ТАЛАПКЕР 2025
Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің докторантура деңгейіне қош келдіңіздер!
Құрметті талапкерлер!
Докторантура – бұл академиялық және шығармашылық дамудың ең биік сатысы. Ол өнерді терең тануға ғана емес, сонымен қатар ғылыми білім меңгеруге, мәдениет саласындағы теория мен тәжірибені дамытуға ұмтылатын зерттеушілерге арналған деңгей.
Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде сіздерді қолайлы зерттеу ортасы, академиялық еркіндік, пәнаралық ықпалдастық және жетекші, беделді профессорлар мен ғылыми кеңесшілердің қолдауы күтеді. Дәл осы жерде авторлық тұжырымдамалар мен диссертациялық зерттеулер туындайды, ұлттық және әлемдік өнердің дамуына ықпал ете алатын жобалар іске асады.
Докторантура деңгейі – бұл ғылымдағы дара ұстанымыңызды қалыптастыру, өнертану, мәдениеттану, педагогикалық шеберлік пен эстетика мен шығармашылыққа қатысты өзге де салаларға елеулі үлес қосу мүмкіндігі.
Біз өзінің даму жолында биік шыңдарға жеткен ғылым көшбасшыларына, оқытушыларға, мәдениет саласының сарапшыларына айналған докторанттарымызбен мақтанамыз және сіздерді осы жолды бізбен бірге жалғастыруға шақырамыз. Бұл – дәстүрді құрметтейтін, жаңашылдықты қолдайтын әрі болашаққа бағдар беретін жоғары оқу орнымыз.
Терең зерттеулер, интеллектуалдық ізденістер мен биік өнер кеңістігіне қош келдіңіздер!
ҚЫСҚЫ ҚАБЫЛДАУ БОЙЫНША ЕМТИХАНДАР УАҚЫТЫ:
ДОКТОРАНТУРА:
2025 жыл 24 қараша
Бірінші Емтихан
Уақыты:
9.30 - Эссе жазу;
11.00 - Билет бойынша Емтихан.
Аудитория: 235
2025 жыл 26 қараша
Екінші емтихан:
Ғылыми жұмыстың Рефератын қорғау
Уақыты: 10.00
Аудитория: 235
ҚР МАМ «Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті» РММ
ақылы негізде қабылданатын талапкерлерге ақпарат
1. Ақылы негіздегі оқуға шекті балл (75-жетпіс бес) жинаған талапкерлер қабылданады;
2. Ақылы негізде оқуға қабылдау туралы өтініш жазыңыз (өтініш және білім беру бағдарламасының атауы төмендегі үлгі бойынша толтырылады);
3. Оқу ақысының 50%-ын «ForteBank» мобильді қосымшасы арқылы төлеңіз;
4. Оқуға қабылдау туралы өтініштер мен түбіртектер (квитанция) 25 тамыз 18:00-ге дейін Тәуелсіздік даңғылы 50, 111 аудиторияда қабылданады.
АҚЫЛЫ БӨЛІМ - ӨТІНІШ ҮЛГІСІ 2025
ДОКТОРАНТУРА 2025-2026 ОҚУ ЖЫЛЫНА МЕМЛЕКЕТТІК ТАПСЫРЫС (БЮДЖЕТ) ОРЫНДАРЫНА ИЕ БОЛҒАН БІЛІМ АЛУШЫЛАР ТІЗІМІ
ОҚУ АҚЫСЫНА ТӨЛЕМ ЖАСАУ ҮШІН НҰСҚАУЛЫҚ
«ForteBank» мобильдік қосымшасы арқылы төлем жасаңыз:
1. Қосымшаға өтіңіз
2. «Төлеу» – «Жаңа төлем» – «Білім» түймесін басыңыз
3. Іздеуде «РГУ» деп теріңіз
4. КазНУИ - подготовка специалистов № 013 тағайындауды таңдаңыз
5. Деректерді толтырыңыз, соманы көрсетіңіз
Мәліметтерді толық және қатесіз толтыру қажет!
Байланыс номері: +7 (707) 560-16-58
Құжат қабылдау:
Күзгі қабылдауға Мемлекеттік тапсырыс негізінде (грант) келесі білім беру бағдарламасы бойынша құжат қабылдайды:
- "Дәстүрлі музыкалық өнер (түрлері бойынша)"
Күзгі қабылдау – 25 қазан - 10 қараша аралығы.
Шығармашылық емтихандар:
Күзгі кезең – 19 қараша - 11 желтоқсан аралығы.
Докторантураға қабылдау:
Күзгі қабылдау – 10 қаңтарда дейін.
Мекен-жайы: Астана қ. Тәуелсіздік д-лы 50
дүйсенбі-жұма 9.00 - 18.00 (13.00 - 14.00 үзіліс) 8 707 560 16 58