Көркемөнер Факультетi
artsfacultykaznua
Қазақ ұлттық өнер университетінің көркемөнер факультеті 2010 жылы ашылды. Жыл сайын факультеттің бакалавриат деңгейіне 17 білім беру бағдарламалары бойынша студенттер және магистратура деңгейіне 3 бағдарлама бойынша білім алушылар қабылданады.
Факультеттің профессорлық - оқытушылар құрамында 2 Phd докторы, 8 ғылым кандидаты, 15 ғылым магистры бар.
Факультет келесі біліктілік: суретші - кескіндемеші (ББ 6B02131 - Кескіндеме - Станокты (қондырғылы) кескіндеме, ББ 6B02132 - Кескіндеме - Монументалды кескіндеме), мүсінші (ББ 6B02134 - Мүсін), суретші - реставратор (ББ 6B02133 - Кескіндеме - Реставрация), сценограф- театр, кино және ТД қоюшы суретшісі(ББ 6B02111 - Сценография - Театралды-декорациялық өнер, ББ 6B02115 - Сценография - Театр, кино және ТД костюмінің сценографиясы, ББ 6B02117 - Сценография - Театр техникасы және спектакльді көркемдеу, ББ 6B02118 - Сценография - Жарық техникасы, ББ 6B02119 - Театр, кино және ТД гримінің сценографиясы, ББ 6B02190 - Сценография - Кино және ТД суретшісі), киім дизайнері (ББ 6B02121 - Киім дизайны), сән - қолданбалы өнер бойынша суретші (ББ B02172 - Сәндік өнер - Көркем тоқыма ББ 6B02175- Сәндік өнер - Металл және басқа материалдарды көркемдеп өңдеу) және түрлі саладағы дизайнерлер: ББ 6B02137 - Интерьер дизайны, ББ 6B02138 - Арт -дизайн, ББ 6B02139 - Графикалық дизайн, ББ 6B02136 - Өнеркәсіп дизайны) бағдарламалары бойынша мамандарды дайындайды.
Факультетте ҚР Еңбек сінірген қайраткерлері, «Құрмет» орденінің, «Мәдениет қайраткері», «Мәдениет саласының үздігі» атақтарының және басқа да сыйлықтардың иегерлері: Аманжол Мұсалімов, Лейла Махат, Бақытбек Мұхаметжанов, Серікжан Балтаев, Исмаил Ачилов, Арыстан Смагұлов, Шыныбай Прімбаев, Мұхтар Байбосын, Жанна Омарова, Байқоныр Ижанов, Армат Бектас, Ботагөз Төлеш, Махамбетжанова Гульнар және т.ғ.б. Қазақстан бейнелеу өнерінің көрнекті шеберлері педагогикалық қызмет атқарады.
Факультет ұстаздары Мұсалимов А.Ж. - И.Е. Репин атындағы Санкт - Петербург Мемлекеттік Академиялық кескіндеме, мүсін және сәулет институтының, Прімбаев Ш.И. - В. И. Суриков атындағы Мәскеу Мемлекеттік Академиялық көркем өнер институтының, Иманберген М. Р. және Күшікбаев Ж. - С.А.Герасимов атындағы Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының, Сағиев Б.Т. Лондон қаласындағы (Ұлыбритания) Central Saint Martins College of Art and Design оқу орындарының түлектері.
Ғылыми зерттеулермен факультетте филос.ғ.н. Дадырова А.А., филос.ғ.н. Мұхтарова Ғ.С., п.ғ.к. Могильная А.В., п.ғ. к. Ижанов Б.И., Phd докторы Жүкенова Ж.Д., п.ғ.к. Мұхаметжанов Б.А., т.ғ.к. Солтанбаева Г.Ш., п.ғ.к. Әмірғазин Е.К. шұғылданады.
Шет елдерінің алдынғы қатарлы Жоғары оқу орындарымен және мәдениет және өнер мекемелерімен халықаралық ынтымақтастықты дамытуға Phd докторы, факультеттің негізін қалаушы профессор Лейла Махат үлкен үліс қосуда.
Факультет ПОҚ өкілдері Наханова Б.У., Сырбаева А.А., Тоқсанова Ә.А., Кемельбаева Ә.К., Аймағамбетов Д.А., Исатаева С.Т., Абдуллаева Ә.К., Есқожина Л.Б., Самарқанова Ф.С., Серікбаева П.Ш., Ильясов Р.Г. ҚР суретшілер, дизайнерлер одақтарының, театр қайраткерлері, кинематографистер одактарының және халықаралық шығармашылық ассоциациялар мен бірлістіктерінің мүшелері болып табылады.
