Музыкатану ғылымының тарихи және теориялық бағыты Қазақ ұлттық музыка академиясының ашылған кезінен бастап ұсынылған. Алғашқы жылдары «Музыка теориясы» және «Музыка тарихы» кафедралары жұмыс істеді. 2010 жылы Қазақ ұлттық өнер университеті ұйымдастырыла бастағанда екі кафедра біріктірілді. Кейінірек, 2015 жылы кафедра құрамына композиторлар да енді. «Композиция» кафедрасының негізін қалаушы – мезгілсіз өмірден өткен композитор, доцент Ж.Т. Тезекбаев (1954-2004).
Кафедра қызметі көпвекторлы: ол оқу-ағарту, ғылыми-зерттеу, шығармашылық және тәрбиелік бағыттарды қамтиды. Кафедрада «Музыкатану» (бакалавриат, магистратура, докторантура) және «Композиция» (бакалавриат, магистратура) мамандықтары бойынша бағдарламалар табысты жүзеге асырылып келеді. Басқа музыкалық мамандық студенттері де музыка өнерінің тарихы мен теориясына музыкатанушылардың жетекшілігімен баулынады.
Қазіргі уақытта кафедраны Дуиесинова Диля Суиенгалеевна басқарады. Кафедра құрамында: өнертану ғылымдарының докторы, профессор У.Р. Джумакова; ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері, өнертану ғылымдарының кандидаттары, профессорлар Т.Ж. Егинбаева, Г.Т. Альпеисова; өнертану кандидаты, профессор Г.Т. Акпарова; ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор С.К. Абдинуров; өнертану кандидаты, профессор Р.С. Нуртаза; өнертану кандидаттары, доценттер Г.Ж. Кузбакова, М.С. Курмангалиева, А.К. Байбек; педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент А.А. Досанова; өнертану кандидаты, доцент А.К. Абдинуров; өнертану кандидаты, аға оқытушы Д.М. Мосиенко; «Мәдениет саласының үздігі» атағының иегерлері, доценттер Р.В. Лукьянова, Ф.С. Баширова және Д.В. Останькович (музыкатану және фортепиано факультетінің деканы); PhD, аға оқытушы Ж.Ш. Шайкенова; өнер магистрлері, оқытушылар С.О. Баженеева, А.Р. Канатова, Д.С. Дуиесинова және А. Джамбаев.
Университет үшін маңызды оқиға – КСРО халық әртісі Е.Р. Рахмадиевтің (1930-2013) Астанаға келуі болды. Бүгінде Астана мемлекеттік академиялық филармониясы оның есімін иеленген. Көп жылдар бойы кафедрада ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор К.Д. Дуйсекеев (1946-2020) еңбек етті.
Музыкатану және композиция кафедрасының профессорлары мен оқытушылары ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстармен айналысады: монографиялар, оқу құралдары, шығармалар жинақтары және т.б. жарық көрді. Бұл басылымдар ҚазҰӨУ оқу процесінде белсенді қолданылады.
Кафедраның профессорлары мен оқытушылары ғылыми-зерттеу байқаулары мен олимпиадаларға қатысады, халықаралық және республикалық конференцияларда ғылыми баяндамалар жасайды, шеберлік сабақтарын өткізеді, ғылыми конференциялар ұйымдастырады (олардың қатарында – ICTM-нің 43-дүниежүзілік конференциясы, «Ұлы дала музыкасы», «Қазіргі заман жағдайындағы мәдениет, өнер және білім» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар бар). Кафедраның ағартушылық қызметі түрлі шығармашылық одақтармен, шетелдік, республикалық және қалалық БАҚ-пен тығыз байланысты.
Кафедра жұмысының маңызды бөлігі – шығармашылық қызмет. Композиторлар жаңа туындылар жазады, олар Қазақстанның және шетелдің ең үздік концерт залдарында орындалады. Жыл сайын кафедра оқытушылары ұйымдастыратын конкурстар қатарында «New Music Generation» халықаралық байқауы және «Самал» бар.
Кафедра профессорлары мен доценттері бірнеше рет «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегерлері атанған (У.Р. Джумакова, Г.Т. Альпеисова, Р.С. Малдыбаева, Г.Т. Акпарова, М.С. Курмангалиева, Г.Ж. Кузбакова).
Кафедраның маңызды құрылымдық бөлімі – ҚазҰӨУ колледжінің «Музыка теориясы» пәндік-циклдік комиссиясы (ПЦК). Мұнда Г.Т. Бейсембекова, Р.В. Лукьянова, PhD С.К. Мусаходжаева, өнертану кандидаты Т.В. Харламова, И.Б. Романенко, Р.Ю. Романова, Г.Т. Шанбатырова, Н.И. Гринько, Р.Х. Наумова, Т.А. Апанович, Т.С. Шемякина, М.Т. Жакенова, Г.В. Бодарева, Л.Т. Сайгафарова, Р.Р. Вагапова, М.И. Бабакова, Нурбану К. Жолдасова, А.И. Шыныбекова, Н.А. Михалёва, Г.М. Мендикулова, Ж.Т. Мухамеджанова, О.В. Никонорова, М.А. Останькович, А.Г. Сагитова, Н.В. Титенко, А.Т. Альпеисова еңбек етеді. ПЦК меңгерушісі – Н.К. Жолдасова.
«Музыка теориясы» ПЦК оқытушылары түрлі шығармашылық жобаларға қатысады. Жыл сайын ПЦК «Музыка теориясы» өнер мен мәдениет саласындағы қосымша, орта және арнаулы білім беру ұйымдарының оқытушылары арасында Республикалық педагогикалық шеберлік байқауын өткізеді.
Бірлік пен ғылыми және шығармашылық әлеуеттің арқасында музыкатану және композиция кафедрасы музыкалық өнер саласында креативті, білікті және бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға зор үлес қосып келеді. Кафедра түлектері арасында ғылым докторлары мен кандидаттары, сондай-ақ Өнер университеті мен өзге де шығармашылық ұйымдарда қызмет ететін мамандар бар.