УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Республикалық конкурстар

Республикалық конкурстар

Балалар музыка мектептері, балалар өнер мектептері және мамандандырылған орта музыка мекетерінің орта сынып оқушылары арасында музыкалық-теориялық пәндер бойынша хi республикалық олимпиада

БАЛАЛАР МУЗЫКА МЕКТЕПТЕРІ, БАЛАЛАР ӨНЕР МЕКТЕПТЕРІ ЖӘНЕ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ОРТА МУЗЫКА МЕКЕТЕРІНІҢ ОРТА СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА МУЗЫКАЛЫҚ-ТЕОРИЯЛЫҚ ПӘНДЕР БОЙЫНША ХI РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫН
ЕРЕЖЕСІ

 

Қазақ ұлттық өнер университеті (әрі қарай – ҚазҰӨУ) Балалар музыка мектептері, Балалар өнер мектептері және Мамандандырылған орта музыка мекетерінің орта сынып оқушылары арасында музыкалық-теориялық пәндер бойынша ХI Республикалық олимпиаданы (бұдан әрі – Олимпиада) жұргізеді.

Олимпиада жыл сайын екі номинация бойынша өткізіледі: «Музыкалық әдебиет», «Музыка теориясы, сольфеджио», 2024 жылдан бастап Олимпиадаға «Этносольфеджио» номинация енгізілді.

Өткізу орыны: ҚазҰӨУ колледжі ( Қазақстан, Астана қ.)
Өткізу уақыты: 2024 ж. 9-10 қараша.

Олимпиаданың мақсаты: дарынды жастарды қолдау, кәсіптік оқыту үшін алғыр оқушыларды  табу,  музыка-теориялық пәндерге қызығушылық таныту, оқышылар мен педагогтердің шығармашылық белсенділігін арттыру.
Негізгі бағыттар:
оқушыларды кәсіптік музыкалық білімді алуға бейімдеу;

  • оқушылардың музыка-теориялық деңгейлерін көтеру;
  • кәсіптік педагогикалық шеберлікті арттыру;
  • оқытушылардың шығармашылық белсенділігін ынталандыру;
  • музыка-теориялық пәндер бойынша оқушылардың кәсіптік шеберлігінің сапасын жақсарту;
  • ең талапты жастарды анықтау – музыкалық училищелер мен колледж және Қазақстан ЖОО-ның жақын және алыс шетелдерде оқитын болашақ талапкерлерді анықтау.
  • НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ
    • Қатысу шарттары

Сайысқа БММ, БӨМ жоғарғы сынып оқушылары; МОММ орта сынып оқушылары қатыса алады. Бір оқушы бір номинация немесе бірнеше номинацияларда қатыса алады.
Олимпиаданын жұмыс тілдері қазақша және орысша болып табылады.
Орындау реті жеребе тарту арқылы анықталады және байқау аяқталғанша сақталады. Тіркелу кезінде байқауға қатысушылар туу туралы куәлігін көрсетуі қажет.

1.2 Қаражат шарттары
Олимпиадаға қатысу тегін. Көлік және жол шығындарын жіберуші тарап немесе қатысушылардың өздері көтереді.

1.3 Олимпиада қатысушылардың санаттары
Олимпиада қатысушылар үш топқа бөлінеді: кіші, орта және жоғарғы.
«Музыкалық әдебиет» номинациясы бойынша әр топ келесі деңгейлерге бөлінеді:

Топ

Деңгейі

БММ, БӨМ сыныптары

КІШІ

1

7 жылдық оқу бағдарламасының 5-сыныбы, 3-сынып 5 жылдық оқу бағдарламасы

2

7 жылдық оқу бағдарламасының 6-сыныбы, 5 жылдық оқу бағдарламасының 4-сынып

3

7 жылдық оқу бағдарламасының 7-сыныбы,
5-сынып 5 жылдық оқу бағдарламасы

ЖОҒАРҒЫ

1

МОММ  7 сынып

2

МОММ  8 сынып

3

МОММ  9 сынып

«Музыка теориясы, сольфеджио» номинациясында деңгейлерге бөлінуі басқаша:

Топ

БММ, БӨМ сыныптары

КІШІ

БММ (7 жылдық оқу бағдарламасы бойынша) және МОММ (9 жылдық оқу бағдарламасы бойынша) 5-сынып оқушылары.

