УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

<
>

     

    22.12.2023ж. ҚазҰӨУ-нің Е.Рахмадиев атындағы Үлкен залында ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері НҰРЛАН БЕКЕНОВ жетекшілігіндегі Қазақ халық аспаптар оркестрінің (колледж) 2023-2024 оқу жылының бірінші жартыжылдығына есеп беру концерті өтті. Бағдарлама репертуары мұқият іріктелген, орындаушылар да есептік концертке тамаша дайындықпен келген.

    Орындаушыларға жеке тоқталсақ, «Қобыз» мамандығының 2 курс студенті Балжан Жетен (педагог Р.Мұсақожаева) әр жолы өзінің орындаушылық шеберлігімен таң қалдырады. «Дәстүрлі ән өнері» мамандығының 4 курс студенті Даниял Рахметолла (педагог Г.Сарина)  Ақан серінің «Құлагер» әнін биік талғаммен, нақышына жеткізе орындап, тыңдарманның көңілінен шықты. Үлы ақын Абай Құнанбаевтың «Айттым сәлем, қаламқас» әнін орындаған «Академиялық ән» мамандығының 4 курс студенттері Біржан Нұрмыхаметов пен Мағжан Мәмбетиязов (оқытушылары Б. Меңдібайқызы, А. Мақсұтқызы) көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. «Баян» мамандығының 4 курс студенті Ерлік Таңбол нағыз сенсация жасады. Оттакар Новачектің «Perpetuum Mobile» шығармасынан кейін ол «бис»-ке Владимир Зубицкийдің  тақырыптас туындысын орындады. Бірінші курс студенттері де тыс қалмады. Айжан  Жаубасова  (педагог М. Османова) ұлттық  аспап - жетігенде  ойнады.

    Оқытушы Әйгерім Байжүменова Евгений Брусиловскийдің «Бозайғыр» сюитасының финалын орындап, студенттерге қолдау көрсетті. Оның шебер өнері көрермендердің қызу реакциясын тудырды. Сондай-ақ, домбырашылар ансамблінің (жетекшісі Е. Сапуанов) және «Аллегро» ансамблінің (жетекшісі М. Мадыкәрімов) музыканттары да биік деңгейлі өнер көрсете білді. Орындаулары сырт көзге жеңіл көрінгенмен, оның артында, әрине, музыканттардың да, ұстаздарының да үлкен еңбегі жатыр.
    Концерт соңында колледж қонағы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Астана қаласы Қазақ халық аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері Айтқали Тілепқалиұлы Жайымов ҚазҰӨУ-нің жетекшілеріне, ұжымына, концертке ризашылығын білдіріп, бағдарламаның мазмұны мен орындаушылардың шеберлігін ерекше атап өтті. Әрине, Айтқали Жайымов сынды деңгейдегі шебердің пікірі өте құнды.

    Айта кету керек, залда бірде-бір немқұрайлы көрермен болған жоқ: барлығы қол соғып, жылы лебіздер айтты, «браво» деген дауыстар естіліп жатты.Көрермендер концерт залынан шыққаннан кейін де  көргендерімен бөлісуді жалғастырды. Концерт сәтті өтті деген ойдамыз.


    ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

    Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

    Copyrights © 2024 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.