«ҰЛЫ ДАЛА МУЗЫКАСЫ»
жыл сайынғы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
2025 жылғы 17-19 қазан
К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті «ҰЛЫ ДАЛА МУЗЫКАСЫ» жыл сайынғы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының өткізілетінін хабарлайды. Конференция жұмысы қазіргі заманғы өнерде, мәдениетте және білім беруде Ұлы дала музыкасын сақтау және тарату мәселелерін жариялаумен байланысты болады.
Конференцияға қатысуға музыкатанушылар, өнертанушылар, дәстүрлі орындаушылар, тарихшылар, мәдениеттанушылар, дінтанушылар, философтар, этнографтар шақырылады.
Конференцияда келесі мәселелерді талқылау жоспарланған:
Конференция аясында дәстүрлі орындаушылардың шеберлік сыныптары, сондай-ақ ғалым-музыкатанушылар Пернебек Шегебаев пен Базаралы Мүптекеевті еске алуға арналған дөңгелек үстелдер өткізіледі, сонымен қатар Материалдық емес мәдени мұраның ғылыми зертханасы ашылады.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференция қатысушыларының жол жүру, тұру және іссапар шығыстары жіберуші ұйымның есебінен төленеді.
2025 жылғы 12 қазанға дейін өтінім мен баяндама мәтінін келесі электрондық пошта мекенжайына жіберу қажет: uly-dala-musica@mail.ru. Жіберілетін баяндаманың жарияланым үшін көлемі 10 бетке дейін болуы тиіс (шрифт – Times New Roman, 14 кегль, интервал – дара, барлық жиектер – 2 см, ені бойынша туралау, тасымалдау – автоматты, абзац шегінісі – 1,25 см).
Баяндаманың басында бас әріптермен рәсімделген атауы, одан кейін әдеттегі кіші әріптермен автордың (немесе авторлардың) толық тегі, аты, әкесінің аты, ғылыми дәрежесі, атағы, жұмыс немесе оқу орны, телефоны, электрондық пошта мекенжайы көрсетіледі. Магистранттар мен докторанттар қосымша түрде ғылыми жетекшісінің/консультантының аты-жөні, дәрежесі, ғылыми атағы, лауазымы көрсетуі қажет.
Мақала оның негізгі мазмұнын көрсететін аннотациямен (150-200 сөз) және қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі кілт сөздермен (8-10 сөз) басталуы керек. Дәйексөз келтірілген әдебиеттер тізімі мақала мәтінінде пайда болу ретімен беріледі (мақала мәтінінде квадрат жақшада Тізімдегі нөмірі және беті көрсетіледі)
Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына сәйкес келмейтін немесе ұсынылған талаптарға сәйкес келмейтін баяндамаларды қабылдамау құқығын өзіне қалдырады.
Конференция тақырыбына сәйкес мақалалар университеттің «Eurasian Science and Arts» ғылыми журналында жариялауға ұсынылады.
Байланыс телефондары:
87015160560 Альпеисова Гульнар Туякбаевна; 87028270613 Акпарова Галия Толегеновна
e-mail: uly-dala-musica@mail.ru
Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.
Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.