ОРТА

БММ 7-сынып оқушылары (7 жылдық оқу бағдарламасы бойынша), 7-сыныптар (ҚазҰУИ, 9 жылдық оқу бағдарламасы бойынша), БММ және БӨМ 5-сыныптары (5 жылдық оқу бағдарламасы бойынша).

ЖОҒАРҒЫ

МОММ 7-8 сынып оқушылары (Қарағанды, Павлодар, Алматы), ҚазҰӨУ 8-9 сыныптар.

«Этносольфеджио» номинациясында топтар мамандықтар бойынша бөлінеді:

ТОП

БММ, БӨМ сынып

ДОМБЫРА

4 және 5 сынып оқушылары (5 жылдық оқу бағдарламасы бойынша) және МОММ (9 жылдық оқу бағдарламасы бойынша) 7-9 сынып оқушылары.

ДӘСТҮРЛІ ӘН

4 және 5 сынып оқушылары (5 жылдық оқу бағдарламасы бойынша) және МОММ (9 жылдық оқу бағдарламасы бойынша) 7-9 сынып оқушылары.

1.4 Өткізу кезендері:
Олимпиада екі кезенге бөлінеді:


Кезендер

Тур атауы

Өткізу орны

Өткізу уақыты

1 кезен

Іріктеу

Оқу орындарының базасында жүзеге асырылады

2024 жылдың 25 қазанына дейін

2 кезен

Негізгі

Қазақстан, Астана, ҚазҰӨУ колледжі

2024 жылдың 09-10 қарашаға дейін

1.5 Өткізу тәртібі
Қорытынды кезең ҚазҰӨУ колледжінде 1 кезең жеңімпаздары арасында өтеді (әрбір оқу орнынан үш жас тобында әр деңгейге 5 қатысушыдан аспауы керек). 
Финалдық сайыста – 1-3 тур – «Музыкалық әдебиет» номинациясы бойынша музыкалық әдебиет бойынша үш тапсырма ұсынылады. «Музыка теориясы, сольфеджио» номинациясында сольфеджио бойынша екі тапсырма, музыка теориясы бойынша біреуі. «Этносольфеджио» номинациясында этносольфеджиодағы үш тапсырма, біреуі импровизацияға арналған. Барлық тапсырмалар пәндер бойынша бағдарламалық талаптарға сәйкес құрастырылған.
1-ші және 2-ші турдың нәтижелері бойынша қазылар алқасы барлық қатысушыларды 3-ші турға жібермеу құқығын өзіне қалдырады.

1.6 Олимпиаданың қазылар алқасы
Қазылар алқасының құрамын байқауды ұйымдастырушылар (ҚазҰӨУ) анықтайды.
Қазылар алқасының құзыреті:

  • Тапсырмалардың нәтижелерін тексереді және бағалайды;
  • Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне үміткерлерді анықтайды;
  • I, II, III дәрежелі дипломдардың санын анықтауға, Гран-при беруге, сондай-ақ арнайы сыйлықтар (дипломдар) беру мүмкіндігі туралы шешім қабылдауға құқылы. Қазылар алқасы белгілі бір номинациялар бойынша диплом бермеу құқығын өзіне қалдырады;
  • Қазылар алқасының шешімін қайта қарау мүмкін емес.

Байқау нәтижелері Қазақ ұлттық өнер университетінің колледжіне «Музыка теориясы» мамандығына және басқа орындаушылық мамандықтарға түсу емтихандарында ескерілуі мүмкін.

1.7 Қосымша ісшаралар
Олимпиада аясында шеберлік сыныптары мен тақырыптық дөңгелек үстелдер өткізіледі.

