УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Факультеттер

«Өнертану» кафедрасы

onertanu_kaznui

«Өнертану және операторлық өнер» депатаменті профессор Айман Қожабекқызы Мұсақожаеваның бастамасымен 2010 жылы ашылды. Кафедра «Өнертану» үш деңгей бойынша мамандар даярлайды: бакалавриат, магистратура және докторантура.

Білім беру бағдарламалары:

Бакалавриат: 6B02124 – Киноведение, 6B02125 – Музееведение, 6B02128 – Кинотеледраматургия, 6B02129 – Театроведение, 6B02162 – Өнертану.

Магистратура: 7M02132 – Киноведение,7M02133 – Кинотеледраматургия, 7M02136 – Театроведение, 7M02162 – Өнертану.

Докторантура: 8D02162 – Өнертану, 8D02124 – Киноведение, 8D02133 – Кинотеледраматургия.

Кафедраның негізін қалаушысы және алғашқы меңгерушісі – өнертану кандидаты, профессор, киновед Бауыржан Рамазанұлы Нөгербек. Ол ректордың жеке шақыруымен және жетекші мамандармен бірге келді. Атап айтқанда: жазушы, драматург, сценарист Әкім Ұртайұлы Таразы, театртанушы Еркін Тлеукұлұлы Жуасбек және оператор Болат Қалиевич Сүлеев.

Кафедра құрылған жылы оқыту келесі бағыттар бойынша басталды: «Киноведение», «Театроведение», «Кинотеледраматургия» және «Операторлық өнер». Кейін университет құрылымдарының қайта ұйымдастырылуынан кейін «Өнертану» кафедрасы дербес бөлімге айналып, жаңа кәсіби кадрлармен толықты.

Әр жылдары кафедра құрамына белгілі профессорлар мен оқытушылар кірді:
Аширбек Сығай, Роза Қажығалымқызы Мұқанова, Назира Рахманқызы Мұқушева, Ардақ Кеңесқызы Юсупова, Айман Мұхтарханқызы Асылбекова, Инна Тлековна Смаилова, доцент Нартай Рамазанович Ескендиров және аға оқытушы Раушан Исмаиловна Каргабекова.

Қазақ ұлттық өнер университетінің үздік аяқтаған алғашқы бакалавр және магистр түлектері кафедраның оқытушылары ретінде қызметін жалғастыруда. Олардың қатарында:
Жанна Бекмолдаевна Ибрагимова, Айзат Оңғарәлиевна Қадралиева, Уларбек Нұрғалымұлы Нұрғалым, Сәкен Бауыржанұлы Нөгербек, Жазира Жеңісқызы Жекібаева, Минуар Мұратқызы Айдарова-Тейжи, Камила Әлімжанқызы Ғабдрашитова, Айкөлек Жұмашкенова, Гүлмира Сәлімгерейқызы Әбен, Ляззат Қайратқызы Алпысбаева, Ева Адамовна Танымова бар.

Қазіргі таңда кафедрада 6 профессор, 1 доцент, 9 аға оқытушы және 6 оқытушы қызмет атқарады.

Кафедраның ғылыми жетекшілері мен оқытушылары белсенді түрде зерттеу жұмыстарымен айналысып, кәсіби біліктілігін үнемі жетілдіріп отырады.

2017 жылы профессор Назира Рахманқызы Мұқушева «Қазақ киносы: кеше және бүгін» атты кітап шығарды, ал 2018 жылы – «Кинодраматург Әкім Тарази. Іздер көкжиекке кетеді: сценарийден фильмге дейін» еңбегін жариялап, Уларбек Нұрғалымұлымен бірлесіп «Жазушының жаны» атты кітапты дайындады.

2022 жылы профессор Роза Қажығалымқызы Мұқанова «Сарра» және «Бопай ханым» драматургиялық жинақтарын шығарды, профессор Ардақ Кеңесқызы Юсупова «Калейдоскоп. Қазақстан өнері мен суретшілері туралы очерктер мен эсселер» атты монографиясын жариялады.

Кафедра оқытушыларының ғылыми мақалалары SCOPUS және ҚР БҒМ ККСОН базаларына кіретін журналдарда тұрақты түрде жарияланып отырады.

