УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

«Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің Петропавл қаласындағы өкілдігі.

ТАЛАПКЕР 2026


«Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті» РММ Солтүстік Қазақстан облысында өкілдігін ашады

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті» РММ еліміздің білім беру кеңістігін одан әрі кеңейтіп, өңірлердегі дарынды жастардың сапалы өнер білімін алуына жаңа мүмкіндіктер ұсынуда.

Мәдениет және өнер саласында сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында университет жаңа оқу жылынан бастап Солтүстік Қазақстан облысында өкілдігін ашатын болады. Бұл бастама солтүстік өңірдің дарынды жастарын қолдауға, олардың білім алуына берік негіз қалыптастыруға және шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі дамытуына мүмкіндік жасауға бағытталған.

Бүгінде Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті музыкалық өнер, театр өнері, бейнелеу өнері, кино және телережиссура, арт-менеджмент және өзге де шығармашылық бағыттар бойынша жоғары білікті мамандар даярлайтын Қазақстандағы жетекші шығармашылық жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Университеттің студенттері мен түлектері халықаралық аренада Қазақстанның мерейін үстем етіп, беделді байқаулар мен фестивальдердің лауреаттары атанып, кәсіби қызметте табысты еңбек етіп, отандық мәдениеттің дамуына елеулі үлес қосып келеді.
Солтүстік Қазақстан облысында өкілдіктің ашылуы өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға, жас дарындарды анықтап қолдауға, сондай-ақ өңір жастары үшін сапалы шығармашылық білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болып табылады. Талапкерлерді қабылдау «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» бағыты бойынша білім беру бағдарламалары топтары негізінде жүзеге асырылады:
В027 - Театр өнері
В030 - Бейнелеу өнері
В100 – Вокалдық өнері
В101 – Дәстүрлі музыкалық өнері
В102 – Эстрада өнері
В103 - Кино және теледидар режиссурасы

2026–2027 оқу жылына қабылдау бойынша құжаттарды тапсыру және түсу мәселелері жөніндегі консультациялар 2026 жылғы 20 маусымнан 6 шілдеге дейін Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 50 мекенжайы бойынша жүргізіледі.

Түсу емтихандары 2026 жылғы 7 шілдеден басталады.
Қабылдау комиссиясының байланыс телефондары:
+ (7172) 47-20-40 (ішкі нөмірі 724);
+7 707 560 1658 (WhatsApp — тек жазбаша хабарламалар үшін).

2026 ЖЫЛҒЫ НЕГІЗГІ ҰБТ-ҒА ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ 11 СӘУІРДЕ БАСТАЛАДЫ

 Негізгі ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 11-25 сәуір аралығында жүзеге асырылады. Осы кезеңде талапкерлерге негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең жоғары нәтижесімен грант конкурсына қатысу мүмкіндігі беріледі. 11-16 сәуір аралығында өтінішті бір рет, ал 17-25 сәуір аралығында қалауы бойынша екінші рет бере алады. Тестілеудің өзі 10 мамыр мен 10 шілде аралығында өтеді.  

Толығырақ: www.gov.kz


ҚҰРМЕТТІ КОЛЛЕДЖ ТҮЛЕКТЕРІ!

Сіздерге 2019 жылдан бастап барлық колледж түлегі ҰБТ тапсыратынын тағы да еске саламыз. КТА деген тестілеу жоқ.

Негізгі ҰБТ-ға өтініш беру 2026 жылғы 11-25 сәуір аралығында www.app.testcenter.kz сайты және UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі.
МАҢЫЗДЫ (осы күндерді жаттап алыңыздар):
11-16 сәуір аралығында ҰБТ-ға бір рет өтініш беру;
17-25 сәуір аралығында бір немесе екі рет өтініш беру қолжетімді болады.