1.8 Өтініш формасы
Қатысуға өтінімдер 2024 жылдың 25 қазанына дейін ұйымдастыру комитетінің olimpiada.kaznui@mail.ru электрондық мекенжайына «Қатысушының аты-жөні, өтініш» тақырыбы бойынша жіберіледі (мысалы: Ахметов А. өтініші). Өтініш формасының 1-қосымшаны қараңыз.

1.9 Марапаттануы
Олимпиада қатысушылар келесі дипломдармен немесе сертификаттармен марапатталады: 1, 2, 3 дәрежелі диплом, жеке номинация бойынша диплом, қатысқаны үшін диплом, дөңгелек үстелге қатысушының сертификаты.

1.10 Байланыс ақпараты:
Олимпиадаға қатысты барлық сұрақтарды olimpiada.kaznui@mail.ru электронды пошта арқылы жіберуге болады
Байланыс телефондары
8 702 966 52 36 – Бейсембекова Гаухар Тлеугазиевна
8 702 580 06 84  - Вагапова Раиля Раильевна
8 701 371 72 19 – Мухамеджанова Жанар Турсуновна
8 705 126 42 25 -  Сагитова Анна Геннадьевна

 

2. ОЛИМПИАДА ТАЛАПТАРЫ. «МУЗЫКА ТЕОРИЯСЫ, СОЛЬФЕДЖИО» НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША ОЛИМПИАДА БАҒДАРЛАМАСЫ

            2.1    I тур: Сольфеджио бойынша жазбаша жұмыс

  •   Диктант (2 қосымша). Дәстүрлі және шығармашылық формалар. Дәстүрлі емес формалардың арасында мыналар болуы мүмкін:
      • Мозаика әуені (8 ойнау барысында ұсынылған әуен фрагменттерін ретімен бүктеп, артық бөлігін алып тастаңыз);
      •  ритмикалық (нотада жазылған әуендегі 8 ойнау барысында өлшемін анықтап, ритмикалық үлгіні жазыңыз);
      •  екі дауысты диктант (екі дауысты үзіндіні 8 рет ойнағанда тастап кеткен дауысты қосыңыз).
  • Есту анализі  (3 қосымша):
  • Интервалдар тізбегі тональдікте  (6-7 интервал)
  • Аккордтар тізбегі (8-10)
  • Аралас тізбегі (8-10 интервал және  аккордтар)

          Жұмыстты орындау уақыты – 45 минут:
Диктант –  10 рет ойналады.
Есту анализі – 5 рет ойналады.

  2.2.   II тур:  Музыка теориясы пәні бойынша жазбаша жұмыс (4 қосымша)

              Мысалдар:

  • Шеткі дыбыстары d-h интервалды құрайтын аккордтарды құру. Диссонансты аккордтарды шешу, тональдіктерді аңықтау.
  • d-h интервалын энгармониялық ауыстыру жасау, пайда болған интервалдарды кішірейтілген септаккорд дыбыстарымен толтыру, септаккордты екі тональдікке шешу.
  • d-moll тональдігіне аттас тональдік болатын мажорлық звукоряд құру. Бір бірінен айырмашылығы бар сатыларды белгілеу.
  • d дыбысы ІІ саты болатын звукорядттарды құру;
  • Музыкалық мысалдың топтауы бойынша өлшем аңықтап мысалды такттерге бөлу;
  • d дыбысынан барлық сізге белгілі екі тонға сапалы шапасы тен интервалдарды құру. Пайда болған ұлғайтылған (кішірейтілген) интервалды екі тональдікке шешу;
  • Ұсынылған үзіндінің саздық құрылымын (тональдігін) анықтаңыз;

8.       Интервалдар тізбегін аккорд тізбегіне түрлендіру (дыбыстарды интервалға толықтыру арқылы);

  • Найти ошибки (метрические, ритмические, мелодические, гармонические) в предлагаемых примерах, указать правильный вариант записи; Ұсынылған мысалдардан қателерді (метрикалық, ырғақтық, әуенді, гармоникалық) табыңыз, дұрыс жазып көрсетіңіз;
  • d- moll тональдігінде барлық кішірейтілген  (ұлғайтылған) интервалдарды құру.