Факультет ұстаздары педагогикалық қызметтін тыс шығармашылық жұмысымен белсенді айналысады. Мүсінші, МАК профессоры Бақытбек Мұхаметжанов - Әлихан Бөкейханов (Семей қ.), Хиуаз Доспанова (Атырау қ.), ретропаркдегі «Дос-Мұқасан» мүсін композициясы (Актау қ.) сынды бірнеше ескерткіштердің авторы.
Доцент Серікжан Балтаев – сценография саласында 100 астам жобалардың авторы, Қазақстан театр сахналарындағы спектакльдерінің декорация бойынша суретшісі, сонымен қатар «Жас қанат» байқауының және басқа түрлі концерт, шоу бағдарламаларының қоюшы - суретшісі. Сонымен қатар 2000 жылы Астана қаласында «Астана Опера» опера және балет театрының ашылуы аясында Вердидің «Травиата» операсының алғашқы қойылымының декорация бойынша - суретшісі
Тәжірибелі ұстаз Алма Сырбаева – Қазақстан театр сахналарындағы көптеген елоралық қойылымдарының костюмдер бойынша және қоюшы - суретшісі және Дж. Пресгюрвик «Ромео мен Джульетта», «Қыз Жібек», «Ер -Төстік» мюзикл костюмдерінің авторы.
Факультетте «Арт-волонтерлік клуб» жұмыс істейді, оның аясында студенттер қайырымдылық шараларына қатысап, келесі жобаларды жүзеге асырды: Ақмола облысы, Ақкөл қаласындағы балалар үйіне мұз қалашығын құру, Астана қаласындағы «Нұрлы жүрек» балалар сауықтыру орталығының қабырғалары сурет салу.
Студенттер жыл сайын университетте және қаладағы галереяларда көркем сурет есеп беру көрмелерін өткізіді. Олардың ішінде астана қаласында ҚР Ұлттық музейіндегі, К.Бехзад атындағы Ұлттық өнер және дизайн институтында (Тәшкент қ.), Триумфалды арка, Бейбітшілік және келісім сарайында, ҚР Қарулы күштер Әскери - тарихи музейінде өткен Көркем өнер факультетінің көрмелерін атап өтуге болады.
Факультет алыс және жақын шетелдердің көптеген университеттері мен мәдени ұйымдарымен тығыз халықаралық ынтымақтастық орнатқан. Академиялық алмасу бағдарламасы аясында студенттер мен магистранттар жыл сайын Италияның жетекші жоғары оқу орындарында, мысалы, Брера бейнелеу өнері академиясында (Милан қ.), Флоренцияның көркем сурет академиясында және т.ғ.б. оқиды. Факультетте Ресей, Өзбекстан, Түркия және Италия серіктестерімен бірлескен іс-шаралар: конференциялар, көрмелер, сән қөрсетілімдері, көрмелері өткізіледі.
Әр жылдары факультет студенттерінің арасында «Дарын» жастар сыйлығының 4 лауреаты бар (Мүсіреп Сырым, Асқар Нұрболат, Тайшықова Дариға, Кемельбаева Асель), Тұңғыш Президент - Елбасы қорының лауреаттары (Покидко С., Кұлахметова А.), «Шабыт» Халықаралық шығармашылық жастар байқауының Гран - ПРИ лауреаттары (Әлібай А.), ҚР Жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы үздік ғылыми-зерттеу жұмыстарының Республикалық байқауының I, II, III орын диплом иегерлері (Марат А., Тлеубердинова А., Рахметуллаева И., Аманжолова А., Түлетова Ш., Аблашов Д. және т.б.). Сонымен қатар бейнелеу өнері, дизайн және сән саласындағы әр түрлі Халықаралық және Республикалық фестивальдар мен байқаулар лауреаттары бар.
Әсел Бекжан, Райхан Айтуарова, Әйгерім Амангелді, София Тейдэр, Бақытжан Үсембеков, Әсел Мектепбаева және басқа көптеген түлектер өздерінің шығармашылық белсенділіктерімен Қазақстанға және шет мемлекеттерге танымал.
Құрылу жылы: 2010 ж.
Факультет деканы - философия ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Мұхтарова Ғайни Сейсенқызы.