УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Кәсіподақ ұйымы

Кәсіподақ ұйымы



«Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестік

ҚазҰӨУ кәсіподағына қосылыңыз!

Құрметті Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушысы немесе қызметкері, «Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестік мүшелерінің қатарына қосылуға шақырамыз.
Кәсіподақ қызметінің негізгі түрлері:
- Ұжымдық шартты әзірлеу, қабылдау және орындалуын бақылау, кәсіподақ мүшелері арасындағы өзара байланысты анықтау, еңбекті қорғау және жұмыс қауіпсіздігін тексеру;
- Кәсіподақ мүшелерін әлеуметтік және экономикалық қорғау жөніндегі шараларды әзірлеуге қатысу, құқықтық және консультациялық көмек көрсету, тұтастай алғанда қызметкерлердің еңбек жағдайларын анықтау мәселелері бойынша жұмыс актілерін қабылдау процесіне қатысу;
- Іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу үшін қаржылық көмек көрсету: Білім күні, Мұғалімдер күні, Жаңа жыл (қызметкерлердің балаларына ертеңгілік және корпоратив), 8 наурыз және Наурыз, Отан қорғаушылар күні, Мәдениет және өнер қызметкерлері күні, Балаларды қорғау күні, көшпелі тимбилдингтер, спорттық турнирлер, тренингтер мен акциялар.



Кәсіподақ мүшесіне қолдау көрсету:
Қайырымдылық көмек жеке өтініш негізінде көрсетіледі;
- Мерейтойлық - (50,60,70 жас), мерейтойлық бенефис.
- Қазақстанның санаторийлерінде сауықтыру (сіздің таңдауыңыз бойынша) жылына бір рет, кәсіодақ мүшелігіндегі өтіліне байланысты (15-тен 50 мың теңгеге дейін), қызметкердің, кәсіподақ мүшесінің жеке деректерін көрсете отырып, санаторийден барлық қажетті қаржылық құжаттар болған кезде өтеледі.
- Растайтын анықтамалар мен қорытындылар, құжаттар мен өтініштердің көшірмелері болған жағдайда материалдық көмек.
- Отбасы мүшелері (жұбайлары, балалары, ата-аналары) қайтыс болған жағдайда қайырымдылық көмек ;
- Жас, көпбалалы отбасыларға және ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған «Біз мектепке барамыз» қайырымдылық акциясы;
- Спорттық-сауықтыру және мәдени-бұқаралық іс-шаралар;
- Кәсіподақ мүшелеріне жаңа жылдық сыйлықтар және жаңа жылдық ертеңгіліктерге балаларға арналған билеттер, Мұғалімдер күніне, 8 наурызға және Отан қорғаушылар күніне арналған сыйлықтар;
- Астана қ. ардагерлер ұйымымен (жұмыс істемейтін зейнеткерлер) бірлесіп Қарттар күнін мерекелеу;

Байланыс:
"Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің жергілікті кәсіптік одағы" ҚБ төрағасы
Мекен-жайы: 010000 Астана қ., Абай даңғылы, 47, 20 қабат, №2008
Телефон: +7 702 111 78 31
E-mail: kaznui_profsoyuz@mail.ru

ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.