УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Докторантура

ТАЛАПКЕР 2026

Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің докторантура деңгейіне қош келдіңіздер!

Құрметті талапкерлер!

Докторантура – бұл академиялық және шығармашылық дамудың ең биік сатысы. Ол өнерді терең тануға ғана емес, сонымен қатар ғылыми білім меңгеруге, мәдениет саласындағы теория мен тәжірибені дамытуға ұмтылатын зерттеушілерге арналған деңгей.

Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде сіздерді қолайлы зерттеу ортасы, академиялық еркіндік, пәнаралық ықпалдастық және жетекші, беделді профессорлар мен ғылыми кеңесшілердің қолдауы күтеді. Дәл осы жерде авторлық тұжырымдамалар мен диссертациялық зерттеулер туындайды, ұлттық және әлемдік өнердің дамуына ықпал ете алатын жобалар іске асады.

Докторантура деңгейі – бұл ғылымдағы дара ұстанымыңызды қалыптастыру, өнертану, мәдениеттану, педагогикалық шеберлік пен эстетика мен шығармашылыққа қатысты өзге де салаларға елеулі үлес қосу мүмкіндігі.

Біз өзінің даму жолында биік шыңдарға жеткен ғылым көшбасшыларына, оқытушыларға, мәдениет саласының сарапшыларына айналған докторанттарымызбен мақтанамыз және сіздерді осы жолды бізбен бірге жалғастыруға шақырамыз. Бұл – дәстүрді құрметтейтін, жаңашылдықты қолдайтын әрі болашаққа бағдар беретін жоғары оқу орнымыз.

Терең зерттеулер, интеллектуалдық ізденістер мен биік өнер кеңістігіне қош келдіңіздер!

Құжаттарды қабылдау: 
03 шілде –  03 тамыз аралығы. 

Шығармашылық емтихандар: 
04 тамыз – 20 тамыз

Докторантураға қабылдау 28 тамызда аяқталады.


Мекен-жайы:
Астана қ. Тәуелсіздік даңғылы, 50
+7 (7172) 47-20-40 (ішкі код 723 немесе 724)    
+7 (707) 560-16-58
дүйсенбі-жұма 9.00 - 18.00 (13.00 - 14.00 үзіліс)

kaznuikz | kaznuikz | Kaznui.priem@gmail.com

Білім беру бағдарламалары бойынша шығармашылық емтихан талаптары

2026–2027 оқу жылына арналған эссе тақырыптарының үлгілері.pdf

«Арт-менеджмент» білім беру бағдарламасы бойынша докторантураға (PhD) түсушілерге арналған емтихан билеттерінің сұрақтары.pdf

«Кинотану» білім беру бағдарламасы бойынша докторантураға (PhD) түсушілерге арналған емтихан билеттерінің сұрақтары.pdf

«Кинотеледраматургия» білім беру бағдарламасы бойынша докторантураға (PhD) түсушілерге арналған емтихан билеттерінің сұрақтары.pdf

«Музыкалық орындаушылық және педагогика» білім беру бағдарламасы бойынша докторантураға (PhD) түсушілерге арналған емтихан билетт.pdf

«Театртану» білім беру бағдарламасы бойынша докторантураға (PhD) түсушілерге арналған емтихан билеттерінің сұрақтары.pdf

«Өнертану» білім беру бағдарламасы бойынша докторантураға (PhD) түсушілерге арналған емтихан билеттерінің сұрақтары.pdf

Музыкатану, Аспаптық орындаушылық, Вокалдық өнер, Дәстүрлі музыкалық өнер білім беру бағдарламалары бойынша докторантураға түсуш.pdf

ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ:

Докторантураға конкурс негізінде кемінде 9 ай еңбек өтілі және «магистр» дәрежесі бар тұлғалар қабылданады.


1. Университет ректорының атына жазылған қабылдау туралы өтініш;

2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3. Жоғарғы білім туралы дипломы мен қосымшасының түпнұсқасы;

4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген №075/у және №065/у нысанындағы электрондық үкімет порталынан алынған Психикалық денсаулық орталығының «Психиатрия»  және «Наркология» бойынша мәліметтері; Кеуде қуысының флюорографиялық суреті (түпнұсқа және көшірме);

5. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек кітапшасының жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған көшірмесі, еңбек шарты және жұмыс берушінің оның тоқтатылған күні мен негізі туралы белгісі, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді көшірмелер және т.б.)

6. 3х4 көлеміндегі 6 фотосурет;

7. Ғылыми-зерттеу жұмысы (3 дана);

8. Ғылыми-зерттеу жұмысына рецензия (2 дана, ішкі және сыртқы);

9. Соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми жарияланымдардың тізімі (бар болған жағдайда);

10. ҚАЗТЕСТ сертификаты;

11. Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаты

12. Қағаз байланыстырғыш (скоросшиватель), 10 файл, орташа көлемдегі конверт.


Құжаттардың түпнұсқасы ұсынылмаған немесе жалған құжаттар анықталған жағдайда, жарамсыз болып табылады.

Информация подготавливается

ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ:

1. Университет ректорының атына жазылған өтініш;

2. Паспорт (қазақ немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасы);

3. Білімі туралы құжаттың түпнұсқасы (шетелдік талапкерлер үшін білімі туралы құжаттың қазақ немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасы талап етіледі);

4. Шетелдік білім беру ұйымы берген білімі туралы құжатты тану (нострификациялау) туралы куәлік;

5. Тұруға ықтиярхаттың, визаның, көші-қон қызметіндегі тіркеудің болуы;

6. Медициналық анықтама және флюорографиялық тексеруден өткені туралы қорытынды;

7. 3×4 өлшеміндегі 6 фотосурет;

8. Ғылыми жұмыс (реферат) – 3 дана;

9. Ғылыми жұмысқа рецензия – 1 дана;

10. Ғылыми жарияланымдардың тізімі (болған жағдайда);

11. Емтиханға ұсынылатын шығармалардың тізімі (орындаушылар үшін);

12. Қағаз байланыстырғыш 1 дана, 10 файл, А5 форматындағы конверт 1 дана (суреттер үшін);

13. Дипломдар, сертификаттар (соңғы 3 жыл ішінде алынған).

ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2026 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.