УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Клубтар

Студенческие клубы

КВН

2013 жылдан бастап актерлік бөлім студенттерінен КВН «Шабыт» құрамасы құрылды. Ең алдымен команда көптеген ішкі (университеттік) және сыртқы конкурс-фестивальдерге қатысты. Команда бірнеше рет аймақтық және халықаралық лигаларға қатысып, біздің оқу орнымызды абыроймен көрсетті.

Команданың шығармашылықпен қарқынды түрде айналысуы 2013 жылдан басталды. Қазақ ұлттық өнер университеті "Шабыт" командасының студенттері Сочи қаласының сахналарында халықты өздерінің таланттарымен таныстырып, 2013/2014 "КиВиН" ауқымды халықаралық Сочи фестивалінде "Қатысушы дипломының" иегерлері атанды; 2018 жылы Мәскеу қаласындағы "Планета КВН" халықаралық лигасына қатысты.

Қазақ ұлттық өнер университетінің, КВН "Шабыт" құрама командасы көптеген беделді конкурстар мен фестивальдердің жүлдегері атанды, олар:

  • «Жайдарман -2023» елорда лигасының жыл сайынғы чемпионатында
  • Степногорск әкімінің кубогі, 2019 ж.
  • Астана қалалық лига - Чемпион, 2019 ж.
  • ҚР Премьер-Лига - Вице-чемпион, 2020 ж.
  • Орда Ұлттық кубок - Чемпион, 2021ж.

Спорт клубы.

Спорттық іс-шаралар университет қабырғасында өте белсенді жүргізіледі. Жыл сайын Студенттер кеңесі мен Парламенттің ұйымдастыруымен университет ішіндегі түрлі спорттық іс-шаралар, сондай-ақ басқа оқу орындары арасындағы сыртқы жарыстарға дайындықтар өткізіледі.  

"Әйгерім" Студенттер үйінде түрлі спорттық құрал-жабдықтармен және техникамен жабдықталған (жүгіру жолы, күшті жаттықтыру тренажерлер, үстел теннисіне арналған үстелдер және т. б.) спорт залы бар, онда жарысқа негізгі дайындықтар жүргізіліп жатады.

2021 жылдан бастап біздің және көршілес университеттер арасында спорттық іс-шаралар өткізу дәстүрге айналды. Олардың ішіндегі ең ауқымдысы - ҚазҰӨУ, ЕҰУ, ТАУ, КУТБ арасында өткізілетін волейбол мен университет ішіндегі, факультеттер арасындағы футболдан жарыстар. Біздің университеттің, дене шынықтыру оқытушысы Ермек Нұрбекұлының жетекшілігімен белсенділер тобы ұсынады. Осылайша, жыл сайын: үстел теннисі, қазақ ұлттық ойындар, волейбол, футбол т.б. бойынша жарыстар өткізіледі. Көбінесе біздің студенттер бүкіл спорттық іс-шараларда  жүлдегер атанады. 

Соңғы спорттық жетістіктерден:
14.10.2022 ж. Республика күні қарсаңында ҚазҰУ, ЕҰУ, ТАУ, КУТБ университеттері арасында волейболдан жарыс өтті, онда біздің құрама команда 1-ші орын иегері атанды.
07.05.2023 ж. ҚР Отан қорғаушылар күніне орай факультеттер арасында футболдан (ішкі) жарыс өтті, онда үрлемелі аспаптар бөлімінің студенттері жеңімпаз және 1-ші орын иегерлері атанды, актерлік бөлімнің балалары 2-ші орынды иеленді және "Домбыра" кафедрасының студенттері 3-ші орынды иеленді.

ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2024 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.