УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Студенттік өзін-өзі басқару

Студенттік өзін-өзі басқару

Студентік парламент

2022 жылдың басынан бастап Студенттік парламенттің жаңа құрамы бекітілді, оның негізгі құрамына "Арт менеджмент" мамандығының студенттері кірді. 2023 жылдың сәуір айында белсенділер СП сайлауын өткіздіп, 1 курс студенті Түсіпбекова Орынбасар көп дауыс жинады. Жыл бойы СП активімен: ҚазҰӨУ 2022 аруы, КВН, "Shabyt Juldyzy" шығармашылық жастары, дипломдарды салтанатты түрде тапсыру, Студенттерге арнау, Денсаулық күні, Ашық микрофон, іс-шаралар өткізілді, сондай-ақ Парламент Instagram парақшасын жүргізуде.

Студенттік кеңес.

2022 жылдың басынан бастап студенттер үйінің студенттер кеңесі белсенді жұмыс істей бастады. Студенттік кеңес мүшелерінің негізгі міндеті: жатақхананы аралау, асхана мен арнайы аудиториялардың жай-күйі бойынша рейд жүргізу, тұрғындардың кешкі бос уақытын ұйымдастыру және өткізу, бұзушылық фактілері бойынша жиналыстар өткізу және т.б. Аймакова Аида Айдархановнаның басшылығымен, СС белсенділерінің үлкен жетістігі жатақхананың бірінші қабатында студенттік бөлменің демалыс бөлмесін құру болғанын атап өткім келді. Бұл кешкі демалысты ұйымдастыруға арналған жағдайлар кешені: кинозал, ойын залы, оқу аймағы, Интернетке қол жетімді компьютерлік аймақ, шағын концерттерге арналған алаң. Демалыс күндері кешкі демалыстан басқа ірі іс-шаралар өткізілді: Наурыз, спорттық турнир, түлектермен қоштасу, Студенттерге арнау, жаңа жылдық концерт және т.б.

ZhasA клубы

ZhasA клубы – жастар мен студенттердің бірлестігінен тұратынғ, адами құндылықтарға, мәдениеттің өсуіне, дамуына және ұйымдастырушылық қабілеттілік негізінде құрылған еріктілер клубы.
Клуб мүшелерінің ұмтылыстары, қабілеттері мен қажеттіліктері өз қызметін жүзеге асыруға сәйкес болса және де ҚР заңдарына қайшы келмейтін болса өз мақсаттарын жүзеге асыратын болады.
Клубтың мақсаттары мен міндеттері:

  • Клуб мүшелерінің шығармашылық белсенділігін ынтандыру;
  • Олардың ортақ мүдделер негізінде қызметін ұйфмдастыру ынталарын біріктіру;
  • Басқарушылық дағдыларын жақсарту және қосымша оқыту;
  • Ұйымдастырылған іс-шараларды демонстрация арқылы жарнамалау;
  • Клубтар, қоғамдар мен басқа да ұйымдардың арасындағы қарым-қатынасты жүзеге асыру;
  • Қайырымдылық концерттер және кездесулер ұйымдастыру

Еріктілер клубы көптеген іс-шараларды, соның ішінде балалар үйлері мен қарттар үйлерінде қайырымдылық концерттерін өткізді.

ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2024 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.