Құрметті студенттер және біздің сайттың қонақтары!
Біздің ҚазҰӨУ-де арнайы студенттер үшін психологиялық қызмет ұйымдастырылған.
ҚазҰӨУ-де білім беру мекемесіндегі психологиялық қызмет оқу процесінің көмекші құрылымы болып табылады. Шығармашылық әлеуетті дамыту және жүзеге асыруға жағдай жасау үшін оқытушы-психологтарының кабинеттері бар. Психологиялық қызмет өз қызметін оқушылар мен студенттердің психикалық және жеке дамуы үшін ең қолайлы психологиялық-педагогикалық жағдайларды қамтамасыз ету, мекеме ұжымында қолайлы психологиялық климатты қалыптастыру, білім беру процесінің барлық субъектілеріне жан-жақты психологиялық қолдау көрсету мақсатында жүзеге асырылады.
Мектеп, колледж және университет студенттері үшін релаксация және демалуға арналған бөлмелер бар, оқытушы-психологтар студенттерге әрқашан қуана қолдау көрсетеді және әртүрлі әдістерді қолдана отырып, барлық оқушыларға, студенттерге өз жоспарларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Оқушылардың, студенттердің ерекшеліктерін ескере отырып, оқытушы-психологтар оқушыларды, студенттерді интернат, жатақхана жағдайына бейімдеу бойынша ойын жаттығуларын, тренингтерді, сабақтарды пайдалана отырып, барлық мамандықтар бойынша топтық және жеке жұмыс түрлерін жүргізеді. Тәрбие беру және оқыту үрдісінде білім алушылардың (мектеп оқушылары, колледж білім алушылары, студенттер мен магистранттар) психикалық, соматикалық, әлеуметтік жағдайын қорғауға бағытталған кәсіби қызмет жүзеге асырылады. Әлеуметтік ортасының жағымды болуына күш салу, әлеуметтік бейімсізденуді алдын алу бойынша іс-шаралар жүзеге асырылуда.
Оқытушы-психолог жұмысының мақсаты:
– оқушылар мен студенттерге жеке тұлғаны дамыту, позитивті әлеуметтену, кәсіби даму және өмірде болып тұратын мәселелері өздігінен уақытылы және жан-жақты шешіп үйретуге бағытталған психологиялық көмек көрсету.
ҚазҰӨУ психологтарына хабарласуға болатын және қоюға болатын сұрақтар:
4. Өмір жолын таңдау. Егер Сіз қай жолмен жүргіңіз келетінін білмесеңіз, психологпен сырласуға мүмкіндік бар. Бұл Сіздің армандарыңызды, тілектеріңізді және мақсаттарыңызды жүзеге асыруға, ресурстарыңызды, бейімділіктеріңізді және қабілеттеріңізді түсінуге көмектеседі.
5. Өзін-өзі басқару және өзін-өзі дамыту. Біздің өміріміздің қызықты әрі көп қырлы болғаны соншалық, ол бізге үнемі көптеген міндеттер қойып отырады. Олардың көпшілігі керемет күш-жігер мен жеке қасиеттер мен дағдыларды дамытуды қажет етеді. Көшбасшылық немесе дауласу дағдыларын, логикалық ойлауды немесе шығармашылықты дамытуға болады. Сіз өзіңіздің өміріңізді басқаруды, мақсат қоюды және оларға тиімді жетуді үйрене аласыз. Психолог дегеніміз – белгілі бір сапалар мен дағдыларды дамыту технологиясының иесі және Сіздермен осы технологияны қуана-қуана бөлісетін адам.
Психологиялық қызметтің мекен-жайы, кабинеті:
1. Университет бойынша оқытушы-психолог:
Евдокимов Владимир Николаевич
Абай даңғылы 47, 20 қабат, 2017 кабинет.
2. Колледж бойынша оқытушы-психолог:
Калдыбаева Карашаш Хамзеновна
Жеңіс даңғылы 33, 2 корпус, 2 қабат.
3.Мектеп бойынша оқытушы-психологтар:
Байбосинова Гулжаухар Мадеминбековна
Мейірхан Камила Маратовна
Жеңіс даңғылы 33, 2 қабат, 200 кабинет.
Анкета
Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.
Copyrights © 2024 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.