УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Факультеттер

«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы

«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы 1998 жылы тарих ғылымдарының докторы, ҚР Жоғары мектебінің еңбек сіңірген қайраткері, профессор Ш.А. Құсанов басшылығымен құрылды. 2010 жылдың қаңтар айындағы құрылымдық өзгерістер нәтижесінде кафедра өз атауын «Қазақстан тарихы және әлеуметтік гуманитарлық пәндер»  деп өзгертті.


2019-2023 жж. кафедра «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және арт-менеджмент» болып аталынды. Кафедраның  штаттық құрамындағы 18  оқытушының, біреуі ассоц. профессор, 5-і ғылым кандидаты, 3 PhD докторы, 1 академиялық доцент, 8 ғылым магистрі. Қазіргі кезде кафедра қызметкерлерін доцент, филология ғылымдарының кандидаты Ж.Т.Бектасова басқарады.

Кафедра «Поэзия және Өнер» мамандығы бойынша (бакалавриат) мамандарын дайындап шығаруда. Факультетте мәдениеттану, лингвистика, философия, тарих, психология, педагогика, саясаттану және экономика саласындағы жетекші ғалымдар мен мамандар дәріс берді.

Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы студенттердің ғылыми-зерттеу, мәдени-ағартушылық, педагогикалық, ұйымдастырушылық және басқарушылық салаларында кәсіби мансабына өз үлестерін қосатын негізгі білімдерін береді. Факультеттің  студенттері және профессор-оқытушылар құрамы   көптілді білім беру, қазақ мәдениетін насихаттау, сондай-ақ «Жаңа Қазақстан» саяси идеяларын және мемлекеттің басқа бағдарламаларын жүзеге асыруға арналған іс-шараларды ұйымдастырып отырады. Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы студенттердің ғылыми-зерттеу, мәдени-ағартушылық, педагогикалық, ұйымдастырушылық және басқарушылық салаларында кәсіби жетілуіне өз үлестерін   қосып отыр.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсене қатысады, конференцияларда презентациялар жасайды, ұлттық және халықаралық ғылыми жинақтарда және журналдарда мақалалар жариялап тұрады.

faculty/3/kaf_data/8/pers.jpg

Бектасова
Жомажан Темірболатқызы

Академиялық лауазымы:
доцент

Ғылыми дәрежесі:
филология ғылымдарының кандидаты

Білімі/біліктілігі:
1986-1991 жж. – Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институты, филология факультеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті» бөлімі. 
2001-2004 жж. – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Қазақ әдебиеті» мамандығы бойынша аспирантура (10.01.02),
2007 ж. – «Шахмет Хусайынов драматургиясындағы тарихи-өмірбаяндық пьесалар» тақырыбы бойынша филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.

Еңбек өтілі
28 жыл, оның ішінде педагогикалық - 26 жыл,
ЖОО жұмыс - 24 жыл.

Бектасова Жомажан Темірболатқызы кафедрада 2007 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін жұмыс істейді. Кафедра доценті, «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Әлем әдебиеті тарихы» және т.б. негізгі және қосымша пәндерден сабақ береді.

«Қазақ әдебиеті» мамандығы бойынша 25-тен астам ғылыми еңбектері жарық көрді.

  1. «Үкілі Ыбырай – тарихи тұлға» 21.02.2018 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті. VI Халықаралық ғылыми-практикалық «ФИЛОЛОГИЯ ЖАҢА ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛЫНДА», филология ғылымының докторы, профессор О.А. Султаньяевтің 80-жылдық мерейтойы мен Ш.Уәлиханов ат. КМУ филология факультетінің 55-жылы» конференция материалдары / Ш.Уәлиханов ат. МУ Хабаршы. 2018 ж.№1.21-23.02. 199-207ж/.
  2. «Басқа тілдік аудиторияда мемлекеттік тілдегі мәтінмен жұмыс жүргізудің жолдары» 09.02.2018 ж. Қаз.ҰӨУ 20-жылдық мерейтойы.
  3. 7-Боранбаев оқулары. «Көркем білімдегі жаңа ізденістер: проблемалары, тәжрибелер, алғышарттары» ғылыми-практикалық конференция материалдары.
  4. «Ш.Хұсайыновтың «Революциядан кейінгі қазақ театрының тууы» атты мақалаласы туралы», 11.04.2018ж. Қаз.ҰӨУ 20-жылдық мерейтойы. «Astana art – forum science» 6 халықаралық практикалық конференция материалдары.
  5. «Әдебиеттанушы ғалым, жазушы, драматург С.Жәмбектің шығармашылығына арналған бірер сөз». 13 желтоқсан 2019 жыл.
  6. Әдебиеттанушы ғалым, ұстаз, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Жәмбек Сәбит Нұрмұхамбетұлының 60 жасқа толуына арналған «Қазіргі филологиялық зерттеулер: ұлттық әдебиеттану және даму тенденциялары» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары. 37-42 б.
  7. «Особенности репрезентации животного мира в казахской кочевой культуре» / на материале произведений Л.Мартынова, П.Васильева, Вс. Иванова и др. соавторством Кангужина Т.М./  «Шоқан оқулары - 23» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 26,04. 2019 жылы. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті.
  8. Ш.Хұсайыновтың драмасындағы «Әбу-Насыр әл-Фараби» ХҒПКонференция «әл-Фараби және әл-Машани мұралары. Зерттеу мен Зерделеу» 2020 ж. 09.12. Нұр-Сұлтан.ҚазҰӨУ.
  9. Мәшһүр Жүсіп мұраларындағы жалпыадамзаттық құндылықтар. Rupkatha Journal on Interdisciplinary Studies in Humanities. 02.2021год
Бакалавр
6B02110 - Поэзия және өнер БББ 2023
ЭПК 2023 (Қазақ)
ЭПК 2023 (Орыс)

ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2024 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.