УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

 

Бүгін университетімізде Франция елшілігінің өкілдері, Festival Avignon Off басшыларының бірі Арольд Кояк пен ҚазҰӨУ ректоры міндетін атқарушы, профессор Раушан Нұртаза кездесуі өтті.

Кездесу мақсаты - Франция мен Қазақстан арасындағы мәдени және университеттік ынтымақтастықты нығайту. Қонақтар Қазақ ұлттық өнер университеті Франция елшілігінің бұрыннан келе жатқан серіктестерінің бірі екенін жеткізді. Осы орайда француз делегациясы биылға жоспарлаған Festival Avignon Off фестивалі туралы мәлімет беріп, фестиваль аясында кәсіби театр өнеріне негізделген бағдарламалар ұйымдастырылатынын айтты. 

Кездесу біздің «Театр өнері және өнертану» факультеті студенттерінің өнер көрсетуімен тәмамдалды.


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.