УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Магистратура

ТАЛАПКЕР 2025


Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің магистратура деңгейіне қош келдіңіздер!

Құрметті талапкерлер!

Сіздерді кәсіби және шығармашылық дамудың жаңа кезеңіне аяқ басуларыңызбен құттықтай отырып, қуанышпен қарсы аламыз. Магистратура – бұл өнерді терең игеру, ғылыми зерттеулер жүргізу және шеберлікті шыңдау кеңістігі. Мұнда тәжірибе мен жаңа идеялар ұштасып, дәстүр мен заманауи тәсілдер үйлесім табады.

Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің магистратура деңгейі – бұл танымал өнер шеберлерімен жұмыс істеуге, халықаралық жобаларға, фестивальдер мен ғылыми конференцияларға қатысуға, сондай-ақ өнер саласында жеке зерттеу бағытыңызды немесе авторлық стиліңізді қалыптастыруға зор мүмкіндік.

Біз дарындылардың ашылуына, жаңа мағыналардың туындауына және болашақ мәдениет көшбасшыларының зияткерлік негізінің қалануына ықпал ететін орта қалыптастырамыз. Біздің түлектеріміз Қазақстан мен әлемнің мәдени кеңістігін байытып жүрген оқытушылар, зерттеушілер, орындаушылар және продюсерлер ретінде табысты еңбек етуде.

Білім жолын біздің университетте жалғастыруды таңдаған сіздер терең кәсіби түсінікке қол жеткізіп, тұрақты шығармашылық болашаққа қадам жасайсыздар.
Сіздермен бірге өнерді дамытуға, жаңа идеяларды қалыптастыруға және ертеңгі күннің мәдени мұрасын жасауға асықпыз.

Биік мәдениет пен шығармашылық дамудың кеңістігіне қош келдіңіздер!

Добро пожаловать в магистратуру Казахского национального университета искусств имени Күләш Байсейітовой!

36

Құжаттарды қабылдау:
Жазғы қабылдау – 1 маусым - 8 шілде аралығы.
Күзгі қабылдау – 28 қазан - 10 қараша аралығы.

Шығармашылық емтихандар:
Жазғы кезең – 16 шілде - 25 шілде аралығы.
Күзгі кезең – 21 қараша - 28 қараша аралығы.

Магистратураға қабылдау:
Жазғы қабылдау – 28 тамызға дейін.
Күзгі қабылдау – 10 қаңтарға дейін.


Магистратураға қабылдау туралы ереже

Апелляциялық комиссия туралы ереже

Іріктеу комиссиясы туралы ереже

Оқу ақысы бойынша ақпарат



ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ:
1. Өтініш;
2. Жеке куəліктің көшірмесі;
3. Жоғары білім туралы құжат (түпнұсқа) қосымшасымен;
4. КТ сертификаты жəне тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (ҰТО өтініш бергені жайлы анықтама);
5. № 075-У үлгісіндегі медициналық анықтама (флюорография суреті), 065-нысан (профилактикалық екпелер картасы), нарколог жəне психиатр анықтамалары (Егов арқылы) немесе соңғы екпе туралы мəліметі (16 жас, 26 жас, 36 жас, 46 жас, ...);
6. Еңбек кітапшасының нотариалды расталған көшірмесі (бар болған жағдайда);
7. 3х4 көлеміндегі 6 фотосурет;
8. Ғылыми жұмыс (реферат) (3 дана);
9. Ғылыми жұмысқа рецензия (1 дана);
10. Емтиханға орындайтын шығармалар тізімі (орындаушылар үшін);
11. Қағаз байланыстырғыш (скоросшиватель), 10 файл, орташа көлемдегі конверт.
12. Дипломдар, сертификаттар (соңғы 3 жыл ішінде).


Мекен-жайы:
Астана қ. Тәуелсіздік д-лы 50
дүйсенбі-жұма 9.00 - 18.00 (13.00 - 14.00 үзіліс) 8 707 560 16 58

kaznuikz | kaznuikz | Kaznui.priem@gmail.com

Білім беру бағдарламалары бойынша шығармашылық емтихан талаптары 5

  • M032 - Аудиовизуалды құрылғылар және медиа өндіріс (31)

ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.