ДИМАШ - ХАЛЫҚ СҮЙІКТІСІ
ҚазҰӨУ-ның атақты түлегі,әлемге танымал әнші, мультиаспапшы Димаш Құдайбергенді кезекті жеңісімен құттықтаймыз! Димашқа мықты денсаулық, жеке басына бақыт, шығармашылығында табыс және жаңа жобаларда сәттілік тілейміз!
Елордамыз Астана қаласында 2024 жылдың 10 ақпанында жыл сайынғы «Халық сүйіктісі» ұлттық сыйлығын табыстау рәсімі өтті. 2023 жылғы дауыс беруге 200 мыңнан астам адам қатысқан.
Димаш Құдайберген «Халықтың сүйіктісі» сыйлығының үш дүркін жеңімпазы ретінде арнайы номинациямен марапатталды. Димаш жобадағы барлық номинанттарды құттықтап, халыққа қолдауы үшін өзінің алғысын білдірді.
«DimashAli» шығармашылық орталығының директоры, ҚР еңбек сіңірген
қайраткері Қанат Айтбаевқа еліміздің мәдениетіне қосқан қомақты үлесі
үшін Құрмет грамотасы мен арнайы сыйлық - атаулы сақина табысталды.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.
Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.