Жқмысты орындау уақыты – 45 минут. Жұмысқа жоғарыда айтылғандардың 6-7 тапсырмасы кіреді.

  2.3.   Бағалау критерийлері. Жұмыстың барлық түрлері он балдық шкала бойынша бағаланады. Қазылар алқасының қалауы бойынша бонустық ұпайларды алуға болады.
Диктант сольфеджио бойынша  келесі параметрлер бойынша бағаланады:

  • диктанттың сауатты және дұрыс жазылуы
  • жазу уақыты (жұмысты аз уақытта орындау кезінде бонустық ұпайлар алуға болады)

3) диктантты жатқа ойнату кезінде шығармашылық бастама көрсеткені үшін (транспозиция, сүйемелдеу, екі және көп дауысты және т.б.) диктантты есте сақтау арқылы қайталағысы келетін қатысушы қосымша балл алады.

Есту талдауы келесі параметрлер бойынша бағаланады:
1)Дұрыс тональды жоспар (аккорд тізбегінде);
2) музыкалық құрылыстың интервалдық/аккордтық такктер мазмұны.
3) жұмысты аз уақыт ішінде орындағаны үшін, фортепианода ұсынылған құрылысты орындағаны үшін (жазбасыз) бонустық ұпайлар алуға болады.

Музыка теориясы бойынша жазбаша жұмыс келесі параметрлер бойынша бағаланады:
1) дұрыс құру және сауатты жазу;
2) жазу уақыты (жұмысты орындау кезінде бонустық ұпайларды аз уақытта алуға болады – 30 минутқа дейін).

      2.4.   III тур:  Ауызша жауап
1. Бір дауысты үзінді парағынан өткізіп алған үзіндіні ойлап табумен оқу (секвенция, тоникаға дейін жеткізу және т. б.) (5 қосымша).

  2.5.   Бағалау критерийлері

Парақтан оқу келесі параметрлер бойынша бағаланады:
1) Әуенді сауатты орындау;
2) Мәнерлі ән айту;
3) Шығармашылық бастама көрсеткені үшін бонустық ұпай алуға болады.

 

3. ОЛИМПИАДА ТАЛАПТАРЫ. «ЭТНОСОЛЬФЕДЖИО» НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША ОЛИМПИАДА БАҒДАРЛАМАСЫ

            3.1    I тур: Этносольфеджио бойынша жазбаша жұмыс

1.  «Домбыра» мамандығына арналған диктант (қосымша 7) ауызша және жазбаша түрде орындалады. Төкпе стиліндегі күй үзіндісін (негізгі немесе орта буын) қатысушылар алдымен ауызша тыңдайды, домбырада жатқа қайталайды, содан кейін жазады:

  • Ауызша диктант – күй үзіндісі 3 рет тыңдалып, домбырамен жатқа орындалады;
  • Жазбаша диктант (8 ойналымнан нотамен екі дауыста жазып, көлемін, ырғақ үлгісін анықтау, қағыстарды көрсету);
  • Диктант талдауы бойынша жазбаша сұрақтарға жауап беру (күйдің стилін, формасын, қағыс түрін анықтау: алма-кезек, орама, біркелкі, ілме қағыс, адай қағыс, ППVП).

 Жұмысты орындау уақыты – 45 минут:
Ауызша диктант – 3 ойналым
Диктант –  8 ойналым.

2.  «Дәстүрлі ән» мамандығына арналған диктант. Қара өлеңнен үзінді (бір шумақ):

  • Жазбаша диктант (8 ойналымнан өлең құрылысының өлшемі мен буындардың әндетілуіне, ырғақтық суретіне назар аудара, мәтіні мен әуенді нотаға түсіру);
  • Диктант талдауы бойынша жазбаша сұрақтарға жауап беру (әннің жанрын, өлең құрылымын, диапазонын анықтау)

Жұмысты орындау уақыты – 35 минут:
Диктант –  8 ойналым.

