ҚазҰӨУ колледжінің студенттері «Астана Опера» театрының сахнасында өнер көрсетті.
Қазақ ұлттық өнер университетінің колледжінің студенттері «Наурыз-Думан» Халықаралық опера академиясының концертіне қатысып, «Астана Опера» театрының камералық залының сахнасын өз өнерімен жарқыратып, өрледі.
Жас таланттар өздерінің жоғары деңгейдегі шеберліктерін көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Шаттыққа толы қошемет пен ду қол шапалақ студенттеріміздің үлкен сахнадағы сәтті дебютінің жарқын дәлелі болды.
Наурыз мейрамында қасиетті домбыраның үні де ерекше әуезбен естілді. Күмбірлеген күй ұлттық рухты аспандатып, көрермендерді терең сезімге бөлейді. Бұл кеш – студенттер үшін жай ғана концерт емес, кәсіби сахнада өнер көрсетіп, тәжірибе жинақтауға және шабыт алуға тамаша мүмкіндік!
Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.
Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.