Құжаттарды қабылдау:
Жазғы қабылдау – 1 маусым - 8 шілде аралығы.
Күзгі қабылдау – 28 қазан - 10 қараша аралығы.
Шығармашылық емтихандар:
Жазғы кезең – 16 шілде - 25 шілде аралығы.
Күзгі кезең – 21 қараша - 28 қараша аралығы.
Магистратураға қабылдау:
Жазғы қабылдау – 28 тамызға дейін.
Күзгі қабылдау – 10 қаңтарға дейін.
Мекен-жайы:
Астана қ. Тәуелсіздік д-лы 50
дүйсенбі-жұма 9.00 - 18.00 (13.00 - 14.00 үзіліс) 8 707 560 16 58
Магистратураға түсушілер магистратураға түсу үшін КТ қатысуға өтініш бергенге дейін ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясында кеңес алуы қажет.
ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясы:
1) талапкерлер таңдаған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары тобының мәселелері бойынша кеңес беруді;
2) кешенді тестілеу және (немесе) түсу (шығармашылық) емтиханының рәсімімен таныстыруды;
3) түсу емтиханын және білім беру бағдарламаларының тобы бойынша шығармашылық емтихандарды өткізуді ұйымдастыруды жүзеге асырады.
ЖЖОКБҰ-ның магистратурасына түсушілердің өтініштерін қабылдау ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиялары және Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесі арқылы келесі мерзімдерде:
1) күнтізбелік жылғы жазғы қабылдау - 1 маусым мен 8 шілде аралығында;
2) күнтізбелік жылғы күзгі қабылдау - 28 қазан мен 10 қараша аралығында жүргізіледі.
Кешенді тестілеу келесі мерзімдерде:
1) күнтізбелік жылғы жазғы қабылдау - 20 шілде мен 10 тамыз аралығында;
2) күнтізбелік жылдың күзгі қабылдау - 18 қараша мен 11 желтоқсан аралығында жүргізіледі.
Күнтізбелік жылғы 20 шілдеден 10 тамызға дейінгі кезеңде өткізілген КТ сертификаты күнтізбелік жылғы 1 желтоқсанға дейін жарамды.
Күнтізбелік жылғы 18 қарашадан 11 желтоқсанға дейінгі кезеңде өткізілген КТ сертификаты күнтізбелік жылғы 1 наурызға дейін жарамды.
Магистратураға түсушілерге арналған шығармашылық емтихандары ЖЖОКБҰ-да келесі мерзімдерде:
1) күнтізбелік жылғы жазғы қабылдау - 16 - 25 шілде;
2) күнтізбелік жылғы күзгі қабылдау - 21 мен 28 қараша аралығында жүргізіледі.
Магистратураға қабылдау келесі мерзімдерде жүзеге асырылады:
1) күнтізбелік жылғы жазғы қабылдау - 15 тамыздан 28 тамызға дейін;
2) күнтізбелік жылғы күзгі қабылдау - 26 желтоқсаннан 10 қаңтарға дейін.
КТ-ға қатысу құны 14693 теңгені құрайды.
КТ-ға қатысу үшін Талапкер Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесі арқылы онлайн түрде өтініш тапсырады:
- білім беру грантын тағайындау бойынша конкурсқа өтініш бергенге дейін Жоғары білімнің бірыңғай платформасында (ЖББП) «білім алушы» мәртебесінің болмауы;
- app.testcenter.kz сайтына кіру және интерфейс тілін таңдау;
- өтініштер беру жүйесіне электронды пошта арқылы тіркелу (Ұлттық тестілеу орталығынан келген хатта міндетті түрде электрондық поштаны растау міндетті);
- өтініштерді беру жүйесінде алынған логин мен пароль арқылы авторизациядан өту (логин мен пароль көрсетілген хатты өшіруге болмайды);
- ЖСН көрсетіп, «Іздеу» батырмасын басып (А.Т.Ә. автоматты түрде шығады) және байланыс телефон нөмірін көрсету;
- «Өтініш беру» парақшасына өтіп, «Жоғары оқу орнынан кейінгі білімді» таңдау;
- қажетті тестілеу түрін таңдау;
- тіркеу үшін деректерін мұқият толтыру, білім беру бағдарламасының кодын, толық дұрыс атауын білу қажет;
- КТ өткізу қағидаларымен танысып, келісетінін растау;
- төлем жасау әдісін таңдап, тестілеуге төлем жасау қажет.