  3.2.   II тур: Жазбаша жауап. Парақтан оқу.

 «Домбыра» және «Дәстүрлі ән» мамандықтары. Ноталық үлгілерді парақтан мәтінмен орындау.

  • Ғұрыптық және тұрмыс-cалт әндер (7-8 буынды әндер)
  • Халықтық ән өнері (11 буынды қара өлең)
  • Ауызша-кәсіби ән өнері (Батыс, Жетісу, Арқа)

Үлгі ретінде Омарова Г.Н., Мурзағалиева Г.И. Этносольфеджио. Ноталық қосымша. – Алматы, 2005. – 91 с. жинағынан келесі номерлер ұсынылады: №2, №52, №61, №69, №93, №95, №105, №113, №115, №130.

  3.3.   III тур: Импровизация

 «Домбыра» мамандығына – берілген күй тақырыбына импровизация.
Бұл тапсырманы орындау үшін қатысушыларға күй тақырыбы (негізгі буын) ұсынылады. Байқауға қатысушы домбыра өнерінің дәстүрлі канондары бойынша өз импровизациясын жасап, орындауы керек. Қатысушы қалауына қарай өз күйінің атауын қойса болады.

 «Дәстүрлі ән» мамандығына – әнді аяқтап, шығару.
Бұл тапсырманы орындау үшін қатысушыға қара өлең жанрындағы әннің әуені мен 1-інші және 2-нші жол сөздері бар 4 жолды шумақ беріледі, қатысушы 3-4 жолдың сөздерін шығарып, домбыра сүйемелдеуімен әнді орындауы керек. Оған қоса әннің қайырмасын шығарған жағдайда қосымша ұпай алу мүмкіндігі бар.

Кезең тапсырмасын орындау уақыты 30 минуттан аспайды.

3.4. Бағалау критерийлері. Жұмыстың барлық түрлері он балдық шкала бойынша бағаланады. Қазылар алқасының қалауы бойынша қосымша ұпайларды алуға болады.

Этносольфеджио бойынша диктант келесі параметрлер арқылы бағаланады:

  • Ауызша диктантты бірінші тыңдаудан кейін дәл қайталау үшін - 10 ұпай, екінші тыңдаудан кейін орындау үшін- 9 ұпай, үш тыңдаудан кейін - 8 ұпай.
  • Жазбаша диктант - диктантты сауатты және дұрыс жазу;
  • Жазу уақыты (жұмысты аз уақытта аяқтаған жағдайда қосымша ұпай алуға болады)
  • Күйді талдау бойынша сұрақтарға дұрыс жауаптар (әрбір дұрыс жауап үшін бір балл беріледі)

Ноталық үлгілерді мәтінмен орындау келесі параметрлер бойынша бағаланады: 1.Орындау дәлдігі;
2.Әртістік, музыкалық қабілеті
3.Қосымша ұпайлар: домбырамен интонациялау
 
III кезеңді бағалау критерийлері: Импровизация
1. Импровизация және шығарма дағдыларының меңгерілуі;
2. Шығарманың дәстүрлі форма мен құрылыммен (құрылым мен жүйемен) сәйкестігі;
3. Аймақтық және жергілікті дәстүрлердің ерекшеліктерін пайдалану / стереотиптік ладоинтонациялық айналымдар, ритмоформулалар, қағыстар, аппликатуралық штрихтар/;
4. Шығарманың өзіндік ерекшелігі.

