УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Республикалық конкурстар

Республикалық конкурстар

Oxford-style форматында өтетін дебаттарды ұйымдастыру және өткізу туралы «Жасанды интеллект – ғылымның жаңа субъектісі» тақырыбында

Ғылым философиясында ғылыми танымның субъектісі деп зерттеу сұрақтарын тұжырымдайтын, гипотезалар ұсынатын, алынған нәтижелерді интерпретациялайтын және алынған білім үшін жауапкершілік көтеретін танымдық белсенділіктің иесін айтады. Классикалық ғылыми дәстүрде ғылымның субъектісі

ретінде жеке зерттеуші қарастырылды. Алайда ғылымның дамуы білім өндіру үдерісінің ұжымдық сипатқа ие екенін көрсетті: ХХ ғасырда таным субъектісі ретінде барған

сайын ғылыми қауымдастық, яғни зерттеу ұжымдары, зертханалар және пәнаралық желілерден тұратын ғылыми орта қарастырыла бастады. Қазіргі ғылым философиясы ғылымды адамдар, құралдар, технологиялар және ақпараттық орталар өзара әрекеттесетін әлеуметтік-техникалық жүйе ретінде де

қарастырады. Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің дамуы деректерді өздігінен талдай алатын, заңдылықтарды анықтайтын және гипотезалар ұсына алатын жүйелерді ғылыми таным үдерісінің қатысушысы ретінде қарастыруға бола ма деген мәселені алға тартады.

Осыған байланысты қазіргі эпистемологияда кеңейтілген немесе үлестірілген субъектілік мәселесі талқылануда. Бұл көзқарас бойынша ғылыми білімнің субъектісі тек адаммен шектелмей, технологиялық инфрақұрылым элементтерін де қамтуы мүмкін.

Алайда толыққанды ғылыми субъектілік туралы айту үшін тек есептеу және гипотеза генерациялау қабілеті жеткілікті ме, әлде негізгі өлшемдер ретінде тек адамға тән сана, түсіну, интенционалдық және жауапкершілік қасиеттері қалуы тиіс пе деген сұрақ әлі де ашық күйінде қалып отыр.

ЕРЕЖЕ

Oxford-style форматында өтетін дебаттарды ұйымдастыру және өткізу туралы

«Жасанды интеллект – ғылымның жаңа субъектісі» тақырыбында

1. Жалпы ережелер

1.1. Осы Ереже Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде (бұдан әрі – ҚазҰӨУ) «Жасанды интеллект – ғылымның жаңа субъектісі» тақырыбында Oxford-style форматындағы дебаттарды (бұдан әрі – Дебаттар) ұйымдастыру және өткізу мақсаттарын, міндеттерін және тәртібін айқындайды.

1.2. Дебаттар ғылыми ойлауды дамыту, ғылымдағы заманауи технологиялық және философиялық мәселелерді сыни тұрғыдан талдау, ғылыми пікірталас алаңын қалыптастыру, сондай-ақ білім алушылардың дәлелді пікірталас жүргізу дағдыларын дамыту мақсатында өткізіледі.

1.3. Дебаттардың ұйымдастырушысы – ҚазҰӨУ Ғылым бөлімі.

1.4. Дебаттарға жоғары оқу орындарының бакалавриат студенттері, магистранттары, докторанттары және профессор-оқытушылар құрамы қатыса алады.

1.5. Дебаттардың жұмыс тілдері: қазақ және орыс тілдері.

2. Дебаттардың мақсаты мен міндеттері

Мақсаты: жасанды интеллекттің заманауи ғылымдағы рөлін, оның ғылыми таным және жаңа субъектісі ретінде қарастыру мүмкіндігін талқылауға арналған академиялық пікірталас алаңын құру.

Міндеттері:

  • ғылыми аргументация мәдениетін және академиялық пікірталас дәстүрін дамыту;
  • көпшілік алдында сөйлеу және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру;
  • студенттердің ғылымның философиялық, технологиялық және этикалық мәселелеріне қызығушылығын арттыру;
  • ғылыми зерттеулерде адам мен жасанды интеллекттің өзара әрекеттесу перспективаларын талқылау.

3. Өткізу форматы

3.1. Дебаттар Oxford-style debate форматында өткізіледі және келесі үш тараптың аргументтелген пікірталасын қамтиды:

  • бекіту тарапы (Proposition) – жасанды интеллект ғылымның жаңа субъектісі ретінде қарастырылуы мүмкін деген тезисті қолдайды;
  • қарсы тарап (Opposition) – аталған тезисті жоққа шығарады;
  • аналитикалық тарап (Analytical) – бекіту және теріске шығару тараптарының аргументтеріне тәуелсіз талдау жасап, ұсынылған ұстанымдардың күшті және әлсіз тұстарын анықтайды.

3.2. Дебаттардың құрылымы:

  • модератордың кіріспе сөзі;
  • тараптардың негізгі баяндамалары;
  • сұрақ-жауап раунды;
  • тараптардың қорытындысы;
  • қазылар алқасының талқылауы мен бағалауы; нәтижелерді жариялау.

3.3. Баяндамалардың шамамен регламенті:

Кезең

Уақыты

Модератордың дебатты ашуы

5 мин.

Бекіту тарапының сөзі (Proposition)

7 мин.

Қарсы тарапының сөзі (Opposition)

7 мин.

Аналитикалық тараптың сөзі (Analytical): ұстанымдарға алдын ала талдау

7 мин.

Тараптар арасындағы айқаспалы сұрақтар раунды

10 мин.

Бекіту тарапының қорытынды сөзі

5 мин.

Қарсылас тарапының қорытынды сөзі

5 мин.

Аналитикалық тараптың қорытынды талдауы

5 мин.

Модератордың дебатты жабуы

10 мин.

Регламент ұйымдастырушылардың шешімі бойынша өзгертілуі мүмкін. 4. Қазылар алқасы

  • Қатысушылардың сөздерін бағалау үшін ғылым, технология, философия және гуманитарлық зерттеулер саласындағы ғалымдар мен мамандардан қазылар алқасы құрылады.
  • Қазылар алқасы келесі критерийлер бойынша бағалайды:
  • аргументацияның ғылыми негізділігі;
  • баяндаманың логикалық құрылымы;
  • талдаудың жаңашылдығы мен тереңдігі;
  • пікірталас мәдениеті және сұрақтарға жауап беру қабілеті;
  • команданың ұстанымының сенімділігі.

4.3. Қазылар алқасының шешімі соңғы болып табылады.

5. Қорытындылау және марапаттау

5.1. Дебаттар қорытындысы бойынша жеңімпаз команда анықталады.

5.2. Ұйымдастырушылар қосымша номинациялар белгілеуі мүмкін, мысалы:

  • «Үздік спикер»
  • «Ең сенімді аргумент»
  • «Үздік ғылыми ұстаным» және т.б.

6. Ұйымдастыру шарттары

6.1. Дебаттарға қатысу үшін 2026 жылғы 10 сәуірге дейін белгіленген үлгідегі өтінімді жіберу қажет.

6.2. Дебаттар 2026 жылғы 13 сәуірде ҚазҰӨУ-де өткізіледі.

6.3. Ұйымдастыру мәселелері іс-шараның Ұйымдастыру комитетімен реттеледі.

7. Қорытынды ережелер

7.1. Ұйымдастырушылар қажет болған жағдайда Дебаттардың бағдарламасы мен регламентіне өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады.

Қатысуға өтінім (10.04.2026 дейін):



ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2026 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.