Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақ ұлттық өнер университеті»
республикалық мемлекеттік мекемесінің
Қауіпсіздік қызметі бөлімінің біліктілігі жоғары деңгейдегі маманның (сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша)
ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҒЫ
1 Жалпы ереже
1.1 Осы лауазымдық нұсқаулық Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 31 наурыздағы № 112 (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2023 жылғы 31 наурыздағы № 32211 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы үлгілік ереженің негізінде әзірленді, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Университет) Қауіпсіздік қызметі бөлімі біліктілігі жоғары деңгейдегі маманының (бұдан әрі-сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша маман) қызметіне қойлатын талаптарды белгілейді.
1.2 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша маманды лауазымға тағайындау және атқаратын лауазымынан босату Университет басшысының бұйрығымен жүзеге асырылады.
1.3 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша маман Университеттің қауіпсіздік қызметі бөлімінің құрамына кіреді, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелері бойынша тікелей Университет басшысына бағынады.
1.4 Өзінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша маман Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасын, Университет Жарғысын, Университеттің өкімдік актілерін және осы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады.
1.5 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша маман лауазымына жоғары заң және/немесе экономикалық (аудитор) білімі бар тұлға тағайындалады.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша маманның мақсаттары, міндеттер, қағидаттары, функциялары мен өкілеттіктері.
2.1 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша маман қызметінің негізгі мақсаты Университеттің және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу болып табылады.
2.2 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша маманның міндеттері:
1) Университетте және оның қызметкерлерінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды ескерту және алдын-алу құралдарын енгізуді қамтамасыз ету;
2) Университетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар жүйесін тиімді іске асыру;
3) Университетте сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді қамтамасыз ету;
4) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыртқы реттеуші талаптардың және үздік халықаралық практиканың сақталуын қамтамасыз ету;
5) Заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету.
2.3 Университет сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша маманның функцияларын енгізу және жүзеге асыру кезінде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша маманның функцияларын орындау үшін бөлінетін өкілеттіктер мен ресурстардың жеткіліктілігі;
2) Университет басшылығының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша маман қызметінің тиімділігіне мүдделілігі;
3) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша маман қызметінің ақпараттық ашықтығы;
4) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті жүзеге асырудың үздіксіздігі;
5) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті жетілдіру;
6) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс функцияларын жүзеге асыратын сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша маманның құзыретін тұрақты арттыру.
2.4 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі маманның функциялары: 1): Университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ішкі саясатын; Университет қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулықты; Университеттегі мүдделер қақтығысын анықтау мен реттеудің ішкі саясатын; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ішкі іс-шаралар жоспарын; Университет қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнама; корпоративтік этика және мінез-құлық мәселелерін реттейтін құжат;
2) Университетте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігіне қатысты ақпаратты жинауды, өңдеуді, қорытуды, талдауды және бағалауды жүзеге асырады;3) «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14441 тіркелген) сәйкес Университет қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді үйлестіреді.
4) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган мен Университеттің бірінші басшыларының бірлескен шешімі бойынша жүргізілетін Университет қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдауға қатысады;
5) Университетте анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің мониторингін және оларды митигациялау және жою бойынша қабылданатын шараларды жүзеге асырады;
6) Университетте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндіру іс-шараларын жүргізеді;
7) Университет қызметкерлері мен оқушылары үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту семинарларын ұйымдастырады;
8) Университет қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын және корпоративтік әдеп пен мінез-құлық мәселелерін сақтауын бақылауды қамтамасыз етеді;
9) Университет ұжымында жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес келетін өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі;
10) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша маманның құзыреті шеңберінде мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың заңда белгіленген қаржылық бақылау шараларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтауын қамтамасыз етеді;
11) Университеттің құрылымдық бөлімшелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ішкі іс-шаралар жоспарын орындауына мониторинг әзірлейді және жүргізеді;
2) мүдделер қақтығысын, оның ішінде Университетті жұмысқа орналастыру, сатып алу және бизнес-процестер мәселелерін анықтау, мониторингілеу және реттеу жөнінде шаралар қабылдайды;
13) Университетте сыйлық беру және алу мәселелерін реттеу жөнінде шаралар қабылдайды;
14) контрагенттердің сенімділігін кешенді тексеруді жүзеге асырады;
15) Университеттегі сыбайлас жемқорлық фактілері туралы өтініштер (шағымдар) негізінде қызметтік тексерулер жүргізеді және/немесе оларға қатысады;
16) Университеттегі сыбайлас жемқорлыққа байланысты істер бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы, сот практикасындағы өзгерістерге мониторинг пен талдау жүргізеді;
17) Университеттің құрылымдық бөлімшелері мен қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды іске асыру тиімділігіне бағалау жүргізеді;
18) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Университеттің құрылымдық бөлімшелері мен қызметкерлерінің ақпаратын тыңдайды;
19) Университет басшысына анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, Университет қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар енгізеді;
20) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі маман функциялары тәуелсіздікке әсер етпейтін және мүдделер қақтығысының туындауына әкеп соқпайтын жағдайда комплаенс, іскерлік әдеп және мүдделер қақтығысы мәселелеріне байланысты функцияларды жүзеге асырады;
21) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органмен және мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктермен, сондай-ақ өзге де жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды.
22) Университет басшысының бұйрығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша маманды тағайындау жүзеге асырылады, оның өкілеттік мерзімі, сыйақы мөлшері және еңбекақы төлеу шарттары еңбек заңнамасында айқындалады.
23) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі маманның функционалдық міндеттері, құқықтары мен жауапкершілігі осы лауазымдық нұсқаулықта айқындалады.
24) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі маманға комплаенс саласындағы уәкілетті органдар мен кәсіптік ұйымдар өткізетін оқыту іс-шараларына қатысу арқылы кәсіби біліктілігін ұдайы арттыру қажет.
2.5 өз қызметі шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі маман:
1) өз құзыреті шегінде Университеттің құрылымдық бөлімшелері мен қызметкерлерінен ақпарат пен материалдарды сұратады және алады;
2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша маманның құзыретіне жататын мәселелерді Университет басшысының қарауына шығаруға бастамашылық жасайды;
3) ықтимал сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар немесе Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзушылықтар туралы келіп түсетін хабарламалар бойынша қызметтік тексерулер жүргізеді;
4) Университет басшыларынан және басқа да қызметкерлерден қызметтік тергеу шеңберінде жазбаша түсініктемелер беруді талап етеді;
5) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға жібереді;
6) Өз құзыреті шегінде ішкі құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысады;
7) Университет қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзудың болуы немесе ықтимал мүмкіндігі туралы хабарлауы не субъектіде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралардың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізу үшін ақпараттандыру арналарын құрады; 2.6 Өз қызметін жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша маман:
1) үлестес тұлғалары туралы ақпараттың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс функцияларын жүзеге асыру кезеңінде белгілі болған инсайдерлік ақпараттың, егер онда дайындалып жатқан және (немесе) жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы деректер болмаса, құпиялылығын сақтайды;
2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлықтың, корпоративтік Әдеп кодексін және өзге де ішкі құжаттардың бұзылуының болжамды немесе нақты фактілері бойынша жүгінген адамдардың құпиялылығын қамтамасыз етеді;
3) Университет басшысын сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзудың болуы немесе ықтимал мүмкіндігіне байланысты кез келген жағдайлар туралы уақтылы хабардар етеді;
4) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның белгілі болған дайындалып жатқан, жасалатын немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы хабарлайды;
5) Университеттің белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмейді;
6) Қызметтік және кәсіптік этиканы сақтайды.
7 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша маман міндетті емес:
1) ол алдыңғы үш жыл ішінде қатысқан процестерді тексеруге қатысуға;
2) тексерудің бейтараптығына нұқсан келтіруі немесе осындай нұқсан келтіретін ретінде қабылдануы мүмкін қызметке қатысуға;
3) құпия ақпаратты жеке мүддеге пайдалануға;
4) корпоративтік Әдеп кодексін бұзуға;
5) нәтижесінде тәуелсіздікке, объективтілікке және бейтараптыққа нұқсан келтіруі мүмкін не осындай залал келтіретін ретінде қабылдануы мүмкін сыйлықтарды қабылдау және көрсетілетін қызметтерді пайдалануға;
6) мүдделер қақтығысына әкеп соғуы мүмкін тексерулерге, қызметтік тергеулерге және басқа да іс-шараларға қатысуға.
2.8 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша маман Университеттің құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылы жұмыстағы өзара сыпайылық пен әдептілік негізінде құрылады.
2.9 Университет қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша маманға:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша маман міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты ұсыну;
2) Анықталған тәуекелдер мен бұзушылықтарды объективті талқылау;
3) туындайтын мәселелер мен проблемаларды бірлесіп шешу.
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша маманның есептілігі 3.1 сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша жөніндегі маман сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның сұрау салуы бойынша қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар бойынша ақпарат жібереді.
3.2 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі маман Университет басшысына (жартыжылдық және жылдық) есепті жолдайды. Университет басшысы тарапынан ықтимал сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туындаған кезде 03.01.23 ж. № 188-VII ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы 24-бабы 1-тармағына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгінеді.
4. Білуі керек
4.1 Оның қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін.
4.2 Университет Жарғысын.
4.3 Құжаттаманы жүргізудің белгіленген ережелерін.
4.4 Іскерлік қарым-қатынас этикасын.
4.5 Қауіпсіздік қызметі бөлімінің ережесін.
4.6 Университеттің ішкі тәртіп ережелерін.
4.7 Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік, санитарлық және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын.
5. Құқықтары
5.1 Университет басшылығына сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және алдын-алу бойынша ұсыныстар жасау.
5.2 Өз құзыреті шегінде құжаттарға қол қою және бұрыштама қою.
5.3 Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және алдын-алу мақсатында нормативтік-құқықтық базаны әзірлеу және түзету үшін Университеттің коммерциялық, өндірістік, қаржылық және басқа да қызметінің барлық тараптарын зерделеу.
5.4 Университет қызметкерлерінің жеке істерін зерделеу.
5.5 Тексеруге түскен материалдар бойынша Университет қызметкерлері мен оқушыларын шақыру, олардан жазбаша түсініктемелер және өзге де құжаттар алу.
5.6 Университеттің ғимараттары мен үй-жайларына тәуліктің кез-келген уақытында кедергісіз кіру, Университет аумағына қызметтік немесе жеке автокөлікпен кіру.
5.7 Қауіпсіздік қызметі бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестерді, отырыстарды, жұмыс кездесулерін және семинарларды, оның ішінде өзге де мемлекеттік органдар өткізетін семинарларды өткізу және оларға қатысу.
6. Жауапкершілік
6.1 Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес өзінің лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты болады.
6.2 Университеттің сақтауға немесе басқа мақсаттар үшін берілген материалдық құндылықтары үшін толық материалдық жауапты болады және залал келтірмеу шараларын қабылдайды.
6.3 Өз қызметін жүзеге асыру процесінде - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында айқындалған шектерде жасалған құқық бұзушылықтар үшін жауапты болады.
6.4 Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес қызметтік және коммерциялық құпияны жария еткені үшін жауапты болады.