Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры міндетін атқарушы, профессор Нұртаза Раушан Сабыржанқызы тұңғыш әйел академик Нәйлә Базанова атындағы марапатқа ие болды. Бұл шара алғаш рет ғылым саласындағы әйелдерге тағайындалып отыр. Ұлттық ғылым академиясы ұйымдастырған шараға 400-ден аса әйел ғалымдар қатысты. Биылғы марапат 48 ғалымға тағайындалды. Раушан Сабыржанқызыны шын жүректен құттықтаймыз! Ғылым жолындағы еңбегіңіз елене берсін!
Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.
Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.