 

4. ОЛИМПИАДА ТАЛАПТАРЫ. «МУЗЫКАЛЫҚ ӘДЕБИЕТІ (ҚАЗАҚ, ОРЫС, ШЕТЕЛ)» НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША ОЛИМПИАДА БАҒДАРЛАМАСЫ
 
Кіші топ:  Балалар музыка мектебінің және Балалар өнер мектебінің 5,6,7 сынып оқушылары,  (7 жылдық оқу бағдарламасы бойынша), Балалар музыка мектебінің және Балалар өнер мектебінің 3,4,5-сыныптары, (5 жылдық оқу бағдарламасы бойынша)
Үлкен топ: Мамандандырылған орта музыка мектебінің 7-9 сынып оқушылары (9 жылдық оқу бағдарламасы бойынша).

Топ

деңгей

Сынып БММ,БӨМ, МОММ

Оқу материалы

КІШІ

1

7 жылдық оқу бағдарламасының 5-сыныбы,
5 жылдық оқу бағдарламасының 3-сыныбы

Бірінші оқу жылының және екінші оқу жылының бірінші тоқсанындағы қазақ және шетел музыка әдебиеті

2

7 жылдық оқу бағдарламасының 6-сыныбы,
5 жылдық оқу бағдарламасының 4-сыныбы

Екінші оқу жылындағы қазақ және шетел музыка әдебиеті; Үшінші оқу жылының бірінші тоқсанындағы қазақ және орыс музыка әдебиеті

3

7 жылдық оқу бағдарламасының 7-сыныбы,
5 жылдық оқу бағдарламасының 5-сыныбы

Екінші, үшінші оқу жылының және төртінші оқу жылының бірінші тоқсанындағы қазақ, шетел және орыс музыка әдебиеті

ЖОҒАРҒЫ

1

Мамандандырылған орта музыка мекетебінің
7-сыныбы

Қазақ музыка әдебиеті (фольклорлық ән жанрларының барлық түрлері,  айтыс, эпос, қазақтың халық аспаптары, домбыраға арналған аңыз күйлер); шетел музыка әдебиеті (оқулық материалы және Ф. Мендельсон, Р. Шуман, К. Вебер, Ф. Лист, Дж. Брамс, Э. Григ, К. Сен-Санс шығармашылығы) және орыс музыка әдебиетінің бастапқы бөлімі (М. Глинка).

2

Мамандандырылған орта музыка мекетебінің
8-сыныбы

Қазақ музыка әдебиеті (фольклорлық аспаптық және фольклорлық вокалдық жанрлардың барлық түрлері, халық кәсіби өнер түрлері және Е.Брусиловский шығармашылығы), шетел музыка әдебиеті (оқулық материалы) және орыс музыка әдебиеті (оқулық материалы және А.Скрябин, С.Рахманинов шығармашылығы).

3

Мамандандырылған орта музыка мекетебінің
9-сыныбы

Қазақ музыка әдебиеті (фольклорлық аспаптық және фольклорлық вокалдық жанрлардың барлық түрлері, халық кәсіби өнер түрлері және Е.Брусиловскийдің, А. Жұбановтың, Л. Хамидидің, М. Төлебаевтың, Б. Байқадамовтың, С. Мұхамеджановтың шығармашылығы), шетел музыка әдебиеті (оқу құралының материалы) және орыс музыка әдебиеті (оқулық материалы және А. Скрябин, С. Рахманинов, И. Стравинский шығармашылығы), кеңестік музыка әдебиеті (оқулық материал)

4.1    I тур: Тест жұмыс түрлері.  Барлық топтардың әр түрлі деңгейі үшін сұрақтар келесі оқу материалдарына негізделеді:

Сұрақтар формасы мен тақырыбы бойынша әртүрлі тапсырмаларды қамтиды.
Сұрақтардың жобасы:

  • Бейне викторина (музыкалық фрагмент бойынша шығарманы және оның авторын табу; иллюстрациядан композиторды, шығарманы, музыкалық аспапты анықтау)
  • Шығарманың атауы бойынша авторды табу;
  • Опера кейіпкерінің әншілік дауысын табу;
  • Музыка туралы дәйексөздердің (цитатаның) кімге тиесілі екенін анықтау;
  • Өмірбаянның фрагменті бойынша оның кімге тиесілі екенін анықтау немесе өмірбаяндағы қателерді түзету;
  • Композитордың қандай шығармашылық бағытқа, қандай шығармашылық бірлестікке немесе қандай ұлттық композиторлық мектепке тиесілі екенін көрсету.
  • Музыкалық жанр мен көркемдік құралдарын анықтау
  • Музыкалық образды анықтау

4.2. II тур: Тізім бойынша музыкалық викторина және әуендік тақырыптарды (музыкалные темки) ойнау (тек үлкен топтар үшін).

