ізденіс, инновациялық жұмыстарға қатыстыру арқылы олардың шығармашылық, ғылыми белсенділігін арттыруға және қолдауға бағытталған.  

Жас ғалымдар кеңесінің жұмысы бекітілген жоспар бойынша жүргізіледі.

ЖҒК қызметінің мақсаты – жас ғалымдардың кәсіби деңгейін арттыру, инновациялық қызметін дамыту, олардың ынтасын өзекті ғылыми мәселелерді  шешуге жұмылдыру.                 

Осы мақсатқа жету үшін ЖҒК келесі жұмыс түрлерін атқарады:

 факультеттердегі жас ғалымдардың ғылыми-ізденіс жұмыстарын үйлестіреді, конференциялар өткізуді және жас ғалымдардың ғылыми тағылымдамадан өтуін жоспарлайды, оларға қажетті көмек көрсетеді;

 жас ғалымдар қатысатын ғылыми конференциялар, семинарлар, дөңелек стөлдер, көрмелер, форумдар мен басқа іс-шаралар ұйымдастырып өткізеді;

 пәнаралық кешенді ғылыми зерттеулер мен шығармашылық жобаларды ұйымдастыру мақсатында жас ғалымдардың өзара қарым-қатынастарын дамытуға атсалысады;

 жас ғалымдарды Қазақстан мен шетелдерде өткізілетін ғылыми зерттеулер мен басқа іс-шаралар туралы хабардар етеді;

 университеттің студенттер ғылыми қоғамымен бірлесіп іс-шаралар өткізеді, «Шабыт» мерзімді журналын шығаруға қатысады;

 жас ғалымдардың инновациялық қызметін ынталандырады және қолдайды, олардың гранттық ғылыми бағдарламаларға қатысуын ұйымдастырады және жүзеге асырады;

 жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыс нәтижелерін жарыққа шығаруға қолдау көрсетеді.  

 


 




ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2024 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.