Осы атаулы датаға арналған кешенді іс-шаралар 2024 жылдың 20 ақпанында басталып кетті. Ү.Р.Жұмақованың алға қойған басты мақсаты - Қазақстан өнертану ғылымының даму сатыларын кезекпен көрсету және музыкатанушы ғалымдардың буындары арасында мықты шығармашылық байланыс орнату. Кешенді кездесулердің бірінші кезеңі шеберлік сабақтарымен басталды. Ұстаздардың айтуы бойынша шеберлік сабақтары сәтті өткен.
Алматының Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, өнертану ғылымының докторы, тәжірибелі ұстаз Өтеғалиева Сәуле Исхаққызы «Қазақ домбыра музыкасындағы модальдік тіректер мен дыбыстар қатарының бояу-биіктіктерге даралануы» тақырыпты шеберлік сабағын өте қызықты өткізді.
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдары Қазтуғанова Айнұр Жасанбергенқызы және Ақлима Қайырденқызы Омарованың шеберлік сыныбы да сәтті шықты. Мұның өзіндік себебі олардың өзекті тақырып таңдауына байланысты болды деп санаймыз - «Музыкатанудағы жаңа ізденістер: М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының жобалары мен басылымдары» қатысушылардың шынайы қызығушылығын оятты.
Аталмыш шеберлік сабақтарына Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушылары мен студенттері, магистранттары мен докторанттары және басқа да оқу орындарынан арнайы шақыру алған ұстаздар қатысты.
Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.
Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.