Соңғы еңбектердің ішінде:

  • «Evaluation of the Aesthetic Quality of an Industrial Building after Renovation» және «Multimedia Systems and Role in Adaptive Network» (проф. Асылбекова А.М.);
  • «The Phenomenon of Partisan Cinema: Alternative Film Production in Kazakhstan» (проф. Смаилова И.Т.).

Кафедра жыл сайын өнер мен мәдениет саласында табысты еңбек етіп жүрген жоғары білікті мамандарды даярлайды.

Түлектер қатарында: халықаралық кинофестивальдердің лауреаттары Айдана Күлшебай мен Жанель Ризабекова (проф. Мұқушева Н.Р. шеберханасы), ФИПРЕССИ және Қазақстан тәуелсіз кинокритиктер қауымдастығының мүшесі Александра Поршнева (жетекшісі – проф. Смаилова И.Т.), «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Мирас Әбіл (мамандығы – «Театроведение»), түлек Гүлмира Тасыгожина (жетекшісі – проф. Асылбекова А.М.), магистрант Ева Танымова (жетекшісі – проф. Юсупова А.К.), ол 2022 жылы Республикалық студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауының жеңімпазы атанды.

Кафедра студенттері республикалық олимпиадалар мен ғылыми конференцияларда жүлделі орындарға ие болып келеді. Мысалы, «Киноведение» мамандығының студенттері – Жұлдыз Жаркенова, Еңлік Егеубаева және Дария Темірхан профессор Бауыржан Нөгербек атындағы атаулы стипендияның иегерлері атанды. «Кинотеледраматургия» мамандығының студенті Гүлстан Токаева «Міржақып. Оян, қазақ!» тарихи телесериалының түсірілім алаңында өндірістік тәжірибеден өтті. Кафедраның үздік студенттері мен магистранттары жыл сайын оқу үлгерімі мен қоғамдық белсенділігі үшін Президенттік, Назарбаев және Елбасы қорының стипендияларына ие болады.

«Өнертану» кафедрасының басты мақсаты – қазіргі Қазақстан мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосатын, өнер саласында жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.

faculty/7/kaf_data/29/pers.jpg

Жекибаева
Жазира Женисовна

Академиялық лауазымы: «Өнертану» кафедрасының меңгерушісі, аға оқытушы
Ғылыми дәрежесі: PhD кандидаты  
Қызмет саласы: Бейнелеу өнері және қолөнер.

Білімі/біліктілігі:
2000-2004 жж. – Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті
«Өнертану» мамандығы
2012-2014 жж. – Қазақ ұлттық өнер университеті «Өнертану» мамандығы бойынша магистр академиялық дәрежесі. Өнертану магистрі
2021-2025 жж. – Қазақ ұлттық өнер университетінің докторанты, мамандығы – 8D02162 «Өнертану».

Кәсіби қызметі:
2006-2008 жж. – Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті «Бейнелеу өнері тарихы» пәні оқытушысы.
2008-2012 жж. – Астана қаласының Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Сәулет-құрылыс факультетінің «Инженерлік графика және дизайн» кафедрасының аға оқытушысы.
2012 ж. – бастап Қазақ ұлттық өнер университеті, «Өнертану» кафедрасының аға оқытушысы. 
2014-2015 жж. – «Астана» ұлттық сурет галереясының өнер тарихы бойынша ғылыми-шығармашылық лабораториясының жетекшісі.
2015- 2018 жж. ҚР ҚК ҰӘПО Әскери-тарихи музейінің Ғылыми бөлімшесінің бастығы.
2018 ж. қаңтар-қыркүйек Президент іс басқармасы Мемлекеттік резиденциялар дирекциясының өнертанушы маманы.
2018-2019 жж. Қазақ ұлттық өнер университеті, «Кескіндеме және мүсін» кафедрасының меңгерушісі.
2020-2021 жж. Қазақ ұлттық өнер университеті, «Өнертану» кафедрасының меңгерушісі.
2020 жылдан бастап «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК Ғылыми-әдістемелік жұмыстар қызметі «Өнертану» бөлімінің жетекшісі.
2025 ж. – «Өнертану» кафедрасының меңгерушісі.

Ғылыми, редакциялық және ұйымдастырушылық қызметі:

  1. «ART TALK» халықаралық симпозиумның кураторы, 2022 ж.
  2. Қазақстандың суретшілер көрмесінің кураторы.
  3. «ҚР Ұлттық музейі топтамасындағы әйел әшекейлері» ғылыми-танымдық каталогтың 1 сериясы «Дәстүрлі бас әшекелері» атты баспаның авторының бірі, 2024 ж. 

