Жоспарлау-экономикалық бөлімі «Қазақ ұлттық өнер университеті» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлім Университет қызметін қаржылық-экономикалық реттеу мақсатында құрылған.
Бөлім өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Университет Жарғысын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Бөлім құрылымы және бөлім қызметкерлерінің штат саны Университеттің Жарғысында және басқа актілерінде белгіленген тәртіппен бекітілген штат құрылымына сәйкес құрылған.
Республикалық бюджет қаражаты бойынша шығыстардың жылдық және ұзақ мерзімді бюджетін, сондай-ақ кіріс әкелетін, рұқсат етілген қызметтен (бюджеттен тыс қаражаттан) алынған қаражат бойынша кірістер мен шығыстардың жылдық бюджетін қалыптастыру.
1. 2025-2027 жж. бюджеттік өтінімнің жоспарлы жобасын жасау үшін бастапқы деректерді дайындау; (Үкімет қаулыларымен белгіленген нормаларға сәйкес).
2. Университеттің құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп республикалық бюджет қаражаты бойынша шығыстарды, сондай-ақ кіріс әкелетін қаражат, алынған (бюджеттен тыс қаражат) рұқсат етілген қызмет бойынша кірістер мен шығыстардың жылдық бюджетін қалыптастыру.
3. Ақылы білім беру қызметтерін көрсетуден түсетін қаражатты талдауды, есепке алуды және бөлуді жүзеге асыру.
4. Университет көрсететін білім беру және өзге де қызметтерге белгіленген тәртіппен сметаларды әзірлеу және бекіту.
5. Қаржы-шаруашылық қызмет жоспарының орындалуына мониторингті, талдауды және бақылауды жүзеге асыру.
6. Профессорлық-оқытушылар құрамының (ПОҚ) тарифтеу тізімдерін қалыптастыру және бекіту.
7. Бюджет және бюджеттен тыс қаражат есебінен бекітілген құрылым негізінде Университеттің тиісті бөлімшелерімен бірлесіп штат кестесін әзірлеу.
8. Ақылы білім беру және өзге де қызметтерге бағалар прейскурантын белгіленген тәртіппен қалыптастыру.
Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.
Copyrights © 2024 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.