УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Ғылым бөлімі

Ғылым бөлімі Қазақ ұлттық өнер университетінің құрылымдық бөлімшесі ретінде 2015 жылы құрылды.

Ғылым бөлімі ғылыми жұмыстар жөніндегі проректордың басқаруымен университеттің ғылыми қызметін қадағалайды және ҚазҰӨУ - ің Ғылыми кеңес, Диссертациялық кеңес және Академиялық этика жөніндегі кеңес жұмысын реттейді.

Кафедра құрамында: бөлім басшысы, аға ғылыми қызметкерлер, лаборант жұмыс атқарады. ҚазҰӨУ-де ғылыми-зерттеу жұмысы кафедраларда  жүргізіледі.

Университетте ғылыми-зерттеу қызметі келесі құрылымдар жұмысы арқылы реттеліп және жүзеге асырылады:

— Ғылыми кеңестің жұмысы;

— Диссертациялық кеңестің жұмысы;

— Академиялық этика жөніндегі кеңестің жұмысы;

— ҚазҰӨУ студенттік ғылыми қауымдастығының жұмысы;

— ҚазҰӨУ жас ғалымдар кеңесінің жұмысы;

— Ғылым бөлімнің жұмысы;

— Жекелеген номинациялар бойынша жыл сайынғы Республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсын (ҒЗЖ байқауы) ұйымдастыру және өткізу;

— Ғылыми форумдар, дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізу;

— Көшпелі ғылыми экспедицияларды өткізу;

— Кафедралардың ғылыми тақырыптары бойынша зерттеулер жүргізу;

— Кандидаттық және докторлық диссертацияларды дайындау және қорғау;

— Гранттық бағдарламалар шеңберінде ғылыми жобаларға қатысу және жүзеге асыру;

— Профессор-оқытушылар құрамының ғылыми симпозиумдарға, форумдарға, дөңгелек үстелдерге, конференцияларға, семинарларға қатысуы;

— Ғылыми монографияларды дайындау және басып шығару;

— Профессорлық - оқытушылық құрамның, докторанттардың, магистранттардың ғылыми жарияланымдар бойынша белсенділігін арттыру;

— Жыл тақырыбына арналған ҚазҰӨУ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізу;

— «Боранбаев оқулары» жыл сайынғы Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізу;

— «Магистрлік оқулар» жыл сайынғы Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізу;

— Жыл сайынғы Республикалық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциянын өткізу;

— «Eurasian Science and Art. ҚазҰӨУ хабаршысы («Eurasian Science & ARTS») журналын дайындау және жарыққа шығару;

ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2024 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.