Ғылыми еңбектер, әдістемелік басылымдар:

  1. Жекибаева Ж.Ж. Музей как основной источник в формировании знаний о военной истории. //Екінші Дүниежүзілік соғыстағы (1939-1945 жж.) және Ұлы Отан соғысындағы (1941-1945 жж.) Жеңістің 75 жылдығына арналған «Ұлы Отан соғысындағы Қазақстан» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы//. Нұр-Сұлтан, 2020. 232-235 –Б.
  2. Жекибаева Ж.Ж. Становление военно-исторического музея. //Халықаралық музейлер күніне арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы//. Нұр-Сұлтан 2020. 109-214-Б.
  3. Zh. Zhukenova, A. Yussupova, Zh. Zhekibayeva, N. Malibayeva, F.Samarkanova. The legacy of Soviet monumental and decorative art (on the example of Tselinograd, Kazakhstan). DOI: https://doi.org/10.1556/096.2023.00085 Scopus&Web of Sience (Q2). Percentile 57.

Біліктілікті арттыру курстары:
2020 ж. «Innovative Educational Technologies and Didactic Models» course certificate

Құрметті атақтар, мемлекеттік марапаттар мен алғыс хаттар:
2021 ж. «Алғыс хат» Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай еліміздің тарихи-мәдени құндылықтарын насихаттау жолында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің дамуына қосқан елеулі еңбегі үшін ҚР Ұлттық музейі директоры Арыстанбек Мухамедиұлынан.
2022 ж. «Құрмет» Еліміздің мәдениет және өнер саласындағы атқарған ұзақ жылдағы абыройлы еңбек пен өскелең ұрпаққа еліміздің тарихи құндылықтарын сақтап, саланы дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР Мәдениет және спорт министрі Д. Абаевтан. 

Студенттердің жетістіктері (студенттер, түлектер):
2020 ж. «Анализ монументальных панно г. Алматы» республикалық СРҒЖ I орын, Сакенов Р.
2021 г. «Орнамент в мусульманском республикалық СРҒЖ I орын, Мареева Е.

Шығармашылық ұйымдарға мүшелік:
Еуразиялық дизайнерлер Одағының мүшесі. 

 

Ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстар
ТІЗІМІ

 

Шығарылатын мәліметтерді көрсететін жұмыс тақырыбы

DOI (сандық нысан идентификаторы) немесе жарияланымға сілтеме

Көлемі п.л. және беттер

Толық аты-жөні бірлескен авторлар

Web of Science немесе Scopus халықаралық деректер базасына енгізілген ғылыми журналдардағы мақалалар

л

The legacy of Soviet monumental and decorative art (on the example of Tselinograd, Kazakhstan).

DOI: https://doi.org/10.1556/096.2023.00085 Scopus&Web of Sience (Q2). Percentile 57.

2 б.б.

Zh. Zhukenova, A. Yussupova, Zh. Zhekibayeva,
N. Malibayeva, F.Samarkanova.

Монографиялар, оқулықтар және оқу-әдістемелік құралдар

1

«ҚР Ұлттық музейі топтамасындағы әйел әшекейлері» ғылыми-танымдық каталогтың 1 сериясы «Дәстүрлі бас әшекелері»

 

12,5 б.б.

Ж.Ж. Жекибаева, М. Мусатай, Ш. Дидар, Ф. Баймаганбетова, Н. Шынарбек

Бакалавр
6B02124 - Кинотану БББ 2019
6B02125 - Мұражайтану БББ 2019
6B02128 - Кинотеледраматургия БББ 2019
6B02129 - Театртану БББ 2019
6B02162 - Өнертану БББ 2019
МАгистр
7М02132 - Кинотану БББ 2019
7М02133 - Кинотеледраматургия БББ 2019
ЭПК 2023 (Қазақ)
7М02136 - Театртану БББ 2019
7М02162 - Өнертану БББ 2019
Доктор
8D02162 - Өнертану БББ 2019
БББ 2023
8D02124 - Кинотану БББ 2021
8D02133 - Кинотеледраматургия БББ 2021

ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2026 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.