8 наурыз – Халықаралық Әйелдер күні университетімізде дәстүрлі түрде атап өтілді. Бұл күні біздің ұжым ұлттық киімдер киініп, мерекелік көңіл-күйде апта қорытындысын шығарды. Ректор міндетін атқарушы, профессор Раушан Сабыржанқызы Нұртаза, әріптестерді мерекемен құттықтап, оларға мықты денсаулық, еңбек саласында табыс және кәсіби жетістік тіледі.
Шара барысында әйелдердің қоғамдағы рөлі мен олардың жетістіктерін атап өтті. Университеттің белсенді қызметкерлері мен студенттері мереке аясында ұйымдастырылған түрлі шығармашылық және мәдени бағдарламаларға қатысып, көтеріңкі көңіл күйде өткізді.
Біздің ұжымның ерекше атмосферасы мерекенің маңыздылығын құшақ жая қарсы алып, әйелдерге деген шын сүйіспеншілікті көрсетті. 8 наурыз - әлемдегі барлық әйелдердің күш-жігерін, табандылығын және жетістіктерін атап өтетін керемет күн.
Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.
Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.