Университетте білім алушы оқудан шығарылуы мүмкін:
- білім беру бағдарламасын игеріп, қорытынды аттестаттаудан сәтті өткеннен кейін;
-
өтініш негізінде ата-анасының біреуінің жазбаша түрдегі келісімімен өз еркімен;
- денсаулық жағдайы бойынша дәрігерлік-консультативтік комиссияның анықтама қорытындысы негізінде;
- басқа білім беру ұйымына ауысуына байланысты;
- білім беру қызметтерін көрсету шартының талаптарын бұзғаны үшін, оның ішінде оқу ақысын уақтылы төлемегені үшін;
- академиялық үлгерімсіздігі үшін (дәлелсіз себептермен 25 кредиттен асатын академиялық айырмашылық үшін);
- академиялық адалдық қағидаттарын бұзғаны үшін;
- оқу тәртібін, ішкі тәртіп ережелерін және университет Жарғысын бұзғаны үшін;
- шартты қабылдау кезінде ҰБТ шекті балынан өтпегені үшін (бакалавриат);
- шетелде алған білімі туралы құжатты (магистратура және докторантура) тану туралы құжатты уақтылы ұсынбағаны үшін;
- білім алушы бас бостандығынан айыруға немесе оқуын жалғастыру мүмкіндігін болдырмайтын өзге де жазаға сотталған сот үкімі заңды күшіне енген жағдайда;
- өлімге байланысты.