Қазақ, шетел және орыс музыкасы бойынша музыкалық викторина қатысушыларға музыка әдебиеті саласындағы нақты білімдерін көрсетуге мүмкіндік береді.
Кіші топқа – 10 нөмір, үлкен топқа – 20 нөмір, қазақ, шетел және орыс музыкасы викторинада тең пропорцияда ұсынылады.
Викторинада аудио және бейне жазбалар пайдаланылады. Шығарма дыбысы түпнұсқада аяқталған музыкалық ой түрінде беріледі.
Музыкалық викторина оқу бағдарламасына сәйкес келеді, 6-қосымшаны қараңыз (сынып пен деңгей бойынша викторинаға арналған шығармалар тізімі). Әуендік тақырыптарды ойнау -
Үлкен топтың 1 деңгейі – 5 тақырып
Үлкен топтың 2 деңгейі – 7 тақырып
Үлкен топтың 3 деңгейі – 10 тақырып
Әуендік тақырыптар оқу бағдарламасына сәйкес болуы керек.

Бағалау критерийлері: дұрыс аталған нөмір үшін толық балл қойылады (шығарманың авторды, шығарманың атауы, оның бөлімі, көрініс, нөмірі);  Әуендік тақырыптардың орындалуы – жақсы орындалған тақырып үшін толық ұпай беріледі. Басқа жағдайларда толық емес ұпайлар шегеріледі.

4.3. III тур: Әр жас тобында арнайы ұсынылған тақырып бойынша баяндама-презентация дайындалады:

Топ

Деңгей

Тақырып

КІШІ

1

Менің өмірімдегі музыканың алар орны

2

Менің сүйікті музыкалық туындым

3

Менің ұлы отандасым

ЖОҒАРҒЫ

1

Композитордың мерейтойы

2

Туған өлкемнің музыкалық дәстүрі

3

Музыка және әдебиет

 

4.4 Презентацияға қойылатын талаптар:

  • Microsoft Power Point бағдарламасында орындалады.
  • Көлемі 12-20 слайд. Бірінші слайдта автордың аты-жөні, жетекшісі, оқу орнының атауы болуы керек. Соңғы слайд – ақпарат көздерінің тізімі.
  • Презентацияда мәтіндік және иллюстрациялық слайдтар кезектесіп тұруы керек.
  • Презентация электрондық пошта немесе флэш-диск арқылы беріледі.
  • Музыкалық демонстрацияны баяндаушының өзі орындауы құпталады.
  • Сөйлеу уақыты 3-5 минут.
  • Презентация соңында баяндаушыға тақырыбы бойынша 1-2 сұрақ қойылады.

4.5 Презентацияны бағалау критерийлері:
1. Берілген тақырыптар аясына сәйкесуі;
2. Баяндаманың мазмұны мен тереңдігі;
3.Материалды баяндаудағы логикалық жүйелілік;
4.Ойлаудың ерекшелігі;
5. Бейне материал мен музыкалық иллюстрациялардың үйлесімділігі.
6. Әртістік қабілет.
7. Дайын мәтін көмегінсіз сөйлеу қабілеті.
8. Баяндамаға берілген уақыт регламентін бұзған жағдайда ұпайлар шегеріледі.
Әр тапсырма он балдық жүйе бойынша бағаланады.

Қосымша ақпарат

Положение XІ РО.pdf
ХІ РО ЕРЕЖЕСІ.pdf

ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2024 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.