Қазақ ұлттық музыка академиясы құрылған кезден (1998 жылғы 31 наурыз) бастап 2009 жылғы 2 қазанда Қазақ ұлттық өнер университеті болып қайта ұйымдастырылғанға дейін «Жеке ән айту» (меңгерушілері: К.Т.Мыржықбай, Р.Р.Тленчиева, К.Н.Омарбаев) және «Хор дирижерлеу» (меңгерушісі: Г.К.Куттыбадамова) кафедралары Вокалдық-хор факультетінің құрамында болды.
Факультет декандары: профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі К.Н.Омарбаев; доцент С.К.Кожамқұлова; профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Б.Б.Курмангожаев. 2010 жылдан бастап кафедра «Музыка» факультетінің құрамына енді (декандары – П.Ш.Шегебаев, А.А.Сметова, Д.В.Останькович).
Мамандықтардың бірігуі кафедраның атауының өзгеруіне алып келді: 2010–2016 жылдары кафедра «Вокалдық өнер және хор дирижерлеу», 2016 жылдан бастап «Вокалдық өнер және дирижерлеу» деп аталды. Кафедра меңгерушілері: 2011–2012 жылдары – Татарстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, доцент Х.Х.Абулханова; 2012–2017 жылдары – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қауымдастырылған профессор А.К.Желтыргузов; 2017 жылдан бастап – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, профессор Ш.К.Әбілов; 2019 жылдан бастап кафедра «Вокалдық өнер» атауын алды. 2019–2021 жылдары кафедраны Қазақстанның мәдениет қайраткері, доцент Д.Қабыкеева басқарды; 2021–2024 жылдары – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің кавалері Т.М.Мусабаев; 2024–2025 жылдары – Қазақстанның мәдениет қайраткері, доцент Д.Қабыкеева.
«Вокалдық өнер» мамандығының профессор-оқытушылар құрамы орындаушылық және педагогикалық тәжірибесі мол, жоғары білікті мамандардан тұрады: Қазақстанның халық әртісі, профессор Х.И.Калиламбекова; Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, профессор К.Н.Омарбаев; доцент Т.Н.Руднева; Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, профессор Г.М.Хамзина; мәдениет қайраткері, доцент Д.Ш.Қабыкеева; доцент Б.У.Жүсіпова; Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері: профессор А.К.Желтыргузов, доцент Ж.Б.Шыбыкбаев, профессор Т.М.Мусабаев, профессор К.М.Асамбаев, доцент Б.Ж.Жанұзақ, доцент Ж.Б.Габдуллина, аға оқытушы М.Ш.Тойкенов, доцент Т.В.Хасьянова, оқытушылар М.М.Чотабаев, «Құрмет» орденінің кавалері Р.Т.Баймурзин. Қазіргі уақытта кафедрада жас педагогтар еңбек етуде: аға оқытушылар Ю.В.Толочко, А.К.Избамбетов, Ж.П.Есанова, А.М.Ергарина, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, оқытушы А.Б.Мәлік, оқытушылар Р.Д.Тишбаев және Ұ.М.Қабылқайыр.
Қазіргі вокалистерді тәрбиелеуге зор үлес қосқан тұлғалар: Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, еңбек сіңірген қайраткері, профессор А.А.Оспанова; Татарстан Республикасының мәдениет қайраткері Х.Х.Абулханова; мәдениет қайраткері, аға оқытушы К.А.Абдықадыр; мәдениет қайраткері, аға оқытушы С.К.Козлов.
Кафедраның оқытушылары мен студенттері халықаралық және республикалық байқаулар мен фестивальдердің лауреаттары мен дипломанттары болып табылады: «Шабыт–Inspiration», «Очарование романсом», «Янтарный соловей», «Bella voce», «Большая Опера»; Б.Төлегенова, Ш.Қалдаяқов, Н.Сәбитов, М.Глинка, М.Хелин, П.Лисициан, С.Монюшко, М.Биешу, П.И.Чайковский атындағы вокалистер конкурстары және басқа да байқаулар (Ю.Лобынцева, М.Низаметдинов, А.Шатило, Т.Низамеев, Е.Чайников, Б.Жанұзақ, А.Ниязова, Н.Мизюк, А.Желтыргузов, С.Ахметова, С.Тасбергенова, А.Избамбетов, Г.Жазитова, Р.Баликишиев, А.Мәлік, Ш.Тыныштық, Н.Сағынтай, А.Аманжолова, А.Әбілда, Ұ.Аубакирова, Г.Алдадосова, Ф.Рахметова, Т.Аллабиринов, Д.Мұсаева және басқалар). Түлектердің қатарында «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының, Қазақстан мемлекеттік филармонияларының солистері, сондай-ақ республика колледждері мен балалар музыка мектептерінің оқытушылары бар.
«Вокалдық өнер» мамандығының түлектерінің шығармашылық жетістіктері Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан жоғары бағаланған: олардың ішінде жеті Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – А.Ниязова, С.Байғожин, А.Желтыргузов, Т.Хасьянова, Б.Жанұзақ, С.Ахметова, Ж.Жарқынбаева; екі мәдениет қайраткері – Д.Қабыкеева және Б.Жүсіпова; «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары – Н.Мизюк, А.Желтыргузов, А.Мәлік; «Құрмет» орденінің иегері – А.Капонова; Тұңғыш Президент Қорының стипендианттары – А.Мәлік, А.Әбілда, Н.Сағынтай, А.Аманжолова, С.Бақытжан, Г.Алдадосова, Р.Тишбаев, Т.Аллабиринов, А.Молдағаинова, Б.Әліш, А.Асқар, Н.Тапиев, М.Әбді, Б.Қуаныш.
Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, шығармашылық және тәрбиелік бағыттар бойынша жемісті еңбек етуде. Халықаралық, республикалық және университеттік ғылыми-тәжірибелік конференцияларға белсенді қатысып, ғылыми және оқу-әдістемелік әдебиеттер, оқу құралдары, хрестоматиялық жинақтар, ғылыми мақалалар жариялайды, жаңа элективті курстар әзірлейді, инновациялық оқыту әдістерін енгізеді, мастер-кластар, дәрістер, семинарлар, ашық сабақтар өткізеді, халықаралық, республикалық, өңірлік және қалалық конкурстардың қазылар алқасының жұмысына қатысады, республика колледждері арасында кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізеді.
Профессор-оқытушылар құрамының кәсіби дамуы мен біліктілігін арттыруға шетелдік және отандық ғылыми орталықтарда тағылымдамадан өту, халықаралық және республикалық семинарлар, курстар, тренингтерге қатысу, сондай-ақ Қазақстан, жақын және алыс шетелдердің жетекші ғалымдарымен тәжірибе алмасу ықпал етеді.