УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Факультеттер

«Эстрада өнері» кафедрасы


«Эстрада өнері» кафедрасы 2003 жылы құрылған. Алғашқы үш жыл көлемінде «Актерлық өнер және режиссура» факультетінде секция ретінде жұмыс барысын атқарды. Кафедра меңгерушісі қызметін профессор, Халықаралық конкурстардың лауреаты, Халықаралық джаз ассоциациясының құрметті мүшесі (АҚШ) Гульдана Базылхановна Жолымбетова атқарды. 2011 жылдан 2017 жыл аралығында кафедра меңгерушісі «Мәдениет қайраткері», профессор Майра Тұрлыбекқызы Даулетбақ.

Кафедраның құрылған алғашқы күнінен бастап оқытушылар: Е.Г. Коробейникова (эстрадалық вокал сыныбы), профессор В.А. Шевченко (музыкалық-теориялық пәндер), А.Р. Аблаев (оркестр сыныбы) сынды кәсіби шеберлер ұстаздық жасады.


2017 – 2018 оқу жылында «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» Жеңіс Ермағанбетқызы Искакова. 2018 – 2022 оқу жылдары Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі, профессор Самидинова Багдат Самидиновна кафедра меңгерушісі. Қазіргі таңда кафедра меңгерушісі қызметінде ҚР Мәдениет қайраткері, доцент Джулдиева Ольга Ивановна.

«Эстрада өнері» кафедрасының студенттері мен ПОҚ құрамы: «Легенды джаза», «Корифеи джаза», «Звезды джаза», «Женщины в джазе», «Ретро - джаз», «Песни о любви», «Итальяский вояж», «Чикаго» мюзиклынан үзінділер сынды көптеген эстрадалық және джаз концерттерін және т.б. өткізіп тұруда.

Қазіргі таңда кафедра «В021 Орындаушылық өнер – Эстрада өнері» мамандығы аясында «Эстрада вокалисі», «Эстрада оркестрінің артисі» және «Эстрада композиторы, әрлендіруші» сынды 3 мамандық бойынша жұмыс жүргізілуде.

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Александр Рефатович Аблаев кафедрада құрылған биг – бендтің алғашқы жетекшісі қызметін атқарды. Студенттік биг-бэнд – «Астана – Блюз I», «Астана – Блюз II», Халықаралық «Актобе-Джаз» байқауы (І орын), «Джаз-Богема» және т.б. сынды беделді Халықаралық джаз фестивальдерінің лауреаты және алтын медальдарының иегері. Студенттік бағдарламасына классикалық джаз шығармалары, заманауи джаз комбинациялары, қазақ музыка фольклорына негізделген шығармалар кіреді.

Өзінің шығармаларының ноталарын жіберген американдық композитор Джим Мартин студенттік биг-бендпен ынтымақтастықта болды. Джим Мартинның барлық джаз шығармалары концерттер мен джаз фестивальдарда сәтті орындалды. Студенттік биг-бенд шетелдік джаз музыканттарымен бірнеше рет сәтті өнер көрсетті, ал олар өз кезегінде оркестрдің шеберлігін жоғары бағалады (Рори Стюарт және Ари Хоунинг – АҚШ, Игорь Бутман және Александр Осейчук – Ресей). 2010 жылдың сәуірінде биг-бенд АҚШ-тың Вашингтон, Нью-Йорк және Лос-Анджелес қалаларында өткен Қазақстан мәдениеті фестивалінде сәтті өнер көрсетті.

Кафедрада негізінен заманауи джаз музыкасын орындайтын бірнеше аспаптық ансамбльдер ұйымдастырылған. Ансамбльдердің түрлі құрамдары Батырхан Шүкенов атындағы ІІ Республикалық үрлемелі аспаптар байқауы, «Jazz-Bomond 2021» Халықаралық фестивалі, «5В040800 Эстрада өнері – эстрада оркестрінің артисі» мамандығы бойынша XIV Республикалық пәндік олимпиада сынды беделді байқаулардың лауреаттары атанды.

