Студенттер ғылыми қоғамы (СҒҚ) – университетте ғылыми-зерттеу, инновациялық, ғылыми-ағарту жұмысымен жеке немесе ғалымдардың, педагогтардың, мамандардың жетекшілігімен айналысатын тәлімгерлердің бастамасымен құрылған ерікті, өзін өзі басқаратын коммерциялық емес бірлестік.
СҒҚ өзінің қызметін қоғам мүшелері арқылы атқарады.
Студенттердің ғылыми қоғамын құру мақсаты: ғылыми-зерттеу және шығармашылық жұмысқа ынтасы бар студенттерді анықтау және оларға қолдау көрсету.
Ғылыми-ізденіс жұмысымен айналысқысы келген немесе университеттің оқытушысы ұсынған студенттер СҒҚ мүшесі бола алады.
СҒҚ жұмысына қаладағы немесе аймақтағы білім мекемелерінің немесе басқа ұйымдардың өкілдері қатыса алады.
СҒҚ қызметінің негізгі міндеттері мен бағыттары.
Негізгі міндеттері:
- қазіргі өзгермелі әлеуметтік-мәдени жағдайда іскерлі тұлғаның мүмкіндігін дамыту;
- студенттердің ғылыми көзқарастарын қалыптастыру;
- отандық мәдениет пен өнерді зерттеуге деген қызығушылығын дамыту;
- студенттердің ғылыми-теориялық білімін көтеруге жағдай жасау;
- студенттерді олимпиадаларға, жыл сайын өтетін Республикалық ғылыми-зерттеу жұмысының конкурсына (СҒЗЖ), университетте, аймақта немесе облыста өтетін Халықаралық, Республикалық, ЖОО-ың ғылыми-тәжірибелік конференцияларына, ғылыми-практикалық семинарларына қатысу.
Қызметтің бағыттары:
- студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру;
- университет деңгейінде өтетін іс-шаралардың аясында семинарлар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар ұйымдастыру;
- университеттік, қалалық және республикалық деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік және мәдени іс-шараларға студенттердің қатысуын ұйымдастыру;
- академиялық ғылымның, қоғамдық бірлестіктердің, білім және мәдени мекемелердің өкілдерімен байланыс жасау;
- болашақтағы кәсіби қызметке қатысты ғылыми және шығармашылық жобалар дайындау және іске асыру.
Студенттер ғылыми қоғамының құрылымы
СҒҚ жұмысын басқару ғылыми қоғам кеңесіне жүктеледі. Кеңеске оның төрағасы, ҚазҰӨУ мамандықтары бойынша әр курстың өкілдері, ғылыми кеңес беруші ретінде әр ЖОО-ың өкілдері кіреді.
СҒҚ жалпы жұмысын университеттің ғылыми жөніндегі проректоры бақылайды.
Қоғамның кеңесі ғылыми секциялардың, факультативтердің, клубтардың жұмысын жоспарлайды, үйлестіреді және бақылайды. Қабылдаған шешім кеңес мүшелерінің барлығына міндетті болып саналады. Кеңес өзінің міндетін атқару үшін оқу жылында кемінде төрт рет жиналады.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы бірнеше бағытта жүреді:
- музыкалық өнер;
- театр өнері;
- бейнелеу өнері мен дизайн;
- кино өнері;
- поэзия;
- өнертану;
- ӘГП және арт-менеджмент.
Әр пәндік секцияның жұмысын университеттің ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры ұсынған оқытушы басқарады.
Қызметтің түрлері мен мазмұны
СҒҚ жұмысы келесі түрлерде іске асады:
Жеке тапсырма түріндегі жұмыс: баяндама, ғылыми мақала, конкурсқа, презентацияға қатысуға арналған ғылыми еңбек даярлау және т.б.;
Жұмыстың топтық түрі: ғылыми жобаны бірлесе даярлау, шығармашылық және курстық жобаны көпшіліктің алдында қорғау т.с.с.
Жұмыстың көпшілік түріне ғылым мен өнер қайраткерлерімен кездесу өткізу, модератор ретінде ғылыми конференциялардың, семинарлардың жұмысын бірлесе ұйымдастыру және атқару сияқтылар жатады.
ЖОО басшылығы өз тарапынан СҒҚ-на ұйымдастырушылық және қаржылық қолдау көрсетеді.
Есеп беру
Ғылыми секциялардың, факультативтердің, клубтардың жұмыс нәтижесі әр оқу жылының соңында қорытынды конференцияда анықталады. Сол конференцияда секциялар бойынша үздіктер анықталып марапатталады.
Ғылыми-зерттеу мен шығармашылық жұмыстардың нәтижелері ҚазҰӨУ кітапханасының қорына, кафедралар мен факультеттердің әдістемелік кабинеттеріне тапсырылады.
Жыл сайын студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция мен «Магистрлік оқулар» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіледі. Конференциялар материалдарының жинағы жарыққа шығарылады.
СҒҚ белсенді қатысушы студенттер «Жыл студенті» байқауына қатысуға жолдама алады.
ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы
Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.