ҰБТ өткізу мерзімі: 2026 жылғы 10 мамыр – 10 шілде. Сіздер үшін таңдауға 6 күн ұсынылады (орын жетіспеген жағдайда қосымша күндер қосылуы мүмкін):
✔️ 25 мамыр;
✔️ 2 маусым;
✔️ 5 маусым;
✔️ 9 маусым;
✔️ 12 маусым;
✔️ 15 маусым.

Тестіленушілер ҰБТ-ға өтініш беру кезінде ұсынылған тестілеудің өту ПУНКТІН, КҮНІН және УАҚЫТЫН өздері таңдайды.

ҰБТ-ға қатысу құны – 5 640 теңге (1 мүмкіндік).

Естеріңізге сала кетейік, аталған кезеңде сіз тестілеуді 2 рет тапсырып, екі сертификатыңыздың біреуімен (өз қалауыңызша) білім беру грантын тағайындау конкурсына қатыса аласыз.



ҚҰРМЕТТІ ҰЛТЫ ҚАЗАҚ ШЕТЕЛ АЗАМАТТАРЫ (ҚАНДАСТАР)!

Негізгі ҰБТ-ға өтініш беру 2026 жылғы 11-25 сәуір аралығында www.app.testcenter.kz сайты және UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі.
МАҢЫЗДЫ (осы күндерді жаттап алыңыздар):
11-16 сәуір аралығында ҰБТ-ға бір рет өтініш беру;
17-25 сәуір аралығында бір немесе екі рет өтініш беру қолжетімді болады.

ҰБТ өткізу мерзімі: 2026 жылғы 10 мамыр – 10 шілде. Сіздер үшін таңдауға 6 күн ұсынылады (орын жетіспеген жағдайда қосымша күндер қосылуы мүмкін):
✔️ 25 мамыр;
✔️ 2 маусым;
✔️ 5 маусым;
✔️ 9 маусым;
✔️ 12 маусым;
✔️ 15 маусым.

Тестіленушілер ҰБТ-ға өтініш беру кезінде ұсынылған тестілеудің өту ПУНКТІН, КҮНІН және УАҚЫТЫН өздері таңдайды.

ҰБТ-ға қатысу құны – 5 640 теңге (1 мүмкіндік).

Естеріңізге сала кетейік, аталған кезеңде сіз тестілеуді 2 рет тапсырып, екі сертификатыңыздың біреуімен (өз қалауыңызша) білім беру грантын тағайындау конкурсына қатыса аласыз.


Білім беру бағдарламалары бойынша шығармашылық емтихан талаптары

ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ:

1. Университет ректорының атына өтініш;
2. Жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім туралы құжат (түпнұсқа);
3. Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
4. 3х4 сантиметр көлеміндегі 6 дана фотосурет;
5. № 075-У нысанындағы медициналық анықтама (түпнұсқа) және флюорографияның кескіні (түпнұсқа), 065-У нысаны (профилактикалық екпе картасы-түпнұсқа және көшірме); Психоневрологиялық (https://egov.kz/cms/kk/services/health_care/2F161_mzsr)
және наркологиялық ұйымнан анықтамалар (https://egov.kz/cms/kk/services/health_care/2Fpassport);
6. 2026 жылғы ҰБТ сертификаты;
7. Әскерге шақыру жасындағы жасөспірімдерге арналған тіркеу куәлігі немесе eGov қосымшасындағы скриншот;
8. Қағаз байланыстырғыш 1 дана, 10 файл, А5 форматындағы конверт 1 дана (суреттер үшін);
9. Дипломдар, сертификаттар болған жағдайда (соңғы 3 жылдағы);
10. Жеңілдіктерді растайтын құжаттар.

Құжаттардың түпнұсқасы ұсынылмаған немесе жалған құжаттар анықталған жағдайда, жарамсыз болып табылады.

18 жасқа толмаған талапкерлер заңды өкілдерінің қатысуынсыз немесе олардың рұқсатынсыз ресми құжаттарды өз бетінше тапсыра алмайды.

ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2026 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.