Кафедра түлектерінің арасында Халықаралық және республикалық байқаулардың, сондай-ақ, джаз фестивальдері мен «Х-FACTOR», «Қазақстан дауысы», «Голос-Россия», «Топжарған», «Жас Қанат» сынды тележобалардың лауреаттары мен дипломанттары бар. Әсіресе, вокалисттер: Құдайбергенов Дінмұхаммед – «Витебскідегі Славян базары-2015» Халықаралық өнер фестивалінің Гран-при иегері, «Халық сүйіктісі» ұлттық сыйлығының лауреаты, «Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға қосқан лайықты үлесі үшін» ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған, Халықаралық «ABU TV song» фестивалінің қатысушысы, Қытайдағы «Singer-2017» байқауының жеңімпаздарының бірі (екінші орын), ҚР Еңбек сіңірген қайраткері. Жугунусов Рустем – Сочи қаласында өткен «Новая Волна – 2017» танымал музыканы орындайтын жас әншілер байқауының «Көрермен көзайымы сыйлығының» иегері. Гүлсім Мырзабекова – «Формат» тобының солисті, «QAZAQSTAN» ОКЗ солисті. Айтбаева Лаура – «Қазақстан дауысы» жеңімпазы. Хайролда Мұратбек – Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, Нұрбол Балапанов, Диана Май, Кульаим Каирбаева, Нурсултан Карабалиев, Орынбасар Абуов – қазіргі уақытта АҚШ-та өзінің музыкалық шығармашылығын жалғастыруда, Ахмет Султан, Манарбек Жұматай (Mona Songs), Бахтияр Акылбек, Александра Самарина және т.б. – бүгінде Нұр-Сұлтан қаласының Мемлекеттік филармониясы, Президенттік оркестр, ҚР Қорғаныс министрлігінің оркестрі, «QAZAQSTAN» ОКЗ және т.б. көптеген басқа бағыттарда жемісті еңбек етіп келеді. Сондай-ақ, біздің түлектер ҚазҰӨУ колледжі мен мектебінде эстрадалық вокал мамандық мұғалімі қызметінде жұмыс жасауда.

Қазіргі таңда «Витебскідегі Славян базары-2021» Халықаралық өнер фестивалінде Гран-при иегері Рухия Байдукенова, Дидар Әбдухалық, Мирас Жугунусов, Дильнура Биржанова, Луиза Нуркуатова – «Витебскідегі балалар Славян базары-2015» Халықаралық өнер фестивалінде Гран-при иегері, Анель Смаилова – «Назар» тобының солисті, Данияр Жулбарисов – телевизиялық шоу «Х-Фактор» 5 маусымының финалисті және т.б.

Аспапта орындаушылар: Арман Алпысбаев – Халықаралық және республикалық джаз байқауларында солист және ансамбль мүшесі ретінде лауреат.

Қазіргі таңда ҚазҰӨУ түлегі, Гнесиндер атындағы РМА магистрі Жандилдин Ч.Б. (саксофон және ансамбль сыныбы), аға оқытушы Шевченко Ю.Ю. (ұрмалы және соқпалы аспаптар және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі), аға оқытушы Асакаев А.Ю. (электрогитара сыныбы), оқытушы Абдураимов Т.А.  (тромбон сыныбы және тектес аспап), Джулдиев А.А. (оркестр, ансамбль және вокалисттермен биг-бенд), ҚР Мәдениет қайраткері, доцент Джулдиева О.И.  (джаз фортепианосы, тектес аспап), «Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі», профессор Б.С.Самидинова (магистратура және бакалавриат бойынша эстрадалық вокал сыныбы және әдістеме), «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», профессор Жұмағалиев С.  (эстрадалық вокал сыныбы), аға оқытушы Воловикова И.Н. (эстрадалық вокал сыныбы, джаздық стандарттар және дауыс гигиенасы), өнер магистрі, аға оқытушы Рыскулов К.Т.  (эстрадалық вокал сыныбы, әдістеме, практика, ғылыми зертту негіздері), оқытушы Мухамедиярова А.М.  (эстрадалық вокал сыныбы), А. Бахтиярқызы (эстрадалық вокал сыныбы), М. Айтімбай (эстрадалық вокал сыныбы), аға оқытушы, Украинаның эстрадалық өнер әртісі Мирошниченко А.Н. (вокалдық-аспаптық ансамбль, ансамбль, аспаптану), оқытушы Поваляшко А.В. (бас-гитара сыныбы), оқытушы Акылбекова А.А. (эстрадалық вокал сыныбы, практика және ансамбль) сынды кәсіби мамандар жұмыс атқарады.

faculty/1/kaf_data/13/pers.jpg

Джулдиева
Ольга Ивановна

Лауазымы: доцент
Жалпы және ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі: 30 жыл
Жасы: 51
Негізгі мамандығы (мамандығы, оқуды бітірген жылы): Кұрманғазы атындағы АМК; «Фортепиано» мамандығы, 1996 ж.
Мемлекеттік наградалары мен атағы (берілген жылы):

  • ҚР Мәдениет қайраткері (2011 ж.)
  • ҚР Президентінен Алғыс хат (желтоқсан 2017 ж.)
  • ҚР Президентінен Алғыс хат (желтоқсан 2020 ж.)

