ҚР МАМ «Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті» РММ
Республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауы
II кезең
2025
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім Комитетінің 26.03.2025 ж. № 14-0/1324-вн хаты негізінде «Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті» B022 «Музыкатану» білім беру бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындары арасында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық байқауының II кезеңін өткізу бойынша базалық ЖОО болып табылады.
Байқауға жұмыстар 2025 жылдың 25 сәуірге дейін қабылданады:
• қағаз жеткізгіште («СҒЗЖ республикалық байқауына» деген белгісі бар) мына мекенжай бойынша: Z00p4k6, Астана қ., Абай даңғылы 47, Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті, ғылым бөлімі;
• электрондық пошта арқылы: nauka@kaznui.kz («СҒЗЖ республикалық байқауына» хаттың тақырыбы)
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы байқауын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұсынымдарға сәйкес конкурстың II кезеңіне жіберіледі:
13. Байқаудың II кезеңіне қатысу үшін студенттердің ғылыми жұмыстарын ұсынғанда жоғары оқу орны базалық ЖОО ға байқаудың тиісті бөлімі бойынша мынадай құжаттар жіберіледі:
1) ғылыми жұмыс;
2) ғылыми жұмыстың аннотациясы;
3) орындалған жұмыстың дербестік дәрежесі туралы ғылыми жетекшінің пікірі (еркін нысанда);
4) автор (авторлар) және ғылыми жетекші туралы мәліметтер;
5) байқаудың бірінші кезеңінің қорытындылары туралы ректордың (проректордың) қолы қойылған хат немесе жұмысты байқауға ұсыну туралы ЖОО Ғылыми кеңесінің шешімі хаттамасымен жіберіледі;
14. СҒЗЖ байқауына бір жарым интервал көлемінде басылған студенттердің ғылыми жұмыстарының алғашқы даналары ұсынылады. Жұмыс көлемі 20-40 беттен аспауы керек. Оны ұлғайту жағына қарай жұмыс көлемі бойынша шектеулерді базалық ЖОО-лар байқауының бөлімдері бойынша өзгерте алады. Макеттер мен табиғи жәдігерлерді ұсынуға жол берілмейді. Жұмысқа қоса берілген сызбалар мен иллюстрациялар стандартты өлшемдегі парақтарда құрастырылуы тиіс.
Ғылыми жұмысқа ғылыми жұмыстың нәтижелерін енгізу туралы актілер (актілердің көшірмелері), патенттердің, ғылыми мақалалардың көшірмелері қоса берілуі мүмкін. Дипломдық, курстық жұмыстар мен жобалар, егер оларда ғылыми жаңалық болса немесе олардың нәтижелерін өндіріске немесе оқу процесіне енгізу көзделсе, байқауға ұсынылуы мүмкін.
15. Жеке мөрлеген пакетте жұмыстың авторы (авторлары) және ғылыми жетекшісі (басшылары) туралы мәліметтер, сондай-ақ ашық конкурстың бірінші турының қорытындылары туралы ректордың (проректордың) қолы қойылған хат немесе ЖОО Ғылыми кеңесінің СҒЗЖ байқауына жұмысты ұсыну туралы шешімі ұсынылады. Жұмысты авторлық ұжым орындаған жағдайда, авторлар тізімінде олардың жеке үлесіне сәйкес ұсынылуы қажет;
16. Осы ұсынымдар бұзылған жұмыстар ұсынылған жағдайда базалық ЖОО байқауының комиссиясы бұл жұмыстарды байқауға қатысудан бас тартуға құқылы (міндетті түрде бас тарту себептерін көрсете отырып).
Жұмысты жобалауға қойылатын талаптар:
1. Автордың аты-жөні құпия түрд, тек жұмыстың атауы бар титулдық бет.
2. Шрифт: Times New Roman, шрифт өлшемі: 14, жоларалық интервал: жалғыз.
3. Шеттері: әр жағынан 2 см;
4. Абзац: 1.25.
5. Көлемі: баспа мәтінінің 20-дан 40 бетіне дейін.
6. Дереккөздер тізімі.
7. Тілі: қазақ, орыс.
МАҢЫЗДЫ:
Байқауға жіберілген барлық жұмыстар ҚазҰӨУ ғылым бөліміндегі Strikeplagiarism.com плагиатқа қарсы жүйесі арқылы плагиатқа тексеріледі.
Байқауға қатысудың шекті баллы 70%-дан кем емес.
Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.
Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.