«АВАК» кафедрасы 2005 жылы виолончель және контрабас кафедрасының кеңеюіне байланысты құрылды. Оның құрамына альт сыныбы, кейінірек арфа сыныбы қосылды.Кафедра келесі мамандықтар бойынша мамандар даярлайды: «Альт», «Виолончель», «Арфа», «Контрабас» – бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлерінде.
Университет құрылған күннен бастап кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы жетекші музыкалық оқу орындарының түлектерінен жасақталған. Олар: П. И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясы (Ресей Федерациясы), Гнесиндер атындағы Ресей музыкалық академиясы (Ресей Федерациясы), Н. А. Римский-Корсаков атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік консерваториясы (Ресей Федерациясы), Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы (Қазақстан), Базель қаласындағы Музыка академиясы (Швейцария).
Кафедра оқытушылары – ұлттық және халықаралық байқаулардың лауреаттары, жақын және алыс шет елдерде белсенді концерттік қызмет атқарып жүрген кәсіби музыканттар. Педагогикалық қызметпен қатар, олар оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді, халықаралық симпозиумдар, конференциялар, форумдар, біліктілікті арттыру курстары және басқа да іс-шараларға белсенді қатысады.
Кафедрада нәтижелі педагогикалық қызмет атқаратындар:
Мусаходжаева Бахытжан Кожабековна (виолончель) – АВАК кафедрасының профессоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ВАК доценті, мәдениет үздігі.
Омарова Сауле Кабылкариевна (виолончель) – АВАК кафедрасының профессоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, мәдениет қайраткері, «Білім беру ісінің үздігі» медалімен марапатталған, ВАК доценті.
Каримов Негметтулла Харрасович (альт) – АВАК кафедрасының профессоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, мәдениет қайраткері, «Білім беру ісінің үздігі» медалімен марапатталған, ВАК доценті.
Педагогикалық дәстүрлердің сабақтастығы, оқыту әдістемесінің негізгі қағидаттары мен жоғары көркем орындаушылық критерийлеріне негізделе отырып, кафедра бүгінгі күні ел астанасы мен өңірлердің жетекші оркестрлері мен камералық ансамбльдерінде қызмет ететін көптеген кәсіби музыканттарды дайындап шығарды.
Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары мен дипломанттары қатарында:
Касымова Салтанат – III Халықаралық М. М. Берлянчик атындағы жас орындаушылар байқауының дипломанты (Ресей, Магнитогорск, 2020).
Давлетьярова Ажар – V Халықаралық М. М. Берлянчик атындағы жас орындаушылар байқауының III дәрежелі лауреаты (Ресей, Магнитогорск, 2022).
Байгазинова Томирис – XXIV «Шабыт» шығармашыл жастардың халықаралық байқауының II дәрежелі лауреаты (Қазақстан, Астана, 2022).
Мачжан Юсуп – III Халықаралық «Astana Classic» классикалық музыка байқауының I дәрежелі лауреаты (П. И. Чайковскийдің 180 жылдығына арналған, 2020).
Хуандыкулы Мухамет – III Халықаралық «Astana Classic» классикалық музыка байқауының I дәрежелі лауреаты (П. И. Чайковскийдің 180 жылдығына арналған, 2020).
Кенженбаева Дария – XII Қызылжар халықаралық музыкалық-театр байқау-фестивалінің «Надежда» III дәрежелі лауреаты.
Кунанбаев Еркебулан – III Халықаралық Г. И. Пеккер атындағы фестиваль-байқаудың Гран-при иегері.
Рахманкулова Мадина – III Халықаралық Г. И. Пеккер атындағы фестиваль-байқаудың лауреаты (2019).
Кенженбаева Дария – III Халықаралық Г. И. Пеккер атындағы фестиваль-байқаудың II орын иегері.
Жангабыл Еркебулан – XXV Халықаралық «Шабыт» фестиваль-байқауының II орын иегері (Астана, 2022).
Джуматов Нурисламбек – XXV Халықаралық «Шабыт» фестиваль-байқауының III орын иегері (Астана, 2022).
Енин Алексей – «Француз көктемі» халықаралық байқауының дипломанты (Новосибирск, 2023).
Кафедрада Қазақстанның белгілі мәдениет қайраткерлері дәріс береді:
Муканов Аскар Тулеугалиевич (виолончель) – АВАК кафедрасының доценті, мәдениет үздігі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.
Кульмаметов Равиль Рахмиевич (виолончель) – АВАК кафедрасының доценті, «Білім беру ісінің үздігі».
Туякова Сауле Токтасыновна (альт) – АВАК кафедрасының доценті, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, мәдениет үздігі, «Білім беру ісінің үздігі».
Жандаулетов Канат Абдрахманович (контрабас) – АВАК кафедрасының доценті, оркестр факультетінің деканы, өнертану магистрі, мәдениет үздігі.
Мукажанова Магрупа Кудайбергеновна (арфа) – АВАК кафедрасының аға оқытушысы, мәдениет үздігі.
Балагумаров Дастан Кайроллаевич (альт) – АВАК кафедрасының аға оқытушысы, мәдениет үздігі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы университет қабырғасында және еліміздің басқа да музыкалық оқу орындарында мастер-кластар мен ашық сабақтар өткізіп, өздерінің құнды педагогикалық тәжірибесін кеңінен бөліседі. Сондай-ақ, түрлі байқаулар мен мемлекеттік емтихандардың қазылар алқасының төрағасы және мүшесі ретінде жиі қатысады.
Кафедраға жыл сайын Германия, Ресей, Франция, Италия, Австрия, АҚШ, Грекия сынды елдердің көрнекті музыканттары шақырылып, мастер-кластар мен концерттер өткізеді. Кафедра ұжымы қазіргі заманның үздік музыканттарымен тәжірибе алмасуға ашық.
Екіжақты меморандумдар негізінде кафедра шетелдік жоғары оқу орындары және мәдени ұйымдармен халықаралық ынтымақтастық орнатқан.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында студенттер мен магистранттар жыл сайын Италияның жетекші жоғары оқу орындарында – Брера бейнелеу өнері академиясы (Милан қ.), Флоренция бейнелеу өнері академиясы және Әзербайжан мемлекеттік мәдениет және өнер университетінде (Баку қ.) білім алады.
Кафедра магистранттары жақын және алыс шетелдерде – Ресейде, Өзбекстанда, Әзербайжанда, Грузияда, Латвияда, Польшада, Италияда халықаралық тағылымдамалардан өтеді.