Біліктілікті арттыру курстары (кейінгі 5 жылда):

  • «Өнер педагогикасы» біліктілкті жоғарылату курстары, 72 сағат, №0000059. ҚазҰӨУ, 19-30.11.2018 ж.
  • Certificate of Attendance, 72-hour in «Innovative Educational Technologies and Didactic Models», 15.06.2020-27.06.2020, Нұр-Сұлтан қ., №331
  • Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА, «Эстрада өнері/Эстрада оркестрінің артисі» Білім беру бағдарламасы бойынша Біліктілікті жоғарылату курсының сертификаты, 01-07 ақпан 2022 ж., 36 сағат, №19.

Ғылыми басылымдар (кейінгі 5 жылда):

  • Джаздың ХХ ғасырдағы өнерге ықпалы // «Х Боранбаев оқулары:

Қашықтықтан оқыту жағдайында көркемдік білім берудің үздіксіз жүйесінің даму ерекшеліктері», Нұр-Сұлтан, 2021 ж.
Шығармашылық жетістіктері (кейінгі 5 жылда):

  • «February jazz-2020» - джаз байқауының төрағасы.
  • ҚазҰӨУ колледжінің Мемлекеттік аттестациялық комиссия төрағасы, 2021 ж.
  • Халықаралық байқау – Гран-при (STAR THE ROME), 2021 ж.
  • Студент Алпысбаев А., Халықаралық байқау – Гран-при (EURASIAN PIANO FORUM), 2021 ж.
  • Студент Алпысбаев А., Халықаралық байқау – ІІ орын (RENDEZ VOUS A PARIS), 2021 ж.
  • «Формат» тобының жеке концертінде өнер көрсету, желтоқсан 2017 ж. (концерт ұлттық арналарда жүргізілді)
  • «Формат» тобының жеке концертінде өнер көрсету, Алматы қ., Астана алаңы, қыркүйек 2018 ж. (концерт Қазақстан телеканалында жүргізілді)
  • «Қайырлы кеш» шоу бағдарламасында өнер көрсету, «Формат» тобы, сәуір 2019 ж.
  • Гүлсім Мырзабековамен «Жекпе-жек» жобасында өнер көрсету, жобадағы Гран-при, маусым 2020 ж.
  • «Қазақстан» телеканалында бағдарламалар – «Golden Hit», «Кеш жарық, Казахстан» жобалары – тамыз 2020 ж. және сәуір 2021 ж. Аралығынад 5 бағдарлама.
  • Маржан Арапбаева және Гүлсім Мырзабековамен бірлескен онлайн концерттер (YouTube канал), мамыр 2020 ж.
  • Лауреаттар жетекшісі – «Джаз Бомонд-2021» Халықаралық Джаз фестивалінде джаз триосы, қараша 2021 ж.
  • Лауреаттар жетекшісі – Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА өткізген Республикалық пәндік олимпиадада джаз триосы, наурыз 2022 ж.
  • ЭКСПО – «Формат» тобының жеке концерті, Нұр-Сұлтан қ., шілде 2022 ж.
  • Алпысбаев А. және Абдиев А. студенттері – «Шабыт» шығармашыл жастрадың XXV Халықаралық байқауы, 17-21 қазан 2022 ж., Астана қ.
  • «Шабыт» шығармашыл жастрадың XXV Халықаралық байқауында «Эстрадалық ән салу» және «Эстрадалық музыкалық аспаптары» номинацияларында әділқазы мүшесі, 17-21 қазан 2022 ж., Астана қ.
Бакалавр
6B02181 - Эстрада өнері - Эстрада вокалисі БББ 2019
БББ 2022
БББ 2023
6B02182 - Эстрада өнері - Эстрада оркестрінің артисі БББ 2019
БББ 2023
6B02183 - Эстрада өнері - Эстрада композиторы, дыбыс өңдеуші
МАгистр
7М02181 - Эстрада өнері - Эстрада вокалисі БББ 2022
БББ 2023

ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2024 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.