«Домбыра» кафедрасы дәстүрлі музыкалық өнер факультетінің құрамдас бөлігі болып табылады және университеттегі білім берудің барлық деңгейлері бойынша мамандар даярлайды. Кафедраны Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері А. К. Ахмадиев басқарады.
Кафедра түлектері мамандандырылған музыкалық мектептерде сабақ бере алады, оркестрлерде орындаушы, филармонияларда солист болып жұмыс істей алады, сондай-ақ мәдениет саласында мемлекеттік қызмет атқара алады. Магистранттар оқу үдерісінде ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, магистрлік диссертацияларын қорғайды.
/p>
Профессорлық-оқытушылық құрам: профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері О. К. Дүйсен; Ж. А. Жүзбай, А. Е. Тоқтаған, Т. Б. Әлиабаев, Д. Ж. Ғылымов; доценттер – PhD докторы, мәдениет үздігі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты А. Е. Тұрымбетова; мәдениет үздігі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты М. Б. Нүкеев; Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері А. К. Ахмадиев; мәдениет үздіктері Н.Б. Тапалов, Е. Б. Басығараев, Ж. Б. Қадырқұлов, Б. А. Әбенов; оқытушылар – өнертану магистрі, философия докторы (PhD) Д. Т. Тапенов, өнертану магистрі А. А. Тоқтаған.
Кафедра оқытушылары монографиялар жазумен айналысады, күйлер жинағын, хрестоматиялар мен халық аспаптар оркестрі мен ансамбльдеріне арналған партитуралар шығарады.
Кафедра аясында шеберлік сыныптары, ашық сабақтар және белгілі композитор-күйшілердің мерейтойларына арналған концерттер өткізіледі. Жыл сайын «Қос ішек» орындаушылар байқауы ұйымдастырылады (жобаның авторы – Ж. Қадырқұлов).
Соңғы жылдары кафедра оқытушыларының еңбектері жарық көрді: О. Дүйсен – «Ұлы Көш», «Балдырған»; Ж. Жүзбай – «Шертпе күйдің төрт мектебі», «Ұстаздың педагогикалық репертуары», «Шертпе күй хрестоматиясы», «Ақсақ құлан», «Толғау»; Е. Басығараев – «Толқында», «Серпер ақжелең»; Ж. Қадырқұлов – «Күй-Мұра», «Бабалар сазы»; Б. Әбенов – «Арман»; А. Тоқтаған – «Заман-ай».
Кафедрада оқытушылар мен студенттердің концерттік және шығармашылық қызметі белсенді түрде жүргізіледі, жыл сайын оқытушылардың есептік концерттері мен студенттердің сыныптық концерттері өткізіледі.
Кафедра оқытушылары дәстүрлі орындаушылардың «Астана-Арқау», «Астанаға тарту», «Ұлы дала сазы» музыкалық фестивальдеріне қатысады.
Кафедраның жоғары кәсіби педагогтар ұжымы маңызды міндетті жүзеге асырады – күйлердің өңірлік музыкалық дәстүрлерінің ерекшеліктерін зерттеу және елдің талантты жас музыканттарын тәрбиелеу.