Барлық кезеңдерді сәтті аяқтағаннан кейін «Өтініш сәтті қабылданды!» деген мәлімдеме шығады.
Түсуші өз еркімен тестілеу тапсыру қаласын таңдайды.
Берілген өтінішке өзгеріс енгізу қажет болған жағдайда (тестілеу тапсыру қаласын, білім беру бағдарламаларының тобын, тестілеу тапсыру тілін өзгерту) өтініш қабылдау базасы жабылғанға дейін (8 шілдеге дейін, 10 қарашаға дейін) түсушіге өзгеріс енгізуге мүмкіндік беріледі.
Ол үшін:
1) «Менің іс-әрекетім» бөліміне өту;
2) өтініншті ашып, «Өтінішті өндеу» батырмасын басу;
3) өзгерістер енгізу;
4) түзетуден кейін «Сақтау» батырмасын басу қажет.
Өтініштерді қабылдау базасы жабылғаннан кейін таңдалған білім беру бағдарламаларының тобы өзгертілмейді.
КТ өткізу пункті, күні мен уақыты туралы ақпарат түсушінің жеке кабинетінде «Менің іс-әрекетім» бөлімінде қолжетімді болады.
Түсуші тестілеуге қатысудан бас тартқан жағдайда деректер базасы жабылғанға дейін өзінің жеке кабинетіндегі өтінішін жою қажет.
Бұл ретте, тестілеу үшін төленген ақша қаражаты тестілеу кезеңі аяқталғаннан кейінгі 1 жылға дейінгі мерзімде, келесі құжаттарды ұсынғаннан кейін қайтарылады:
1) тестілеу үшін төлемді қайтару туралы түсушіден өтінішті;
2) тестілеуге қатысуға арналған төлем туралы түбіртекті;
3) жеке куәліктің көшірмесін;
4) төлем картасының көшірмесін;
5) банктің реквизиттерін көрсете отырып, 20 таңбалы есепшотын ұсынған кезде қайтарылады.
Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаған жағдайда өтініш қарастырылмайды. Тестілеу үшін төлем деректер базасы жабылғаннан кейін қайтарылмайды.
Тестілеуге дәлелді себептер бойынша (денсаулық жағдайы бойынша және тізбесі «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі 1-бабының 13) тармақшасында айқындалған жақын туысының қайтыс болуы) келмеген жағдайда, түсуші ақша қаражатын қайтару үшін "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе 025/у немесе 026/у нысан бойынша медициналық анықтаманы не болмаса жақын туысының қайтыс болғанын растайтын және туыстық байланысты растайтын құжаттарды ұсыну қажет.
ӨЗГЕ АНЫҚТАМАЛАРДЫ ҰСЫНҒАН ЖАҒДАЙДА ТЕСТІЛЕУГЕ ТӨЛЕНГЕН ТӨЛЕМАҚЫ ҚАЙТАРЫЛМАЙДЫ!
Қосымша ақпарат: https://testcenter.kz/postupayushchim-v-magistraturu-i-doktoranturu/priem-na-obuchenie/dokumenty-pvo-kt/
ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ:
1. Өтініш;
2. Жеке куəліктің көшірмесі;
3. Жоғары білім туралы құжат (түпнұсқа) қосымшасымен;
4. КТ сертификаты жəне тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (ҰТО өтініш бергені жайлы анықтама);
5. № 075-У үлгісіндегі медициналық анықтама (флюорография суреті), 065-нысан (профилактикалық екпелер картасы), нарколог жəне психиатр анықтамалары (Егов арқылы) немесе соңғы екпе туралы мəліметі (16 жас, 26 жас, 36 жас, 46 жас, ...);
6. Еңбек кітапшасының нотариалды расталған көшірмесі (бар болған жағдайда);
7. 3х4 көлеміндегі 6 фотосурет;
8. Ғылыми жұмыс (реферат) (3 дана);
9. Ғылыми жұмысқа рецензия (1 дана);
10. Емтиханға орындайтын шығармалар тізімі (орындаушылар үшін);
11. Қағаз байланыстырғыш (скоросшиватель), 10 файл, орташа көлемдегі конверт.
12. Дипломдар, сертификаттар (соңғы 3 жыл ішінде).
Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.
Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.